(сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру)
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Қызығушылығын ояту:
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құстар класы
Құстардың сыртқы құрылысын көк кептерді мысалға алып қарастырайық.
Жорғалаушылардың денесі сияқты бас, мойын, тұлға және аяқтар болып бөлінеді.
Тұмсығы екі бөлімнен тұрады: үстіңгісі- тұмсықүсті, астыңғысы-тұмсықасты.
Тұмсықүстінің түбінен танау тесігі ашылады. Бастың екі жағында дөңгелек көздері бар, көздің артқы қиығын ала, төмендеу, қауырсындармен көлегейленген құлақ тесігі жатады.
Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз.
Тек кейбір құстарда ғана қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады.
Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар жатады.
Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі-қаламша. Мүйізді өзегі-сояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер-пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан құралады.
Құстардың қаңқасы.
Құстардың қаңқасы.
Ас қорыту мүшелері
Ас қорыту мүшелері
Кептердің тұмсығын ашалық: құстарда тіс болмайды, біз оның ауызынан ұшы мүйізденген өткір, қысқа тілді көреміз. Құстардың қарны безді және бұлшықетті болып екі бөлімнен тұрады. Қарынның безді бөлімінде жем асқорыту сөліне шыланады. Қарындағы бұлшықет күшті дамыған.
Қосмекенділер мен жорғалаушылардағы сияқты құстардың артқы ішегі кеңейіп, клоакамен аяқталады, оған несеп жолы мен көбею мүшелерінің сыртқа шығу жолдары ашылады.
Астың тез қорытылып, ішектің тез босап отыруы құсты денесіндегі қажетсіз артық салмақтан құтқарады.
Салмағының аз болуы-жақсы ұшудың маңызды шарты.
Тыныс алу мүшелері
Қауырсындар құстардың ұшуына жағдай жасайды әрі денесіндегі жылуды реттейді.Құстардың тыныс жүйесінде ұшуға бейімделген белгілері айқын байқалады. Сыртқы танау тесіктері –жұтқыншақпен, ол көмекей арқылы кеңірдекпен байланысады. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамында,ғы оттегіне қан екі рет қанығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосалы тынысалу деп атайды.
Қан айналым мүшелері
Құстардың жүрегі төрт камералы: екі құлақша және екі қарынша болып бөлінеді. Жүректің сол жақ жартысында артерия қаны, оң жағында вена қаны болады.
Артерия қаны оттегімен толық қаныққан.
Құстардың барлығы-жылы қанды хайуанаттар. Кептердің дене температурасы +43,5.
Құстардың нерв жүйесі және сезім мүшелері.
Құстардың нерв жүйесі және сезім мүшелері.
Құстардың алдыңғы үлкен ми сыңарлары мен мишығы күшті жетілген.
Құстардың мінез-қылығының өте күрделі болуына байланысты үлкен ми сыңарлары дамыған.
Ұшуға бейім және күрделі де алуан түрлі қозғалыстар жасайтын құстардың тіршілігінде мишықтың атқаратын рөлі өте зор.
Сезім мүшелері.
Сезім мүшелері.
Құстар өте жақсы көре алатындығымен ерекшеленеді. Мысалы, шалғында ұшып жүрген қыран шөп арасында жүгіріп жүрген тышқанды көріп қояды.
Құстар дыбысқа өте сақ. Олар қауіптен сақтандыратын ең әлсіз дыбысты да сезіп қояды.
Құстардың иіс сезімі нашар дамыған.
Құс жұмыртқасының құрылысы.
Құс жұмыртқасының құрылысы.
Аналық безде жетілген жұмыртқажасушасының сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқажасуша жұмыртқажолға түсіп, ұрықтанады. Жұмыртқажолдың қабырғасындағы бездерден бөлінген қалың нәруызды және өзге де қабықтармен жұмыртқажасушаның сырты әкқабықпен қапталады. Ондай жұмыртқажасуша сарыуызының жоғарғы шетінде ұрық табақшасы болады. Ол ашық түсті дақ тәрізді болып көрінеді. Саруыз қабығының төменгі бөлігі ауыр болғандықтан ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігінде жатады. Сарыуыз құрамында ұрықтың дамуына қажетті коректік заттар мен су мол болады.
Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабығы жұқа екі қабаттан тұратын қабықпен қапталған. Жұмыртқаның доғал ұшында бұл екі қабықтың арасы ауа қуысын құрайды.
Бекіту:
Бекіту:
1-топ:
Деңгейлік тапсырмалар
А.
1.Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді? 2.Құстардың қарынының қандай құрылыс ерекшелігі бар? 3.Ауа қапшықтары деген не?
В.
1.Терінің қосалқы бөлімдерін атаңдар? 2.Құс қаңқасының өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? Құстардың қантарату жүйесінде жорғалаушылардан қандай айырмашылық бар?
С.
1.Құстардың тынысалу ерекшелігін сипаттаңдар. 2.Құс жұмыртқасының құрылысы қандай? 3.Құстардың асқорыту жүйесінде өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
Үй құстарының ішіндегі ұзақ өмір сүретін қаз. Ол 25ж өмір сүре алады.
Құстардың ішіндегі ең көп тарағаны әлемге ол үй тауығы. Екінші орында торғайлар.
Құстардың ішіндегі ең суға қатты терең сүгігіші император пингвиндері. Кішігірім тобы 1969ж 265м тереңдікке дейін сүңгіген. Бір пингвин осы кезде су астында 18 минут бойы болған.
Құстың жүрегі минутына 400 рет соғады екен. Демалып отырған кезде. Ал ұшқанда жүрек соғысы арта түседі. Көк төсінде қанат қаққанда кейбір құстардың жүрегі минутына 1000 рет соғуы мүмкін.
Жаңа Гвинеяда жер бетіндегі жалғыз улы құс тіршілік етеді. Ол – екітүсті шыбыншы торғай. Бұл құстың улы болатын жөні де бар екен. Себебі, шыбыншы тек улы жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан, өте улы. У оның терісінде, жүнінде болады. Егер алда-жалда адамның қолы тисе, күйік шалғандай күлдіреп қалады. Ал ұсақ жәндіктер шыбыншыға тиіп кетсе сеспей қатады екен.
Құртақандай құс – колибри әрбір 10 минут сайын тамақтанады. Ол бір күнде өз салмағынан екі есе ауыр гүл шырынын қорек етеді екен. Колибридің тағы бір ерекшелігі бар. Ол – артқа ұша алатын жалғыз құс.
Арғы-бергі тарихтағы әскери марапатқа ие болған жалғыз құс – Шер Ами есімді көгершін. Ол бірінші дүниежүзілік соғыста хат тасып, пошташы міндетін атқарған екен. Сөйтіп жүріп, ауыр жараланған. Бір көз, бір аяғынан айырылған. Франция елі оның ерен ерлігін бағалап, жауынгерлік медальмен марапаттапты.