Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Шеткері жүйке жүйесі бөлімдері



бет39/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

13.3. Шеткері жүйке жүйесі бөлімдері. Вегетативтік жүйке жүйесі (systema nervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтық жүйке жүйесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Вегетативтік нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады.
1. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтер орталығы нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық нерв орталықтары жұлын сұр затының көкірек және бел омыртқалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналаса, парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.
2. Симпатикалық нерв бөлімінің түйіңдері өздері нервлендіретін мүшелерден тыс орналаса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың өзінде орнығады.
3. Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді нервтеңдіреді. Парасимпатикалық бөлім әмбебап емес тері тамырлары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа еттері парасимпатикалық нервтермен нервтенбейді.
4. Симпатиклық нервтерге мультипликация (көп тарамдалу) құбылысы тән түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшықтар санынан әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалық нервлер айтарлықтай көп тарамдалмайды.
5. Симпатикалық нервтердің эфференттік талшықтары парасимпатикалық нерв талшықтарынан ұзын келеді. Симпатикалык, нерв үштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары — атропинмен жансызданады.
6. Симпатикалық нервтер қозу толқынын симпатин, ал парасимпатикалық нервтер — ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық нерв ұшының ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшының,
керісінше, норадреналин бөлетіні дәлелдеген. Осымен байланысты
вегетативтік нервтер холинергиялық және адренергиялық болып
екі топқа бөлінеді.
Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы Маршалл Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі рецепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң және тиімді түрде байланыстыру, яғни сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімдікті қалыптастыру. Кез келген рефлекс дұрыс өту үшін Рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Егер бұл тұтастық бұзылса, рефлекс туындамайды. Кез келген рефлекс атқарушы органның тітіркеніске қайтарған жауабымен ғана шектелмейді. Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан орталық жүйке жүйесіне афференттік сигналдар, қайтарымды импульстар жіберіледі. Осы импульстар арқылы орт. жүйке жүйесі эффектор қызметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады. Осыған байланысты соңғы кезде Рефлекс доғасы деген ұғым рефлекс сақинасы деген ұғыммен алмастырылып жүр. Рефлекс сақинасы рефлекс доғасынан қосымша буындардың болуымен ерекшеленеді. Сақина қосымша афференттік жолмен аралық нейрон арқылы тұйықталады. Бұл құрылымдар арқылы тітіркеніс мүшенің өзіндегі рецепторлардан қозғағыш нейрон орталығына қайта оралуын қамтамасыз етеді.
Рефлекстің жасалу жолдары
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы (17-бейне) деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет