Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Қан айналуының кіші шеңберінің тамырлары



бет36/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

12.1 Қан айналуының кіші шеңберінің тамырлары.
Өкпе артериясы жүректің оң жақ қарыншасының артериялық конусынан басталып жоғары көтеріліп ІҮ-Ү көкірек омыртқасының тұсында оң және сол бұтақтарға бөлінеді.
Сол жақ бұтағы сол жақ өкпенің қақпасына енгеннен кейін өкпе бөліктерінің санына сәйкес келетін екі артерияға ыдырайды.
Оң жақ бұтақ оң жақ өкпе үш бөліктен тұратын болғандықтан үш бұтаққа бөлінеді. Өкпе артериясы веналық қанды оң жақ қарыншадан өкпеге жеткізеді.
Өкпе веналары өкпеден артериялық қанды сол жақ жүрекшеге жеткізеді. Өкпе веналары өкпе қақпаларында әр өкпеден екі-екіден пайда болады да, сол жақ жүрекшемен жалғасады. Өкпе веналарында клапандар болмайды.
12.2 Қан айналуының үлкен шеңберінің артериялары.
Адам денесінің негізгі тамыры аорта. Аорта немесе қолқа тамыры сол жақ қарыншадан басталып, өзінің бұтақтарымен дененің барлық органдарын қоректендіреді.
Аорта үш бөлімге бөлінеді: өрлеуші аортаға, аорта доғасына және төмендеуші аортаға.
Өрлеуші аорта қысқа келеді. Сол жақ қарыншадан басталады да жоғары көтеріліп ІІ-ші жақ қабырға шеміршегінің тұсында доғаға айналады. Өрлеуші аортадан жүректің екі тәждік артериялары тарайды. Оң жақ тәждік артерия жүректің оң жақ жартысының қабырғасының негізгі бөлігін, жүректің бөлмесінің артқы жартысын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасын жартылай коректендіреді. Сол жақ тәждік артерия өзінің бұтақтарымен қарыншалардың бөлмесін, оң және сол жақ қарыншалардың қабырғаларын коректендіреді. Тәждік артериялар бір-бірімен жалғасып жатады.
Жалпы күретамыр артериясы
Жалпы күретамыр артериясы кеңірдек пен өңешті бойлап жоғары көтеріліп, қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегінің тұсында сыртқы және ішкі күретамыр артерияларына бөлінеді.
Сыртқы күретамыр артериясы өз жолында бірнеше тармақтарға бөлініп бас пен мойынның сыртқы бөліктерін, ауыз бең мұрын қуысын, қалқанша безді, көмекейді, тілді, таңдайды, көмекей бездерін, төс-бұғана-емізікше бұлшық етін, шүйде еттерін, сілекей бездерін, бастың терісін, сүйектері мен бұлшық еттерін артериялық қанмен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жоғарғы және төменгі жақ. Тардың тістерін, мидың қатты қабықшасын, сыртқы және ішкі құлақты қоректендіреді.
Бұғаналық артерия және оның бұтақтары
Бұғаналық артерия жұп болып келеді. Оң жақ бұғаналық артерия иық-бас бағанның бұтағы болып саналады, ал сол жақ артерия аорта доғасының өзінен тікелей басталады.
Негізгі артерия көпірдің негізгі сайшасында жайғасқан. Негізгі артериядан оң және сол жаққа мишықтың жоғарғы және төменгі артериялары тарайды.
Қолтық артериясы бұғаналық артерияның жалғасы болып саналады, қолтықта аттас венамен және иық торабының нервтерімен қатар жатады.
Қар артериясы кеуденің үлкен бұлшық етінің жиегінен басталып, тоқпан жіліктің алдынан өтіп, шынтақ шұңқыры тұсына келгеннен кейін кәрі жіліктік және шынтақтық артерияларға бөлінеді.
Кәрі жіліктік кәрі жілікпен бірге төмен түсіп білектің төменгі бөлігінде тері астына жақын жайғасады. Осы жерде тамырдың соғуын байқауға болады.
Шынтақтық артерия кәрі жіліктік артерияға қарағанда ірірек келеді. Білектің теріасты және терең бұлшық еттерінің арасы арқылы жүре отырып кәрі жілік-қоспа буынына жеткеннен кейін алақанға шығады.
Көкірек аортасының бұтақтары
Көкірек аортасының бұтақтарының бәрі жіңішке келеді, сонымен бірге висцералды және париеталды болып бөлінеді.
Висцералды тамырлар көкірек қуысының ішкі органдарын коректендіреді, ал 10 жұп кабырғааралық артериялардан тұратын париеталды тамырлар көкірек қуысының қабырғасы мен жұлынды және оның қабықшалары мен диафрагманы қанмен қамтамасыз етеді.
Құрсақ аортасының бұтақтары
Құрсақ аортасынан көптеген ірі жұп және тақ тамырлар тарайды. Оның жұп бұтақтарына бүйрекүсті безінің ортаңғы артериялары, диафрагманың төменгі артериясы, бүйрек артериялары, аталық жыныс бездерінің артериялары жатады. Үш ірі артериялар құрсақ қуысының ішкі органдарын қамтиды, олар іш артериясы, жоғарғы және төменгі шажырқай артериялары.
Аяқтың артериялары
Сан артериясы аяқтың негізгі тамыры; сыртқы мықындық артерияның тікелей жалғасы болып табылады. Сан артериясы санның алдыңғы бетіне шығып санның алдыңғы жәнеартқы бетінің бұлшық еттеріне бұтақтар таратады. Содан кейін тақымға өтіп тақым артериясын құрайды. Сан артериясы ортан жілікті, санның бұлшық еттері мен терісін, құрсақ қабырғасының терісін, сыртқы жыныс органдарын, жамбас-сан буынын қанмен қамтамасыз етеді.
Тақым артериясы сан артериясының жалғасы, тақымда балтыр бұлшық етінің екі басының арасында майға оралып жайғасады. Сираққа өткеннен кейін алдыңғы және артқы асық жіліктік артерияларға бөлінеді.
Артқы асық жіліктік артерияның ең ірі бұтағы сирақтың латералдық бұлшық еттері мен шыбық сүйекті коректендіретін шыбық сүйектік артерия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет