12.3 Қан айналуының үлкен шеңберінің веналары. Қан айналуының үлкен шеңберінің веналары үш жүйеге бөлінеді:
1) жоғарғы қуысты венаның жүйесі;
2) төменгі қуысты венаның жүйесі;
3) жүрек веналарының жүйесі.
Жоғарғы қуысты венаның жүйесі
Жоғарғы қуысты вена ұзындығы 5-6 см, диаметрі 22,5 см алқым безінің астында көкірек қуысында орналасқан. Оң және сол жақ иық-бас веналарының қосылуынан түзіледі де, оң жақ жүрекшемен жалғасады. Иық-бас венасының әрқайсысы ішкі кардиналдық венаның бұғаналық венамен қосылуынан пайда болады. Жоғарғы қуысты вена қанды дененің жоғарғы жартысынан, бастан, мойыннан, қол мен көкірек қуысынан жинайды.
Ішкі кардиналдық вена қанды бас сүйектің ішінен және бет пен мойын веналарынан алады. Бас сүйектің қуысынан кардиналдық тесік арқылы шығып бұғаналық венамен қосылып иық-бас венасын құрайды. Ішкі кардиналдық венаның бұтақтары бас сүйек ішіндегі және бас сүйек сыртындағы болып бөлінеді.
Сыртқы кардиналдық вена құлақ қалқанының артқы жағынан басталып, төс-бүғана-емізікше бұлшық еттің сыртқы бетін бойлап төмен түседі. Артқы құлақ венасынан және төменгі жақтың анастомозы мен теріасты шүйде веналарынан түзіледі.
Бұғаналық вена қолтықтық венаның жалғасы. Қанды колдан және иық белдеуі аймағынан жинайды; ішкі кардиналдық венамен жалғасады.
Қолдың веналары
Қолдың веналарын орналасуына қарай теріасты және тереңдегі веналар деп бөледі.
Қолдың басты теріасты веналары латералдық теріасты венасы мен медиалдық теріасты венасы.
Латералдық теріасты венасы тереңдегі алақан доғасы мен қол басының үстіңгі бетінің веналық торабынан басталып, білектің кәрі жіліктік бетімен жоғары көтеріліп шынтаққа дейін жетеді де, негізгі венамен байланысып кейін қолтықтық венамен жалғасады.
Медиалдық теріасты вена кол басының сыртынан басталып бірте-бірте білектің алдыңғы жағына ауысып жоғары көтеріледі де, қардың орта жеріне келгеннен соң қар венасымен жалғасады. Терен веналар аттас артериялармен қатар жүреді, әдетте бір артерияға екі вена келеді. Қолдың терең веналық жүйесі, саусақтардың қос веналарынан басталады.
Көкірек қуысының веналары
Көкірек қуысының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Аталған бұл веналар қанды көкірек клеткасының қабырғасына жинайды.
Сыңарлы вена диафрагма арқылы көкірек қуысына енетін оң жақ өрлеуші бел венасының жалғасы болып саналады.
Жартылай сыңарлы вена сол жақ өрлеуші бел венасының жалғасы.
Төменгі қуысты венаның жүйесі
Төменгі қуысты вена аортамен қатар құрсақ қуысында жайғасқан. ІҮ бел омыртқасының тұсында оң және сол жалпы мықындық веналардың қосылуынан пайда болады да, оң жақ жүрекшемен жалғасады. Төменгі қуысты вена қанды аяқтан, құрсақ пен жамбас қуыстарында орналасқан органдардан жинайды.
Қақпа венасы
Қақпа венасы қанды құрсақ қуысының бауырдан баска тақ органдарының бәрінен жинайды. Атап айтқанда, ас қорыту жолынан, ұйқы безінен және көкбауырдан.
Қақпа венасы ұйқы белінің басының артқы жағында көкбауырлық венамен екі шажырқайлық веналардың (жоғарғы және төменгі) қосылуынан пайда болады. Қақпа венасы өте ірі, қысқа келген тамыр. Қақпа венасының басқа веналардан өзгешелігі бауырлың қақтасына кіргеннен кейін капиллярларға ыдырайды да, қайтадан жиналып бауыр веналарын құрап, төменгі қуысты венамен жалғасады.
Көкбауырлық вена қанды көкбауырдан, асқазан мен ұйқы безінен жинайды.
Жоғарғы шажырқайлық вена қанды ашы ішектің барлық веналарынан, мықын ішектің соңғы бөлімі мен бүйеннен, өрлеуші және көлденең тоқ ішектен, ұйқы безі мен он екі елі ішектен, асқазан мен шарбы майынан жинайды.
Төменгі шажырқайлық вена тік ішектің веңалық өрімінен басталады.
Жалпы мықындық вена. Жалпы мықындық венаның әрқайсысы ішкі және сыртқы мықындық веналардың сегізкөз-мықын буынының тұсында қосылысынан пайда болады да, ІҮ және Ү бел омыртқаларының арасында екі жалпы мықындық веналар бірбимен косылып төменгі қуысты венаны құрайды. Қанды жамбас пен аяқтан жинайды.
Ішкі мықындық вена жамбастың кіші қуысында аттас артериянын артқы жағында орналасқан. ішкі мықын венасымен жамбастың органдары мен қабырғасының веналары қосылады.
Сыртқы мықындық вена сан венасының тікелей жалғасы болып саналады. Қанды аяқтың барлық теріасты және тереңдегі веналарынан жинайды.
Аяқтың веналары
Аяқтың веналары тереңдегі және теріасты болып бөлінеді. Аяктың теріасты веналарына үлкен теріасты вена мен кіші теріасты вена жатады.
Башпайлардың ұсақ веналары косылып башпайлар мен аяқ басының үстіңгі бетінің веналық доғалары деп аталатын екі веналық доғалар түзеді. Осы веналардың қосылуының нәтижесінде тақымдық вена түзіледі. Тақымдық венаның сандағы жалғасы сандық вена. Сандық вена шат жалғамынан өтіп сыртқы мықындық вена деп аталады. Сыртқы мықындық вена Ішкі мықындық венамен қосылып төменгі қуысты венаға қанды жеткізетін жалпы мықындық венаны құрайды.