«Адам анатомиясы мен гигиенасы»



Дата18.06.2017
өлшемі121,98 Kb.
Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды:

Директор Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Мұштанова Д.Ғ.

_______________ ________________ __________________

«___»__________ «___»___________ Хаттама №

«___»_____________



«Адам анатомиясы мен гигиенасы»

факультатив курсының күнтізбелік жоспары.

Пән мұғалімі: Бердибекова. Ж.Ж.

2014-2015 оқу жылы

Түсінік хат

Адам- эволяциялық дамудың жоғарғы сатысы , жер бетіндегі тіршілік біткеннің иесі. Мұндай дәрежеге жетуге адам өзінің іс-әрекетімен ықпал жасады.

Адам бірте –бірте өзін қоршаған табиғаттың сан алуан құпия сырларын тани білді. Табиғаттың түрлі құбылыстарына бейімделіп, табиғатты өз мақсатына сай өзгертуді үйренді. Табиғат заңдылықтарын түсініп, білу арқылы өз ағзасын зерттеуге де көңіл бөлді. Соның нәтижесінде биологиялық ғылымдар қатарына жататын – анатомия, физиология және гигиена ғылымдары дамыды.

Адам өз денсаулығын сақтау үшін өзінің дене құрылысын, ондағы болатын құбылыстарды білуі қажет. Гигиена ережелерін мұқият сақтау- денсаулықтың кепілі.

Денсаулық –саулық кепілі. Денсаулық деп - адамның дене, психикалық және әлеуметтік саулығы, жоғары еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік жағдайын айтады. Әрбір адам бала кезінен өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, онда денсаулығын едәуір дәрежеде сақтап әрі нығайтып қана қоймай, ұзақ өмір сүрер еді. Адам қандай да бір іс –әрекет қылса, оның нәтижесі өзінің денсаулық жағдайынан көрініп отырады.

Қазіргі кезде медицинаның жетістіктері мен өмір сүру жағдайларының жақсаруына қарамастан ауру адамдардың саны әлі де көп. Әрбір адам денсаулықтың зор байлық екенін біледі. Адам денсаулығының жақсы болуы- шектелетін мәсәле емес, үздіксіз жүретін процесс. Адам саулығының жақсы болуы үшін 50% пайызы оның әлеуметтік жағдайы мен өмір салтына байланысты болады. Адам өз саулығы үшін өзі жауап беруге міндетті .

Сондықтан «Адам анатомиясы мен гигиенасы » факультатив курсының бағдарламасы оқушылардың адам денсаулығы және оның өмірдегі басты құндылықтары туралы білімдерін тереңдету мен кеңейтуге , тірі табиғат дүниесі мен өзін танып білуге деген құлшынысы мен қызығушылығын ояту, адам денсаулығын сақтайтын және бұзатын факторларымен, себептерімен терең таныстыруға мүмкіндік береді.

Курстың бағдарламасы адамның психикалық, дене және рухани саулығын сақтау үшін салауатты өмір сүру мақсатында құрылды. Оқушыларға кәсіби бағдар береді, теорияның практикамен тығыз байланыстылығын қамтиды, оқушы бойында практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

«Адам анатомиясы мен гигиенасы » факультатив курсы 8-сыныптарда 34 сағатқа есептелген. (аптасына 1 сағат).

Факультатив курсының мақсаты:


  • адам организімінің қызметі мен құрылысы туралы білімдерін қалыптастыру;

  • адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау;

  • оқушының өз саулығын және салауатты өмір салтын сақтауда дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

  • мектеп оқушыларын салауаттандыру;

  • дербес гигиенаға дағдыландыру арқылы санитарлық- гигиеналық білімдерін арттыру;

  • аурудың алдын алу, жарақаттанудан, тірек қимыл жүйесінің бұзылуынан, әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану.



Курстың міндеттері:

  1. Оқушыларға адам денсаулығының бұзылу себептері туралы білімдерін

тереңдету мен кеңейту.

  1. Оқушыларды денсаулықтарын сақтайтын факторлармен жете таныстыру.

  2. Салыстыру, талдау , қайталау мен қорытынды жасау дағдыларын дамыту.



Биологиядан факультатив курсын оқытудың негізгі

оқу- тәрбиелік міндеті:


  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

  • Оқушының дүниетанымын кеңейту;

  • Мектеп оқушыларын салауаттандыру және санитарлық гигиеналық білімдерін арттыру;

  • Кәсіптік бағдар беру;

  • Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар .

Оқушы білуі тиіс:

  1. Адамның сыртқы және ішкі құрылысын жете тануды

  2. Адам денсаулығының бұзылу себептерін.

  3. Адам денсаулығын сақтауға жағдай жасайтын факторларды.

Оқушы істей алуы тиіс:

- Салыстыру, талдау және қорытынды жасай білуі.

- Пікірталасқа қатысу, топпен жұмыс жасау және шығармашылық

іскерлігін дамыту.

- Презентация жасау және қорғау.

-газет- баспагерлік жұмыс дағдысын игеру.



Бақылау түрі:

  1. Тест жұмыстарын жүргізу.

  2. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған презентациялар.

  3. Салауатты өмір салты жайлы қосымша материалдар

  4. Шығармашылық топтардың жұмыстарының қорытындысын

биологиялық газет түрінде шығару.
Күтілетін нәтиже:

  • Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді.

  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

  • Әр оқушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыра біледі.

  • Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін - өзі бағалау.

  • Танымдылық іс - әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады.

  • Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді.

  • Жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады.


Барлығы -34 сағат, аптасына 1 сағат.




Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін күні



Кіріспе

Адам ағзасын зерттейтін ғылымдар мен зерттеу әдістері. Анатомия, физиология және гигиена ғылымдарының даму тарихы



1
1







Антропология

1






Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері

1







Цитология

1






Адам жасушасының құрылымы мен химиялық құрамы

1







Гистология

1






Адам ұлпалары.

1







Ішкі мүшелердің топографиясы

1






Он екі мүшең сау болсын..

Мүшелер мен мүшелер жүйесі.



1







Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі

12







Эндокриндік жүйе.Эндокринология.

1






Эндокриндік жүйесі мүшелерінің

қызметтерінің бұзылуынан болатын ауытқулар



1







Жүйке жүйесі . Неврология.

2






Адамның жүйке жүйесінің гигиенасы.

1






Ми- сенің тұлғаңды қалыптастыратын мүше.

1







Сенсорлық жүйе.

1






Бес сезім...

Гигиеналық ережелері мен аурулары, олардың себептері мен аурудың алдын алу шаралары.



1







Био-сынақ ( тест жұмыстарын жүргізу)

1







Тірек –қимыл жүйесі.

3






Адам қаңқасы. Жануарлар мен адам қаңқаларының ұқсастығы мен ерекшелігі

1






Тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің аурулары мен гигиенасы (сколиоз, жалпақтабандылық) Гиподинамияның салдары

1







Адам ағзасының ішкі ортасы

5






Қан аурулары.

1






Иммундық жүйе-ағзаның қорғаныш қамалы.

1






Сенің аллергияң бар ма...?

1






ЖИТС және алдын алу шаралары

1






Тестік тапсырмалар, презентациялар, топтық шығармашылық жұмыстар, газет шығару қорытынды сынақ.

1








Жүрек және қан тамыр жүйесі. Кардиология


1






Жүрек- қан тамыры ауруларының алдын алу және гигиенасы

1







Тыныс алу жүйесі

1






Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары мен гигиенасы

1







Асқорыту жүйесі

3






Тамақтан улану мен тамақтану гигиенасы.

1






Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.

1






32 тісің сау болсын...Тіс гигиенасы

1







Зәршығару жүйесі. Урология .

1






Бүйрек аурулары және олардың себептері, гигиенасы

1







Зат алмасу және энергия айналымы.

2






Тамақтану және денсаулық

1






Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау жолдары.

1







Тері және жылу реттелу.

4






Терінің іріңді аурулары (шиқан, сыздауық)

1






Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары .

1






Терінің және киімнің гигиенасы.

1






Теріні күту ережелері. Бет, дене т.б күтімі

1







Адамның көбеюі мен дамуы.

4






Неге табиғатта екі жыныс өмір сүреді?

1






Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі мен гигиенасы

1






Жыныстық жолмен берілетін аурулар:

ЖИТС, мерез, соз



1






Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау

1






Қорытынды сабақ. Шығармашылық жұмыстарын қорғау

1





Әдебиеттер:


  1. Қ.Қайым. «Тіршілік танымы» Алматы- 2002ж

  2. М. Гилманов, А.Сартаев. «Жалпы биология». Алматы- 2006ж.

  3. «Биология және салауаттылық негізі»

  4. «Биология анықтамалығы»

  5. «Биология және салауаттылық негіздері» журналдары.

  6. Р.Әлімқұлова. «Биология 8-сынып»Алматы Атамұра 2008ж

  7. З. Жөкебауқызы. «Тәнтану» 9-сынып Алматы Мектеп 2002ж

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет