Қазақстан ғаламторы: экономикадағы орны



Дата08.09.2017
өлшемі38,65 Kb.
#31831
Қазақстан ғаламторы: экономикадағы орны

Оспанов Жанғазы Мұхитұлы

Техникалық пәндер оқытушысы

М. Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі
Қазақстанда Kaznet-ке көптен бері байыпты зерттеу жасалып, бағалау жүргізілмеді. Әрине, оған деген әлеуетті қызығушылық төмендемей отыр. Интернетке қатынаушылардың деңгейі жөнінде дәл көрсеткіш жоқ: түрлі деректер бойынша 11-12 пайыз шамасын құрайды.

Kaznet-ттің серпінді дамуы үшін не қажет? Бірінші кезекте, әрине, интернет-ресурстар қажет. Өкінішке орай, осының салдарынан трафиктің 90 пайызы Runet-ке кетіп отыр. Контенттің жеткілікті түрде танымал болмай отырғаны және тар сегменттелуі туралы мына факті – қазақстандық өлшем бойынша айтарлықтай беделді сайттар 1-1,5 мың шамасында өздеріне қатынағандарды тіркегені айқақ бола алады. Runet үшін бұл көрсеткіш теңізге тамған тамшыдай ғана, күлкі туғызатын жағдай.

Солай болғанымен, Интернеттің қазақстандық сегменттегі үрдістердің бірі – Kz аймағында тіркелетін домендердің басым саны болып отыр. Бұдан шығатын қорытынды, домендердің басым бөлігі қор ретінде не одан әрі сату үшін, не тәртіп бойынша аты ретінде компанияның атауы және түрлі аббревиатурлар әрекет ететін корпоративті сайттар үшін тіркеледі.

Kz доменіне шығу – өсіп отырған экономика үшін толығымен табиғи үдеріс. Өзін беделді санайтын кез келген компания үшін онда өз сайтының болуы кәдімгі қажеттілік. Алайда көптеген бизнесмендер әзірге Интернетті өз клиенттерімен байланысатын коммуникацияның маңызды арнасы деп санамайды және бизнесті жүргізу мен дамыту үшін оны нашар пайдалануда.

Компанияларының мәліметтеріне сенсек, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушыларының саны 4,3 млн халықты құраған, бұл дегеніңіз ел халқының 26,5 пайыз үлесі?! Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға артқанын көрсетеді. Ең қызығы, ел азаматтарының 94 пайызы интернетті айына бірнеше рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді. Бұл зерттеулерді «ICT-Marketing» тәуелсіз зерттеу компаниясы (www.ictm.kz) жүргізіпті. Интернет үлкен идеологиялық құрал болғандықтан, оны дұрыс пайдалана білген жөн. Ең алдымен, ол үшін интернет тілін мемлекеттік тілге бұру қажет. Өкінішке қарай, бүгінде қазақша интернетті қалыптастырып, дамытуға жекелеген адамдар немесе кейбір ұлттық-патриоттық ұйымдар ғана атсалысып жүр, ал билік пен бизнес тарапынан салаға қолдау жоқ десе де болады.

Таяуда «Қазақстан интернет қауымдастығының» басшысы Шауқат Сабиров бір сұхбатында: «2011 жылы Мәдениет министрлігімен бірлесіп, қазақша интернет-жобаларымен дүмпу жасаймыз» депті. Кім біледі, мүмкін дүмпу болатын да шығар… Әйтсе де, қазіргі таңда қазақша интернет бірен-саран сайтты айтпағанда, негізінен блогтар арқылы ғана дамуда. Соған қарағанда, негізінен қазақтілді аудитория қалыптасқан, тек оларға ұсынатын сайттар мен порталдарымыз болмай тұр.



Қазіргі кездегі маркетингтің маңызды түрі – идеялар маркетингі. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастырылады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байланысты болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік маркетингтің қарама-қайшы анықтамалары кездеседі. Кейбір мамандар оны әлеуметтік немесе коммерциялық емес салада маркетингтің құралдарын қолдану десе, ал басқалары – біртұтас әлеуметтік жүйедегі маркетингтік қызмет деп атайды. Біздің ойымызша, әлеуметтік маркетинг қоғам мүддесін ескере отырып, әлеуметтік қатынастар айналасындағы қажеттіліктерді зерттеуге, сонымен қоса оларды қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, Қытайдағы отбасыны жоспарлау, нақты әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылық көмек пен материалдық ынталандыру жасау. Әлеуметтік маркетинг негізінде жұмыс істейтін компания, егер оның мақсаттары қоғам мүддесіне қайшы болса, өз мақсаттарынан бас тартады. «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ темекі компаниясының оқушылар арасындағы шылым шегуге қарсы жарнама науқаны және насихаттауы, әлеуметтік маркетинг логикасына сәйкес келеді.
Қазақстандағы интерент маркетинг тарихы әлі де болса дами алмай жатыр. Оның бірнеше себепетрі бар. Ең басты себеп мекетеп табалдырығындағы білімде. Мектепте информатика пәндерінің дұрыс жүргізілмеуінде.

  • «Информатика» пәнінде оқулықтарда ғаламтордың мүмкіндіктері, соның ішінде экономикалық мүмкіндіктері туралы бір де бір тарау, тақырып жоқ.

  • Университет, колледж, кәсіптік лицейлерде ақпараттық технологияларға байланысты пәндердің ешқайсысында бұл тақырып қарастырылмайды.

Қазіргі таңда дамыған елдердің экономикасының басым бөлігі ақпараттық сектор, дәлірек айтқанда ғаламтор экономикасы. Интернет маркетин арқылы экономикалық қандай білім, экономикалық қандай біліктілік және қандай таыстарға жетуге болатынын талдайық:

  • Интернет маркетинг: Онлайн сауда, онлайн дүкендер. Онлайн сауданың артықшылықтарын білетін елдер оны баяғыда ақ жүзеге асырған болатын. Қазақстанның да іскер азаматтары, оның ішінде студенттер де бар өздерінің жеке онлайн дүкендерін ашқан. Көптеген ірі онлайн сауда объектілерінің жылдық табыстары миллиондаған долларды құрап отыр.

  • Интернет маркетинг: аукциондар. Қазақстанда қазіргі таңда www.allegro.kz сайты аукциондық жүйені жасап, ғаламтор экономикасының көшін бастап отыр.

  • Интернет маркетинг: жеке сайттар. Жеке сайттарды ашу көп білімді талап етпейді, десе де оны дамыту, жариялау экономикалық білімдермен тығыз байланысты.

Қазақстан білім кеңістігі шектеулерден шығып, елімізге білімді, кәсіпкер, жан жақты азаматтар дайындау жолында еңбек етуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялардың күшін кеңінен пайдалану керек. Ғаламтор бар жерлерде шәкірттерді барынша оың тиімді, пайдалы жақтарымен таныстырып, мүмкіндіктерін арттыра беруіміз шарт.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет