ActivInspire бағдарламалық ортасын пайдаланып интерактивті тақта флипчарттарында түрлі интерактивті тәсілдер жасау



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.12.2019
өлшемі7,09 Mb.
#53055
  1   2   3   4
Байланысты:
методичка БШЖ ААА


 

 

 



                Ш.Ж.Болсынбекова,  А.А.Абишова 

 

 



 

 

ActivInspire  бағдарламалық



 

ортасын пайдаланып 

интерактивті тақта 

флипчарттарында түрлі 

интерактивті тәсілдер жасау  

          

 

Әдістемелік құрал 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

ОӘЖ  004:371.315(07) 



КБЖ 74.202.253 я7 

Б77 

 

Пікір бергендер:  

 

И.С.Мусатаева,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты.,  Семей 

қаласының 

Шәкәрім 


атындағы 

мемлекеттік 

университетінің 

информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының доцент м.а.  



 

Н.Н.Оспанова,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  С.Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің  доценті,  математика 

және информатика кафедрасының меңгерушісі  

 

Б     Болсынбекова Ш.Ж., Абишова А.А. 

ActivInspire  бағдарламалық  ортасын  пайдаланып,  интерактивті 

тақта  флипчарттарында  түрлі  интерактивті  тәсілдер  жасау:  әдістемелік 

құрал.  Ш.Ж.Болсынбекова,  Абишова  А.А.;  Семей  қаласы:  Семей 

қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті – 2018. – 90бет. 

 

ISBN 

 

        Әдістемелік 

құрал  жоғарғы  оқу  орнында  педагогикалық 

мамандықта  білім  алушыларға  «Оқу  үрдісінде  ақпараттық-комму-

никациялық  технологияларды  пайдалану  әдістемесі»  пәнінен  зертхана-

лық және практикалық сабақтарды жүргізуге арналған. 

          

Әдістемелік  құралды  пайдалану  білім  алушылардың  алынған 

біліктіліктеріне    сәйкес  пәнге  мектеп  оқушыларын  оқыту  барысында 

болашақ  кәсіптік  іс-әрекеттерінде  АКТ-ды  қолдану  әдістемесін  игеруге 

көмек болып табылады.

 

 

          

Аталған әдістемелік  құралды орта мектеп, колледж мұғалімдеріне 

көмекші құрал ретінде ұсынуға болады. 

 

УДК 

ББК 

ISBN 

© Ш.Ж.Болсынбекова., А.А.Абишова, Семей, 2018 


 

Кіріспе 

«Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  ақпараттық  технологиямен 

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру, өте қажет» 

деп  Елбасы  атап  көрсеткендей,  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп түсінген жөн. 

Ақпаратты  технологияны  оқыту  үрдісінде  қолданылатын  жаңа  түрдегі 

құрал  белсенді  экран  –  интерактивті  тақта  болып  табылады. 

Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы. 

Интерактивті  тақта  –  бұл  болашақ  ұрпақтың  жан  –  жақты  білім 

алып,  сауаттылыққа  жол  ашатын  бірден  –  бір  құрал.  Электронды 

есептеуіш машинасы тәрізді бұл тақта да жоғары технологияда жасалып 

шығарылған.  Тақта  ақпараттың  бірнеше  түрін  бере  алады,  бейнелеу, 

фигураларды  ендіру,  цифрлық  жүйе  орнату  және  сол  сияқты  көптеген 

мағлұматты көрнекі түрде баяндауға, түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл 

тақтаны  қолдану  барысында  оқытушы  бұрынғыдай  көрнекі  құралдар 

дайындау  кезінде  қиыншылықтарға  кездеспейді,  оның  орнына  алдын  – 

ала дайындалған сабағын ұсынады және уақыт үнемдей алады. 

Бағдарламалық  –  техникалық  кешеннің  құрамына  кіретін 

интерактивтік  тақтаны  студентке  сабақты  қызықты  және  динамикалық 

түрде 

мультимедиялық 



құралдар 

көмегімен 

студенттердің 

қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  таңда  интерактивті  тақтада  жұмыс  жасау  үшін  қолданып 

жүрген  бағдарламалардың  бірі  –  ActivInspire  бағдарламасы.  Бұл 

бағдарламаның  көптеген  мүмкіндіктері  оқытушының  оқу  –  тәрбие 

үрдісіндегі  жұмысын  жеңілдетеді.  Сабақ  барысында  материалды  жеңіл 

тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, студенттердің ойлау қабілетін 

дамытатын  мүмкіндіктерін  қолдана  алады.  Сабақтарды  сақтау, 

толықтыру  оның  қызметін  жақсарта  түседі.  Сабақты  түсіндіру 

барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, 

бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл 

кезде  оқытушы  қосымшаны  іске  қосу,  CD  –  ROM,  Web  –  түйін 

мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын 


 

арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл 



орындай алады. 

ActivInspire – заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. 

Сабақта  пайдалануға  арналған  бағдарлама  оқытушыларға  интерактивті 

тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. 

Сан  алуан  арнайы  әрекеттерге  толы  жаңа  сабақтар  жасау  және  оқуды 

бағалау  тапсырмаларын  жеке  студенттермен,  топтармен  және  барлық 

студенттермен қолдануға мүмкіндік береді. 

Әрбір  жасқа  бөлек  интерфейсі  бар  ActivInspire  бағдарламасы 

студенттерге  Promethean  Planet  торабында  қол  жетімді  қосымша  қор 

көздер дүниесімен оқыту әрекеттері, құралдары, кескіндері, дыбыстары 

мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ActivInspire бағдарламасымен таныстыру. 



ActivInspire бағдарламасының құралдары. 

 

Бағдарламаны  іске  қосу:  Бастау  –  Барлық 

бағдарламалар  -    ACTIV  Software  -  ActivInspire  – 

ActivInspire.  

Флипчарт  –  сабақтарды  өңдеутін  ActivInspire  терезесіндегі  үлкен 

тікбұрышты жұмыс орны.   ActivInspire бағдарламасын іске қосқан кезде 

экранға  интерактивті  сабаққа  дайын  –  мәтін,  фигуралар,  объектілер, 

дыбыстар,  әрекеттер  және  т.б.  орналасқан  жаңа  флипчарт  шығады. 

Сонымен  қатар  бір  уақытта  бірнеше  шексіз  флипчартар  да  ашылуы 

мүмкін.  Жаңа  флипчарт  құрғанда  немесе  ашқанда,  бағдарлама 

терезесінде жаңадан пайда болады. 

ActivPen  қаламын  қолдану.    ActivPen  қаламы  –  мұғалімнің 

компьютер  тышқанын  алмастыратын  ең  негізгі  құрылғысы.  Меңзерді 



жылжыту.  Сол  жақ  батырманы  шерту.  Оң  жақ батырманы  шерту. 

Батырманы  шерту    және  сүйрету.  Екі  рет  шерту.    ActivPen 

қаламының ұшымен тақтаны екі рет нақты, бірақ тез тигізу тышқанның 

батырмасын екі рет шерткенмен бірдей. 

ActivBoard тақтасын калибрлеу 

Калибрлеу – ActivPen қаламының ұшы мен тышқан меңзерінің дәл 

келуі.  Қаламды  тақта  бетіне  жақындатып,  оған  мұқият  қараңыз.  Егер 

тышқан  меңзері  қалам  ұшымен  дәл  келсе,  тақта  калибрлеуді  қажет 

етпейді. Егер дәл келмесе – калибрлеуді қажет етеді.  

Тақтадағы  меңзер  ActivPen  қаламының  қозғалысымен  сәйкес 

келмеген жағдайда ғана калибрлеуді қолдану керек:     

1.Бұл процесс ActivPen қаламының көмегімен 

компьютерде емес, тақтада орындалады.  

2.Көрсеткіштер тақтасынан Activmanager  

батырмасын шертініз. 

3.Калибрлеуді таңдаңыз. 

4.2 секунд бойы қаламды тақтаның сол жақ жоғарғы бұрышында 

орналасқан  жарқырап тұрған логотиптің ортасында ұстап 

тұрыңыз. 


 

5.Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 



 

Негізгі құралдарға шолу 

ActivInspire бағдарламасының терезесі 

 

1.Құрал-саймандар панелі 

2.Шолушылар панелі 

3.Меню жолағы 

4.Флипчарт атауы 

5.Масштабтау 

6.Флипчарт беті 

7.Флипчарт себеті 



Кеңес 

Шолушылар,  меню  және  құралдар  панелінің  жоғарғы  жақтарында 

орналасқан  кішкентай  белгішелерге  мұқият  назар  аударыныздар.  Олар 

келесі элементтердің әрекеттерін тез баптауға көмектеседі: 

 Құралдар панелінің 

параметрлері            

Ашылмалы мәзірден бұл           

элементтің орналасуы мен көрінуін 

таңдауға болады. 

  

Жиыру 



 Элементті жиыру және  

қайта орналастыру қосқышы. 



 

 Құралдар панелін 



қауіпсіздендіру   

Элементті 

қауіпсіздендіру 

қосқышы.Оның  автоматты  жоғалуын 

және  кездейсоқ  орын  ауыстыруын 

болдырмайды.           

 

 

ActivInspire құрал-саймандар панелі 



Құрал-саймандар панелі – қолданушының көп жқмыс ақтаратын 

негізгі панелі болып табылады.  

Мұнда  орналасқан  құралдар  –  программаға  тиісті  кол  жетімді 

барлық құралдары емес, мұнда тек  көп қолданылатын құралдар  

ғана бар.  

Құралдар  жиынтығы    қолданушының  жеке  қалауына 

байланысты  өзгеру  мүмкін.  Егер  ActivInspire-мен  жұмыста 

құралдар панелін ауыстырған болсаңыз, онда келесі іске қосуда 

бұл өзгертпелер сақталады.  

Сіздің  жасаған  өзгертпелеріңізді  профильде  сақтауға  болады 

және  әртүрлі  өзгертулер  үшін  бірнеше  профиль  қолдануға 

болады.  Профильдер  арасындағы  ауысу 

  профильді 

ауыстыру батырмасымен жүзеге асады 

 

Панельде орналасқан құрал-саймандарға қысқаша сипаттама: 

 

Басты мәзір. Құралдар панелінде орналасқан терезенің жоғарғы 



жағында орналасқан  басты  мәзір  командаларын көшірмелейтін 

батырма. 

 

Профильді    ауыстыру.    Бұл  батырманың  көмегімен  құралдар 



панелінен сақталған профильдердің бірін таңдауға болады. 

 

Алдыңғы бет – флипчарттың алдыңғы бетін ашады. 



 

Келесі бет – флипчарттың келесі бетін ашады. Егер ағымды бет 

соңғы болса, онда флипчарттың жаңа таза беті ашылады. 

 

Түстік палитра – қалам,маркер, толтыру құралдарының ағымды 



түсін  таңдауға  мүмкіндік  береді.    Басқа  түстерді  таңдау  үшін, 

 

палитраны тышқанның оң жақ батырмасымен шерту керек. 



 

Қалам  енінің  селекторы  –  қалам,  маркер.  Өшіргіш  және  т.б. 

құралдарға енін өзгертіге мүмкіндік береді. 

 

Таңдау  құралы  беттегі объектердің  орын  ауыстыруын,  көлемін 



өзгері мен айналуын орындап, таңдауға және оларды басқаруға 

мүмкіндік береді 

 

Қалам  –  жиі  қолданылатын  құралдардың  бірі.  Ол  белгілеу, 



жазба үшін, редакциялау үшін қолданылады. Қаламның ені мен 

қалындығын алдын ала орнатып аламыз. 

 

Маркер  мәтін,  сурет,  белгілер  және  тағы  басқалардың  үстінен 



мөлдір қалам көмегімен сурет салу үшін қолданылады. 

 

 

МАҢЫЗДЫ!  Қалам,  маркер  немесе  сиқырлы  сиямен 

жазылғандардың  барлығын  белгішелер  деп  атап  және  олар 

әдеттегідей  жоғарғы  қабатта  орналасады.  Белгішелерді  Өшіргіш 

көмегімен өшіруге болады. 

 

Өшіргіш  қалам  және  маркер  құралдарының  көмегімен  белгілер 

жасағанда жіберілген қателерді өшіруге мүмкіндік береді. 



 

Толтыру  бетке  түсті  қосу  үшін  қолданылады.  Сонымен  қатар 

белгішелер,  фигуралар,  мәтіндік  объектілер,  суреттер,  флипчарт 

фонын және жұмыс үстелінің флипчартын, флипчарт шекарасынан 

тыс түстік аймақтың түсінде өзгертуге болады. 



 

Фигура  –  спецификалық  сызық  пен  фигуралар  салуға 

қолданылады. Пайда болған панельден толтырудың түсін таңдауға 

болады (контур түсін негізгі құралдар панелінен таңдауға болады). 

Дайын  фигураны  ерекшелеген  кезде,  мәзірден  фигураның 

түйнектерін өзгертуге болатын құрал пайда болады. 

 

Қосқыш  –  беттегі  екі  фигураны  қосу  үшін  пайдаланылады  және 

оларды орын ауыстыру кезінде расындағы байланыс сақталады. 



 

Файлдан  мультимедиа  қою  –  флипчарт    бетіне  файлдан 

мультимедианы тез таңдау үшін қолданылады. 



 

Мәтін – ActivInspire бетіне және флипчартқа атау мен белгілеулер 

үшін мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Мәтінде кез келген құжаттан 

көшіруге  немесе  тасымалдауға  болады.  Мәтінді  пішімдеу  үшін   


 

маркерді  таңдағанда  немесе  мәтінді  екі  рет  шерткенде  пайда 



болатын  панельді  пайдануға  болады.  Сөздің  түсін  толтырудың 

көмегімен  өзгертуге  болады.  Мәтінді  теру  үшін      батырмасы 

көмегімен  орындалатын  экрандық  пернетақтаны  да  қолдануға 

болады (оң жақ батырмамен «балалар» пернелерін ашуға болады). 



 

Болдырмау 

– 

ActivStudio-нің 

белсенді 

флипчартындағы 

орындалған  соңғы  операция  немесе  соңғы  әрекетті  жояды. 

Құралды бір рет шерткен сайын бір әрекет қана жойылады. 



 

Қайталау  –  жою  құралының  көмегімен  жойылған  әрекеттерді 

қайталау 



 

Құралдар – панельде жоқ қосымша құралдарға қол жеткізеді. 

 

Бетті  қалпына  келтіру  –  бетті  файлдегі  сақталған  бұрынғы 

қалпына  келтіру  үшін  пайдаланылады.  Барлық  өзгертулер 

жойылады.  Маңызды!!!  Барлығын  қайта  қайтару  мүмкін  емес! 

Сабақтан кейін флипчартты алғашқы қалпына келтіріңіздер. 



 

Тазарту – флипчарт бетінен барлығын немесе кейбір объектілерді: 

фон,  тор  және  т.б.  өшіру  үшін  қолданылады.  Объектілер  мен 

белгілеулерді себетке орналастыру арқылы өшіруге болады. 

 

Қосымша  құралдар.  Егер  құралдар  панелінен  көрінбесе,онда 

оларды  ашу  үшін   

  батырмасымен  немесе  Құралдар  мәзірінен 

ашуға болады. Бір рет пайдаланғаннан кейін ол қосымша құралдар 

панелінен көрініп тұрады. 

 

 

Қолжазба мәтінін тану 

 

Фигураны тану 

 

Перде.    Перденің  түсін  өзгеру  үшін:  Көру  мәзірі  –  Баптау  – 

Баптаулар  –  Эффектілер.  Перде  басқа  беттерде  ашылмас  үшін, 

Шолушылардан  Құралдар  –  Жұмысқа  арналған  құралдар  – 

Құралдарды  өшіруді  таңдау  керек.  Алдыңғы  бетке  қайта 

оралыңыз  (перда  керек  жерге  және  Шолушылар  бөлімінен 

пердені  қосыңыз).  Перденің  нақты  бір  жерде  жұмыс  істегенін 



10 

 

қаласаңыз, перденің жоғарғы бұрышындағы квадратты шертіңіз, 



осы жағдайды сақтаңыз. 

 

Прожектор.  Прожектор  қалпы  Құралдар  мәзірінен  өзгертіледі. 

Прожекторді жабу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы квадратты 

шертіңіз. 

 

Камера 

 

Математикалық 

 

құралдар: 

Сызғыш, 

Бұрыштық, 

Транспортир,  Циркуль,  Координат  басы,      ойын  сүйегін 

лақтырушы

, Калькулятор. 

 

Сиқырлы  сия.  Өшіргіш  сияқты  жоғарғы  қабаттағы 

фрагменттерді  қшіреді.  Сондай-ақ  қабатта  тасымалдауға 

болатын тесік пайда болады. 

 

ActivInspire шолушылары 

Шолушылар  –  флипчарт  және  онда  орналасқан  объектілермен 

жұмыс істеуге арналған ыңғайлы арнайы панель. Бастамадағы батырма 

арқылы флипчартты өңдеу кезінде экранға шолушылар терезесін қоюға 

болады немесе демонстрация кезінде оны жасырып қоюға да болады.   

 

Бетті шолушылар 

 

Толықтай  флипчарт  беттерімен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді, 

яғни  беттерді  эскиз  түрінде  көруге,  беттер  арасындағы  тез  орын 

ауыстару,  тасымалдау  арқылы  беттердің  орнын  ауыстыру,  көшіру 

операциясын  орындау,  беттерді  қою  және  өшіру    мұмкіндіктері  бар. 

Қосымша мәзірдің эскиздегі      белгіше флипчарттың ағымдағы бетін 

көрсетеді. 

 

Ресурстарды шолушылар  

ActivInspire  ресурстар  кітапханасын  қолжетімді  етеді.  Ресурстар 

кітапханасы  флипчарт  пен  презентацияда  қолданылатын  файлдар  мен 

объектілерді қолжетімді етеді.  


11 

 

•ACTIVstudio арқылы қолдануға, өзгеруге, сақтауға болатын әртүрлі 



ресурстар  орналасқан  жалпы  кітапхананы  ашуға  болады.  Бұл 

кітапханалар бірнеше қолданушылармен қолданылады. 

•Ресурстардың  жеке  кітапханасы  өзіннің  ресурстарынды  сақтауға 

мүмкіндік береді. 

•Компьютердегі қалташалардан ресурстарды іздеуге болады. 

Ресурстар  жеке  және  ресурстардың  жалпы  қалташаларында 

орналасқан және ыңғайлы болу үшін тип бойынша классификацияларға 

бөлінген.  

Әдетте  Шолушылар  Жалпы  ресурстар  қалташасын  ашады. 

ActivInspire  арқылы  қойылған  ресурстар  категория  бойынша 

ұйымдастырылып және түсінікті аты жазылған қалташаларда сақталады. 

Ресурстарды  шолушылар  терезесінің  жоғарғы  жағында  ресурсты 

қалташаларды ашуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан: 

 

Менің ресурстарым – қолданушы салған ресурстар орналасқан 

қалташаларды  ашады.  Бұл  ресурстардың  тізімі  әр  қолданушыда  әр 

қалай. Ең басында бұл қалташа бос болады. 

 

Жалпы  ресурстар  –  бұл  қалташа  әдеттегідей  ашылады.  Мұнда 

стандартты 

ресурстар 

орнатылған. 

Бұл 

ресурстар 



барлық 

қолданушыларға қолжетімді. 

 

Ресурстар  орналасқан  басқада  қалташалар  –  кез  келген 

кітапханада  жоқ  флипчарт  ресурстарын  қосуға  арналған  компьютерде 

немесе локальды желіде орналасқан қалташаны таңдауға болады.  

Бұл  терезедегі  контексті  мәзір  ресурстар  пакетін  экспорттап  немесе 

импорттай  алайды.  «Импорт»  функциясы  контексті  мәзірдің  жоғарғы 

деңгейлі қалташасында қолжетімді.  

Панельдің  астынды  жағында  ресурстар  эскизы  мен  қалташадағы 

қалташа аттары орналасады: 



12 

 

•Ресурстардың  көлемін  және  эскиздардың  ұйымдастыруларын 



өзгертеу; 

•Ресурстарды флипчартқа  кітапханадан қою

•Ресурстар кітапханасынан ресурстарды өшіру. 

Екі  панель  арасында  таңдалған  қалташаның  элементтер  саны 

көрсетіледі. 

Кітапхананы  өз  ресурстарыңмен  толтыруға  болады  немесе 

ресурстардың толық пакетін қосуға болады. 

Флипчарт бетіне таңдалған ресурсты қосу үшін, оны тышқанның 

көмегімен  тасымалдау  жеткілікті.  Тасымалдау  процесі  кезінде  екі 

пайдалы құрал қолданылуы мүкін: 

 

Мөлдірлікті ауыстыру – бетке тасымалдау кезінде фондық түсті 

немесе суретті мөлдірлейді. 

 

Штемпель  –  флипчартқа  ресурстың  көптеген  көшірмелерін  тез 

қоюға мүмкіндік береді. 

 

Объектілерді шолушылар  

ActivInspire    флипчарт  құру  кезінде  қолданылатын  барлық 

элементтер оюъектілер болып табылады. Мұнда суреттер де, фигуралар 

да,  жазбалар,  тышқанның  көмегімен  жасалғандар  да  жатады. 

Объектілерді  шолушылар  флипчартта  орналасқан  барлық  объектілерді 

басқара алады. Оның көмегімен келесі әрекеттерді орындауға болады: 

•Объектілерді бір қабаттан екінші қабатқа тасымалдау. 

•Объектілерді орналастыру. 

•Оларды топтастыру және топамау. 

•Объектілерді құлыптау және құлыптамау. 

 

Ескертулерді шолушылар 



13 

 

Ескертулерді  шолушылар  флипчартқа  ескертулерді  қосуға, 



өшіруге және баптауға мүмкіндік береді. Ескертулерді флипчартқа басқа 

мұғалімдермен  флипчартты бөлісу,  қандай да бір  уақыттан  кейін  қайта 

қолдану  үшін  міндетті  түрде  қосу  керек.  Ескертулер  флипчартты 

қолдануға пайдалы кеңестер мен нұсқаулармен жабдықтайды. 

 

Құрамды  шолушылар  

Құрамды  шолушылар  объектінің  құрамын  қарастырып  және 

өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Ыңғайлы  болу  үшін  барлық  құрамдар 

категория  бойынша  топтастырылған.  Объект  құрамын  пайдалану  – 

сіздің флипчартыңызға интерактивтілікті қосатын күшті құрал. Онымен 

толығырақ 6 тақырыпта танысамыз. 

 

Әрекеттер шолушылары 

Әрекеттер шолушылары флипчарттағы кез келген объектті қандай 

да  бір  әрекетпен  байланыстыруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  объектті 

шерткенде басқа бетке ауысу немесе құралдар панелін қолданбай қандай 

да  бір  құралдын  активизациясы,  немесе  дауыс  берудің  басы  және  т.б.  

Барлық  әрекеттер  ыңғайлы  баптау    үшін  алдын  ала  топтастырылған. 

Әрекеттерді қолдануды толығырақ 6 тақырыпта танысамыз. 

  

Дауыс беру шолушылары 

ActivSlate,  ActiVote  и  ActivExpression  құралдарының  барлық 

регистрация  аспектілерін  басқаруға,  дауыс  беру  сеансын  жіберу    және  

бұл  сеанстарды  жазу,  сақтау  және  нәтижелерін  қарастыруға  мүмкіндік 

береді. Құралдардың регистрациясы мен дауыс беру жайлы толығырақ 7 

тақырыпта танысамыз. 

 

 



 

 

 



 

14 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет