Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Жүрек. Жүректің өткізгіш жүйесі



бет35/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова

11.4 Жүрек. Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек – сүйір, іші қуыс, бұлшық етті мүше. Оның артқы жоғарғы жағын негізгі, ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы деп атайды.
Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы еркектерде – 300 г, ал әйелдерде – 250 г, орташа ұзындығы – 13 см, ені – 10,5 см.
Жүрек үлпершегі – екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сыртқысын – талшықты үлпершек, ал ішкісін – сір үлпершек дейді.
Жүректің ішкі көрінісі. Жүрек төрт қуысты болады. Олар: оң және сол жақ құлақша, оң және сол жақ қарынша.
Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар ретімен жіберіп отырады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы бөлінген. Оң жақтағы құлақша мен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша, ал сол жақ құлақша мен сол жақ жақ қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша бар.
Жүректен қанды алып кететін қолқа және өкпе күретамырларының басталар жерінде үш жарты ай тәрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін вена күретамырлардың және өкпе веналардың құйылар жерінде де жарты ай тәрізді қақпақшалар болады.
Оң жақ құлақшаға үстіңгі жақтан жоғарғы вена күретамыры, астыңғы жақтан төменгі вена күретамыры құйылады. Сонымен бірге, оң жақ құлақшаға жүректің жалпы веналық тамырлары мен веналық қойнауы ашылады.
Оң жақ құлақша мен оң жақ қарыншаның арасында тесік, қарынша жиырылғанда үш жақтаулы қақпақша арқылы жабылады.
Оң жақ қарынша – сүйірлеу пішінді қуыс. Үш жақтаулы қақпақша осы оң жақ қарынша жағына қарай ашылады. Оң жақ қарыншада бір ғана ірі емізік тәрізді бұлшық ет, ал қалғаны майда бұлшықеттер болады.
Сол жақ құлақша – пішімі қисықтау төрт бұрышты болып келеді. Сол жақ құлақшаға төрт өкпе венасы ашылады.
Сол жақ қарынша – сопақша келген бір ұшы сүйірленген қуыс. Қарыншаның ішкі қабырғасында екі үлкен емізік тәрізді бұлшық ет бар. Сол жақ қарыншаның негізінде өкпе күретамырының тесігінде тұспа-тұс, аралық перденің жанынан қолқа тамырының тесігі ашылады. Одан қолқа басталады.
Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: эпикард, миокард, эндокард қабаттардан түзілген. Эпикард – жүректің сыртқы қабаты. Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады.
Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі — жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.



30-сурет. Жүрек. Жүректің өткізгіш жүйесі


Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында актин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады және ол шабандау жиырылады.
Эндокард – өте жұқа қабықша, құрылысы жағынан қантамырларға ұқсас. Эндокард бірыңғай-салалы бұлшықеттерден және серпімді талшықтарынан тұрады. Эндокард жүрек қуысын астарлап тұрады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарыншаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін бейқалыл элементтердің (түйіңдердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы жүректің өткізгіш жүйесі деп аталады. Ол синус — жүрекше (Кис-Фляк) және жүрекше-қарынша (Ашофф-Тавар) түйіндерінен, Гис шоғырынан, Гис сабақтарынан, Пуркинье талшықтарынан тұрады. Бұл құрылымдар жүрекке автоматизм қасиетін береді.
Жүрек автоматизмнің табиғатын түсіндіру мақсатында екі түрлі теория ұсынылған. Бірінші миогенді теория автоматизм қасиетін жүректің атипті ет талшықтарымен байланыстырады. Бұл теорияны жақтаушылар дәлел ретінде омырқалылар іштөлі (ұрығы) жүрегінің нерв элементтері пайда болмастан бұрын-ақ ырғақты жиырыла бастайтынын алға тартады. Екінші — нейрогенді теория автоматизм қасиетін жүректің нерв түйіндеріне таңады. Бұл теорияны қоддаушылар нерв жүйесінің қозғыштық қасиетіне сүйенеді. Бірақ терең морфологиялық зерттеулер атипті ет элементтері мен нерв түйіндері тығыз байланыста болатынын көрсетті, сондықтан қазіргі кезде автоматизм қасиетін жүректің жүйкелі — етті өткізгіш жүйесінің үйлесімді әрекеті қамтамасыз етеді деп есептейді. Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйініндегі зат алмасудың ырғақты өзгерістеріне байланысты.
11.5 Құрсақтағы нәрестенің қан айналысы. Дамудың бастапқы кезінде ұрық коректік заттарды сары уыздық қапшықтың тамырларынан алады (сарыуыздық қан айналысы). Кейін плаценталық қан айналыс дамиды. Осы кезден басталып нәрестенің коректенуі плацентаға тәуелді болады; плацентада ана мен нәрестенің тамырлар жүйесінің арасында функционалдық байланыс орнайды. Плацента нәрестенің қоректену мен тыныс алуын және алмасудың соңғы өнімдерін бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Плацентадан нәрестеге кіндік венасы, ал нәрестеден плацентаға - екі кіндік артериясы барады. Бұл тамырлар қосылып кіндік бауын құрайды. Плаценталық қан айналысында артериялық қан плацентадан кіндік венасымен нәрестеге барады.
Плаценталық қан айналысының ерекшелігі нәрестені таза артериялық қанмен емес, аралас қанмен жабдықтайтыны.
Жүктілік кезінде ұрық оттегін кіндік венасы арқылы бала жолдасынан алады. Қанның көп бөлігі бауыр арқылы өтеді. Қалған бөлігі вена өзегіне (3) өтеді және жалпы қан айналуға бауырдан өткеннен кейін, жүрекка келеді. Бұл уақытқа дейін, қан жартылай оттегіне қаныққан.
Ұрықтың жүрегінде қанның көп бөлігі сопақша тесік (1) арқылы сол жақ құлақшадан өтеді және одан үлкен қан айналу шеңберіне қайтып келеді. Қанның негізгі бөлігі оң жақ қарыншадан, өкпе артериясы және арнайы әкетуші артериясы, вена өзегі (2) арқылы үлкен шеңбердің тамырларына айдалады. Қанның аз бөлігі өкпе жүйесі арқылы өтеді. Содан кейін қан үлкен қан айналу шеңбері жүйесі және екі кіндік артериясы арқылы бала жолдасына айдалады.



31-сурет. Құрсақтағы нәрестенің қан айналысы


12.1 Қан айналуының кіші шеңберінің тамырлары
12.2 Қан айналуының үлкен шеңберінің артериялары
12.3 Қан айналуының үлкен шеңберінің веналары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет