Дәріс «Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы»



Дата07.02.2022
өлшемі162,5 Kb.
#90035
Байланысты:
Дәріс 1


Дәріс 1. «Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мазмұны және міндеттері. Анализатор тұралы түсінік

Жоспар


  1. Бұл пән нені оқытады, пәннің мақсаты мен міндеттері

  2. Талдағыштар туралы түсінік

Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Арнаулы балалар үйлерінде негізінде жиі кездесетін патология әртүрлі көру, есту және сөйлеу кемістіктері болып табылады. Осы тұрғыдағы балаларды арнайы оқытып, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру - бұл күрделі педагогикалық арнайы процесс. Мұндай арнайы ұйымдастырылған процесстер арқылы есту қабілетінің қалдығын дамытуға, сөйлеу мүмкіндігін дамытып, түзетуге, нашар көретін, соқыр балаларды оқытуға көмектеседі. Ал дефектолог- педагог үшін мұның себептерін ашып, кемістіктердің әры қарай дамуына тосқауыл жасап, клиникалық көмек көрсетулеріне мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда дефектологтардың оқуға тиіс пәндерінің негізгісі «Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәні болып табылады. Сондықтан да сезім мүшелерінің анатомиясын және физиологиясын толық білмей, патологияның түрлерін ұғыну мүмкін емес.
Көру, есту және сейлеу мүшелерінің патологиясының себептерін оқып, білу осы кемістіктерді дүрыс түзетуге және уақтысында профилактикалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
«Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» курсын оқытудың мақсаты студенттерді осы ғылымның қазіргі жағдайымен таныстырып, оның негізгі практикалық әдістеріне үйрету, осындай әртүрлі кемістіктерді туғызатын себептерін, клиникалық ерекшеліктерін, диагностикалық әдістерін және осы ауруларды реабилитациялауды окыту.
Талдағыш (анализатор) туралы түсінік.
Тірі организм үнемі өзінен сыртқы ортадағы, организм ішіндегі болатын және дененің барлык бөлігіндегі өзгерістерден хабар алып тұрады. Бұл организмдегі талдағыш немесе анализаторлар деп аталатын күрылымдар арқылы іске асады.
Талдағыш (анализатор) дегеніміз — сыртқы ортадан тітіркендірулерді қабылдауды ұйымдастыратын, тітіркендіру энергияларын жүйке импульстеріне айналдыратын, жүйке импульстерін ми қыртысындағы тиісті нерв орталықтарына тасымалдап, осы түскен хабарлардың анализін жасаушылар.
Талдағыш туралы білімді жасаушы - көрнекті ғалым-физиолог И.П.Павлов. Талдағыштардың кұрамына жатады:

  • Сезу мүшесі - перифериялык (рецепторлык, шеткі) бөлігі

  • Жүйке импульстерін жүйке орталыктарына жеткізуші афференттік жолдар - ортаңғы бөлігі

  • Ми кыртысы (орталык бөлігі) - нерв қоздырғыштарын қабылдап және талдаушы ми қыртысының аймағы.

Сезім мүшелеріне сәйкес көру, есту, вестибулярлык, иіс сезу, дәм сезу және соматосенсорлық талдағыштар болады. Барлык талдағыштар екі түрге бөлінеді. Сьтрткы ортаның анализі мен синтезін жасаушы талдағыштарды сырткы немесе экстерорецептивті талдағыштар деп атайды. Ал организмнің ішінде болатын кұбылыстарды талдаушы талдағыштарды ішкі немесе интерорецептивті деп атайды.
Сондықтан сыртқы немесе ішкі тітіркеністерді қабылдайтын рецепторларды экстерорецепторлар, интерорецепторлар және проприорецепторлар деп бөледі. Экстерорецепторлар сырттан келетін тітіркеністерді кабылдайды, интерорецепторлар ішкі тітіркеністерді сезінеді, ал буын, сіңір жөне бұлшық еттерден келетін тітіркеністерді кабылдайтын — проприорецепторлар.
Рецепторлардың сыртқы және ішкі ортадан болған әсерлерді ерекше сезіну кабілеті бар. Рецепторларға ерекше тән касиет ол коздырғыштарға сәйкес жоғарғы дәрежеде козу, козудың бүл түрін адекваттык козу деп атайды. Адекваттық коздырғыштардың іске косылуы белгілі бір сезім мүшесің тітіркендіріп, сезінуін камтамасыз етеді. Адекваттык коздырғыштарды кабылдаушы рецепторлар эволюция жүйесінде пайда болды. Олар белгілі бір мүшеде жинақталған. Бұл органда рецепторларды сырткы ортадан немесе өте күшті коздырғыпггардың әсерінен сактандырушы, коздырғыштарды кабылдау кабілетін біртіндеп жаксартатын косымша аппараттар қалыптаскан.
Жалпы барлык сезім мүшелері сыртқы ортадан берілген түрлі информацияларды бас миының орталығына субъективті түрде немесе сезім түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Адам баласы миына осындай дәл немесе сезім түрінде берілген хабарлардың арқасында қоршаған жағдайга қалыптасып және оның өзгерістеріне карай икемделе біледі.
Өзіндік бакылау сурактар:

  1. Сезім мүшелерін атаңыз, олардың бала дамуындағы ролін көрсетіңіз.

  2. Талдағыш туралы түсінік беріңіз.

  3. Талдағыштардың қүрылым бөлімдерін және олардың кызметтерін атаңыз.



Әдебиет:

  1. Рақышев Адам анатомиясы. Алматы, 2000ж.

  2. Э.Д.Рубан. Глазные болезни., Ростов наДону, «Феникс», 2006, 7-496.

  3. Көз аурулары./ ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров Қаз ММУ. Алматы, 1997, 4546.'

  4. Ізмұхамбетов Т.Ә., Есімбекова Р.І., Сахишева С.Ш., Мүсажанова М.Қ. Атлас анатомия және физиология. Алматы: Арыс, 2007, 122- 1266.

  5. В.М., Смирнов, С.М. Будьілина. Физиология сенсорных систем и высшая нервная деятельность., М., «Академия», 2004, 35-456.

  6. Н.И.Обреимова, А.С.Петрухин. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков., М„ «Академия», 2000, 194-2006.

  7. Барашнев Ю.И., Пономарева Л.П. Зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг-технологии., М„ «Наука», 2008, 17-386.

  8. Жалмухамедов К.Б. Русско-казахский краткий толковый словарь терминов глазных болезней. А-Ата, Казахстан. - 1977, 956.

  9. Мусаева Г.А. Орталық нерв жуйесі және сезім агзалары., Алматы, 2003, 1746.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет