11.2 Қантамырлар және олардың құрылысы. Қантамырлар жүйесі артериялардан, веналардан және артериолдар мен прекапиллярлық артериолдардан, капиллярлардан және посткапиллярлық веналардан түзілетін микроциркулярлық арнадан тұрады.
Артериялар мен веналар қабырғаларының құрылысымен және қанның ағу бағытымен бір-бірінен ажырайтын ірі тамырдар. Қанды жүректен дененің ұлпаларына жеткізетін тамырды артерия дейді, ал веналар қанды ұлпалардан жүрекке қайтып алып келетін тамырлар. Артериялық қанды веналық қанға ауыстыратын ұсақ тамырлар капилляр немесе қылтамырлар деп аталады. Қылтамырларға ауысатын өте ұсақ артерияларды артериолалар және қылтамырдың майда веналарға айналатын бөлігін венула деп атайды.
Артериялар мен веналар құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Қабырғалары үш қабаттан тұрады – ішкі немесе интима, ортаңғы – медиа және адвентиция деп аталатын сыртқы қабаттардан. Артерия мен веналардың жуан, орташа майда тамырларға айналуына байланысты жоғарыда айтылған үш қабаттың қабаты қалың немесе жұқа болып өзгеріп отырады. Веналардың құрылысы артерияға ұқсас, бірақ бұлшық ет қабаты нашар жетіліп, онда серпімді талшықтар кем кездеседі. Сыртқы қалың, жұмсақ қабаттары дәнекер ұлпадан тұрады. Вена тамырларында қақпашалар болады. Қан тамырының ішкі қабықшасынан пайда болған қақпашалар қанның кейін ағуына кедергі жасайды. Олар тек қанның ағу бағытына қарай ашылады. Бірақ жоғарғы және төменгі қуысиы вена күретамырларда қақпақшалар болмайды.
Қан тамырлардың қабырғасы сезімдік және қозғаушы нервтерімен жабдықталған.
Қылтамырлардың қабырғалары эндотелийлі жасуша мен базальды мембранадан құралған қалыңдығы өзгеріп отырады, оны тек микронмен ғана өлшейді. Осы эндотелийлі жасушалар арқылы ұлпалармен қантамырлар арасында зат ламасу және мембраналық сүзілу жүзеге асады. Қылтамырдың қызметі: олардың жасушалары қоректік заттарды және оттегін ұлпаға, олардағы бұзылған заттады қайта қанға қткізуді реттеп тұрады.
11.3. Қан айналым жолдары. Қан айналымының үлкен (жүйелік) және кіші (өкпелік) шеңберлерін ажыратады.
Үлкен қан айналым шеңбері немесе дене қан айналым шеңбері деп жүректің сол жақ қарыншасынан басталып, қолқа оның тармақтары, денедегі артерия, вена қылтамырлар торы және веналық тамырлар, қуысты вена күретамырлары арқылы жүректің оң жақ құлақшасымен аяқталатын жолдар (16-бейне).
Кіші қан айналым шеңбері немесе өкпе қанайналым шеңбері оң жақ қарыншадан басталып, өкпелік күретамыр, оның екі өкпелік артериясы, өкпелік қылтамырлар торы, өкпелік төрт веналар арқылы жүректің сол жақ құлақшасымен аяқталатын жолы.