Адам анатомиясы: пәні мен мақсаты; даму тарихы, әдістері


тілерсек сүйектері (кости предплюсны, ossa tarsi)



бет11/19
Дата28.01.2022
өлшемі16,18 Mb.
#130097
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
а н

тілерсек сүйектері (кости предплюсны, ossa tarsi);

  • табан сүйектері (плюсневые кости, ossa metatarsi);

  • бақай сүйектері (фаланги, ossa digitorum).

    Тілерсек сүйектері – майда сүйектер. Олар: өкше, текше, қайықша, 3-еуі сына, топай сүйектері. Топай сүйегі улкен және кіші балтырсүйегімен буындасады.

      Табан сүйектері қатар орналасқан, 5 түтікше сүйектерден тұрады. Олардың басымен бақай сүйектері буындасады.

       Бақай сүйектері қолдың саусақтарындай үш сүйектен тұрады. Тек үлкен башпайда ғана екі сүйек болады.

      Аяқты еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары:

      Ұршық буыны (тазобедренный сустав, articulatio coxae) жамбастың ұршық ойығы мен сан сүйегі басының арасындағы буын. Сан сүйегінің басында дөңгелек жалғама бар. Ол арқылы сан сүйегіне қан тамыры, жүйке өтеді. Ұршық буынының қапшығы өте берік, ол жалғалармен бекіген. Оның ең берігі  мықын-сан жалғамасы. Ол 300 кг дейіенгі жүкті көтереді.

      Тізе буыны (коленный сустав, articulation genus) өте күрделі буын, онда үш сүйек: сан, үлкен балтыр сүйегі және тізе тобығы буындасады. Бұл буынның негізгі қызметі балтырды бүгеді, жазады.

      Тілерсек буыны (голеностопный сустав, articulation talocruralis) балтыр сүйектерінен және топай сүйегінен тұрады. Бұл буын аяқтың басы бүгіп жазып, қимылға келтіреді.

      Табанның сүйектері бір-бірімен қысқа буындар арқылы біріккен. Топай-өкше-қайықша буыны өкшенің бір көлденең буыны болып бірігеді (шопар буыны). Хирургияда аяқты кескенде осы буынның бойымен кеседі.

      Бақай буындары башпай сүйектерінің арасындағы қысқа буындар болып саналады




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет