Алғашқы құрлық жәндіктері өрмекшітәріздестердің морфологиясы
Өрмекшітәрізділер
Өрмекші тәрізділер (лат. Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі – бас көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде (Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді.
Өрмекшітәрізділер дүниежүзінің түкпір-түкпіріне таралған, алайда олар көлемдерінің үлкендігі мен әртүрлілігіне қарай тек жылы және тропиктік аймақтарда ғана бар. Өрмекшілер – өрмекшітәрізділердің ең көп таралған түрінің бірі. Олар жер бетіндегі барлық мекен ету ортасында тіршілік етеді. Өрмекшілердің кейбір түрлері мұхит жағалауын, жартастар мен маржан саңылауларын мекен етеді. Әлемдегі кейбір үлкен өрмекшілер тропиктік елдерде ит тұмсығы өтпейтін ну жынысты бамбук, бұта басқан сазды, шалшықты жерлер мен шөлді далаларда кездеседі.
Морфологиясы
Бас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар). Бас – көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ – қолдардың бірінші жұбы хелицералылар қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ сияқты болып біткен мүшелік (членик) алу, яки ең сезімі мүшесінің жұмысын атқарады. Бұл - пелипальпалар (pedipalpus). Бас көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
Өрмекші тәрізділердің денесінің артқы бөлімі – құрсағы - әдетте сегменттелген. Құрсақта аяқ-қолдардың рудименттері де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы жағында, екінші сегментте, сыңар жыныс тесігі жатады.
Өрмекшінің сыртқы жамылғысы әдетте хитинді кутикуладан және оны астарлап жатқан клеткалар құрылысты гиподермадан тұрады. Сыртқы жамылғының астында бұлшық ет қабаты жатады, бұл қабат түрлі бағытта кеткен ет талшықтарынан құралады. Өрмекшінің денесі жұмыртқа пішіндес келген екі бөлімнен құралады. Екі бөлімнің арасындағы байланыстырып тұрған жіңішке сабақша құрсақтың алдыңғы жақтағы ең шеткі ұшы болып табылады: ол құрсақтың бірінші сегментіне сәйкес келеді.