15.4. Тері бездері. Тер бездері ұзындығы 30-90 мм қарапайым түтік тәрізді тармақталған бездер болып табылады. Тері бездерінің бездік эпителиймен астарланған секрет бөлетін немесе бездік бөлімдері тері шелінің шекарасында шумақтар құрап орналасқан, ал бездің шығару өзегі терінің бетіне тер тесігімен ашылады. Тер бездерінің екі түрін - мерокриндік және апокриндік бездерді ажыратады. Апокриндік бездер қолтықта және шат аймағында болады, мерокриндік бездер дененің басқа аймақтарында жайғасады. Адамдағы тер бездерінің жалпы саны 2,5 млн. шамасын құрайды, тәулігіне 700-900 см. куб. тер бөлінеді. Тер бездері бірқалыпты таралмаған, терінің 1 см2 ауданындағы тер безінің саны төмендегіше: алақанда - 1000, табанда - 500, кеуде мен құрсақта - 255, маңдайда - 172, сан мен сирақта - 79, арқада - 57 тер бездері болады. Тер бездері бүйректің қызметін толықтырады. Тердің құрамы зәрге ұқсас. Тер бездері организмнің су балансында маңызды рөл атқарады, термен организмнен дәрі-дәрмектер мен басқа заттар бөлінеді (20-бейне).
Практикалық сабақтар
№1-практикалық сабақ
Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі мүшелері. Сүйек құрылысы, түрлері. Қаңқа бөліктері. Сүйектер байланысы. Түрлері.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Адам қаңқасы. Қаңқа бөліктері.
2. Сүйек құрылысы, түрлері.
3.Сүйектер байланысы. Түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерді ортақ қабылданған анатомиялық терминдермен, адам денесінің жазықтықтары және бөлімдерімен таныстыру. Тақырып бойынша анатомиялық модельдер, суретті плакаттар, әдебиеттер, атлас, үлестірмелі материалдармен жұмыс. Сүйектің негізгі элементтерін атап, көрсетеді. Тұлға және қол-аяқтың сүйектерінің ерекше өзгешеліктерін атайды. Сүйек байланыстарын атап, жіктейді , буынның биомеханикасына талдау жасайды. Сабақ online режимінде сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі
Тапсырма №1 :
Адам қанқасының сүйектері атауларын кестеге 3 тілде толтырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |