Адам ағзасындағы
химиялық элементтер
Мазмұны:
1.Адам ағзасындағы химиялық элементтер
2.Түрлері
3.Макроэлементтер
4.Микроэлементтер
5.Ульрамикроэлементтер
1.Адам ағзасындағы химиялық элементтер —
адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы.
Орташа мөлшеріне қарай
микроэлементтер
макроэлементтер
Ультрамикро-элементтер
2.Түрлері
Макроэлементтер
Нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.
Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді.
Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.
Микроэлементтер
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады.
мырыш – қарын асты безінде,
йод – қалқанша безінде,
фтор – тіс кіреукесінде,
алюминий, мышьяк, ванадий – шашта,
кадмий, сынап, молибден – бүйректе ,
қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында,
барий – көздің пигментті қабатында,
бром, марганец, хром – гипофизде және т.б
Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі.
Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады.
Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.
Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады.
Ультрамикроэлементтер
Достарыңызбен бөлісу: |