Адам анатомиясы электронды оқу құралы



бет27/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

9.3. Жатыр. Жатыр түтігі
Жатыр - қуықтың артына таман жамбас шоңкимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше. Нәресте туғанға дейін ұрық жатырда дамиды. Жатырдың кабырғалары негізінен қалың бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Оның ішкі жағын ұсақ қантамырлармен торлаған сілемейлі қабыкша астарлайды. Жатырдың төменгі жағында сыртқа ашылатын бұлшыкетті түтікше - қынап болады. Жатырда дамып жетілген нәресте әйелдер босанатын кезде қынап арқылы сыртқа шығады. Жатырдың қынапқа дейінгі аралығын жатыр мойны дейді. Жатыр мойнын сақина тәрізді бұлшықеттер орап тұрады. Қынап сперматозоидты қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшыкетті мүше (25-сурет).
Жатыр түтігі. Жатыр түтіктері немесе Фаллопий түтіктері ұзындығы орта есеппен 10-12 см аналық жыныс безінен жұмыртқа клеткасын өткізетін жіңішке жұп каналдар. Фаллопий түтігінің 2 ұшы бар: бір ұшы жіңішке, жатырдан басталады, ал кеңейген қуысына ашылады да, аналық жыныс безінің жоғарға ұшының үстіңгі жағынан салбырап тұрады. Сонымен, әйелдің құрсақ қуысы жатыр түтіктері арқылы сыртқы ортамен қатысып тұрады.
Жатыр түтіктерінің қабырғасы серозалық қабықшадан, бірыңғай бұлшық ет талшықтарының екі қабатынан (сыртқы бой және ішкі сақиналы) және кірпікшелі эпителиймен астарланған кілегейлі ұабықшалардан тұрады. Кірпікшелі эпителийдің толқынды қимылымен жұмыртқа жатырға жылжиды; жұмыртқаның жылжуына жұмыртқа өзегінің мускулатурасының перистальтикалық жиырылу да көмекші болады. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы(14-бейне) жатыр түтігінде жүреді.



25-сурет. Жатыр
9.4. Қынап. Сыртқы аналық жыныс органдары. Қынаптың ұзындығы түрліше болады, көбінесе 8-10см аспайды. Қынаптың қабырғасы кілегейлі, бұлшықетті және серозалық қабықшаларан тұрады. Қынаптың эпителийі көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителий. Эпителийдің беткі қабатының клеткалары гликогенге бай келеді. Қынапта үнемі болатын микробтардың әсерінен гликоген ыдыраған кезде сүт қышқылы пайда болады. Қынаптың реакциясы қышқыл болғандықтан шырышының бакретицидтік қасиеттері болады, осының нәтижесінде қынапта патогендік микроорганизмдер дамымайды. Қынаптың қабырғасында бездер болмайды.
Сыртқы аналық жыныс органдары
Сыртқы жыныс органдары үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі мен клитор жатады. Үлкен жыныс еріндері ерлердің енек дорбасының гомологы. Үлкен жынгыс еріндері май бездеріне бай. Ішінде майлы ұлпасы бар екі тері қатпарлар. Үлкен жыныс еріндері зәр шығару каналының тесігі мен қынапты қоршап тұрады. Клитор бұршақтың үлкендігіндей аталық жыныс мүшесінің гомологы болып табылатын эрекциялық қабілетті құрылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет