Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Ішкі секреция бездері туралы ілім



бет29/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

10.1. Ішкі секреция бездері туралы ілім. Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі бездер болып екіге бөлінеді. Сыртқы без өзіндегі өнімді (сұйықтықты) шығару өзектері арқылы белгілі бір мүшенің кілегейлі қабатының бетіне (ұйқы, сілекей бездері, бауыр, т. б.) немесе терінің сыртына (тер, май бездері) шығарады. Ішкі бездерде немесе эндокринді бездерде өзек болмайды. Олар өнімін тікелей қанға және жұлын сұйықтығына шығарады. Ішкі секреция бездерінің өнімдері гормон (грекше: hormao – қозғаймын, қоздырамын) деп аталады. Бездердің көпшілігі өте кішкене; адамның денесіндегі барлық эндокринді бездердің салмағы 100 грамнан аспайды. Алайда эндокринді бездердің ағза үшін маңызы өте зор. Ішкі бездер бөлген мардымсыз мөлшердегі гормондар ағзадағы зат алмасу, даму және өсу, жыныстық жетілу, т. б. өзгерістерге әсер етеді. Сондай-ақ гормондар белгілі мүшелерге не қоздырып, не тежеу арқылы әсер етеді. Гормондар мүшелердің қызметіне тек сарысу, ұлпалар аралығындағы сұйық заттар, қан арқылы ғана әсер ететін болғандықтан, оны гуморальдық (грекше: humor – ылғал, сұйықтық) жол деп атайды. Мүшелер жұмысының гормондар әсерінен жүзеге асуы гуморальдық жолмен реттелу деп аталады. Гормондар биологиялық қуатты заттарға жатады.
Төменгі сатыдағы жануарлар мүшелерінің тіршілігі тікелей гормон арқылы реттеледі де жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда бұл әрекет эволюциялық даму нәтижесінде біртіндеп жүйке жүйесіне өтеді. Жүйке жүйесін ішкі секреция бездерінің қызметі (мүше ретінде реттеп басқарады. Ал гормон жүйкенің ұштары мен орталықтарына әсер етеді. Сондықтанда жүйке мен гормондар бірімен-бірі тығыз байланып, ағзалар қызметін басқарады. Сөйтіп, әрбір мүшенің қызметі нейрогуморальдық жолмен басқарылады, яғни мүшелердің қызметіне гуморальдық жолдан басқа жүйке жолдары арқылы да әсер етеді.
Ішкі бездер бірімен-бірі өзара күрделі байланысады. Егер бір эндокринді бездің қызметі бұзылса, оның басқа бездердің қызметіне әсері тиеді.
10.2. Ішкі секреция бездері түрлері, құрылысы, қызметі. Эндокринді мүшелер ағзаның әр түрлі үлескілерінде орналасады және шығу тектері де бірдей емес. Осыған байланысты ішкі бездері мынадай бес топқа бөлінеді (26-сурет).
1) нейрогенді – мұның шығу тегі - ми, оның эктодермальды бездері: гипофиз немесе ми қосалқысы және эпифиз немесе томпақ без;
2) бронхиогенді – шығу тегі – ұрық ішегінің басқы бөлігіндегі желбезек мүшелерінің жұтқыншақ қабырғасынан пайда болады, оның эндодермальды бездері: қалқанша безі, қалқаншамаңы, айырша безі;
3) экдодермальды бүйрекбез және параганглий;
4) Эндодермальды – ұйқы безінің эндокринді бөлігі
5) мезодермальды бездер – жыныс безінің эндокринді бөліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет