|
Тоқ ішек (intestinum crassum) - асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.
Бауыр
|
бет | 3/3 | Дата | 14.02.2023 | өлшемі | 46,59 Kb. | | #168708 |
| Байланысты: АнатомияТоқ ішек (intestinum crassum) - асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.
Бауыр ( hepar)— қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Өт қабы (visica fellas) —алмұрт тәрізді, ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше.Ол бауырда орналасады.
Ұйқы безі (pancreas ) - қарынның астыңғы жағында 2 бел омыртқа тұсында орналасқан мүше. Ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі.
Инсулин - қандағы қанттың мөлшерін реттейтін ұйқыбезінен бөлінетін гормон.
Глюкоген - тірі организмдерде болатын көмірсудың негізгі қоры.
Бүйрек - зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас мүше.
Нефрон (грек. - nephonos - бүйрек) - бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Несеп ағар (лат. ureter)- бүйрек төбесінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа диін созылған түтікше мүше.
Қуық (лат. Vesica- көпіршік; urina - зәр, несеп) - бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
Ми (лат. encephalon - мый ) - сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерв жүйесінің меңгеру торабы.
Жұлын - адам мен омыртқала жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы - салмағы 0,5 - 0,7 г шағын без.
Эпифиз (томпақша без) - немесе жоғары ми қосалқысы ортаңғы ми аймағында орналасқан, салмағы 0,2 г.
Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|