Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет24/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

7.4. Тыныс мүшелерінің дамуы. Эмбрионның төрт апталық дамуы сатысында тыныс мүшелері де дами бастайды. Алты айдың соңында тыныс жолдарының барлығында өте ұсақ ауатамырлар қалыптасады. Өсіп келе жатқан эпителий түтіктерінен тыныс жолдарының эпителий қабаты, ал қалған бөліктері мезенхимадан пайда болады. Бұл кезеңде тыныс жүйесінің өкпелік мүшелері дами бастайды. Өкпедегі қуысты жерлерде альвеолалардың жолдары түзіледі. Олардың қабырғасынан екінші реттік альвеолалар пайда болады. Көпіршік альвеолалар тек бала туған кезде ғана газ алмасуға қатысады, өйткені бала туылғанға дейін өкпе арқылы тыныс алынбайды. Ұрықтың алғашқы ауыз қуысынан мұрын қуысы дамиды, оларды бір-бірінен қатты, жұмсақ таңдай бөледі.
Көмей, кеңірдек, ауатамырлар, өкпенің жобасы эмбриондық дамуының 3-аптасында қалыптаса бастайды. 4-аптада көмей-кеңірдек шеміршектері мен бұлшық еттерінің жобасы басталып, 8-аптаға жақындағанда олар айқындалады. Ұрық 2-4 айлық болғанда өкпе көпіршіктері пайда болып, 6-9 айда олар жетіле бастайды.
Дәріс № 8-9. Зәр шығару және жыныс органдарының жүйесі
Жоспары:
8.1. Зәр шығару жүйесі
8.2. Бүйрек
8.3. Несепағар, қуық құрылысы.
8.4. Зәр шығарушы канал. Қызметі
9.1. Жыныс мүшелері. Аталық жыныс жүйесі
9.2. Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс бездері
9.3. Жатыр. Жатыр түтігі
9.4. Қынап. Сыртқы аналық жыныс органдары
9.5. Еркек және әйел жыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері, дамуы
8.1. Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару органдары (13-бейне) бүйректен және зәр шығару жолдарынан – несеп ағарлардан, қуықтан және зәр шығару каналынан тұрады.
8.2. Бүйрек. Адамның бүйрегі (nephros) сыртқы қабырғасы дөңес, ішкі қабырғасы ойыс пішінді қызыл-қоңыр түсті жұп тығыз орган.
Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған. Адам бүйрегінің массасы 150 грамм.
Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі.
Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқажотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Ересек адамның бүйрегінің ұзындығы 10-12 см жуық, ені 5-6 см, ал қалыңдығы 4 см. Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі.
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron-бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.
Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет