Ашофф - Товар түйіні - жүрек қарыншасы мен құлақша аралығындағы түйінді айтады.
Кис-флек - оң жақ құлақша мен жоғарғы вена күре тамыры және оң жақ құлақ аралығындағы түйін.
Қан (гр.- haemo;лат. sanguine - қан) ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі.
Қолқа( aorta) - үлкен қанайналым щеңберінің артериясындағы ең жуан тамыр.
Артерия ( грек. ar- ауа; therein - ішіндегі) - қанды жүректен алып шығып , дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыр.
Вена ( лат. vena - көктамыр) - қанды организмнен жүрекке алып келетін ірі тамыр.
Қылтамыр ( лат. vasis - тамыр; capillaria - қыл) - ең жіңшке және тым жұқа қабырғалы тамыр.
Мұрын қуысы(casitas) - сүйекті негізден және шеміршектен құралатын мүше.
Көмей (көмекей)(larynx)- тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше.
Трахея -баронхқа ауаны алып келетін, шеміршек сақиналарынан тұратын үлкен ауа түтігі.
Өкпе (лат. pylmo - өкпе) - кеуде қуысының екі жағын толтыратын тынысалу мүшесі.
Бронх -өкпеге ауа тасымалдайтын трахеяның ең негізгі бөлігі.
Альвеола (лат. alveolus - ұяшық , көпіршік) - өкпе бронхларының өте ұсақ тармақтарының ұшындағы капиллярға толы домалақ не дөңгелекше келген, кең қуыс.
Ауыз қуысы (cauitas oris) - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грек. Stoma) осыдан стоматология деген ұғым қалыптасқан.
Тіл (lingua, glossa ) - қимылдап тұратын бұлшықетті мүше.
Тіс (dentes) - адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында орналасқан сүйек.
Эмаль–тіс сауыты бөлігін қаптап жатады. Ол ақ немесе ақшыл сары реңді.
Цемент (cementum) - тістің мойын мен түбірін қаптайтын қабат. Оның құрамында 32 (органикалық 68) анорганикалық зат бар.
Дентин –эмаль мен цементтің тұсын қаптап, тіс қуысының арасында тістің көп мөлшерін алып жататын қатты зат.
Асқазан (лат. ventriculus- қарын) - азық қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы.
Жіңішке ішек (intestinum tenue) - қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігін жалғастыратын мүше.
Ұлтабар (duadenum) - бауыр астында 12арқа және 1 бел омыртқа тұсында, құрсақ қуысының сыртында тазқарыннан басталып, таға тәрізденген пішінде ұйқыбездің басын орап жататын мүше.