Тұрақты(резидентті,индигенді,автохтонды) микрофлора – организмде тұрақты болатын микроорганизмдер.Транзиторлы микрофлора –организмде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз.Тұрақты микрофлораны облигатты және факультативті деп бөлуге болады.Облигатты микрофлора(бифидобактериялар,лактобактерия,пептострептококк,ішек таяқшасы және т.б. микробиоценоздың негізі болып,ал факультативті микрофлора (стафилококтар,стрептококтар,клебсиеллалар,клостридиялар,кейбір саңырауқұлақтар және т.б.)-микроценоздың аздаған бөлігі құрайды.Адам организмі және оның қалыпты микрофлорасы ортақ экологиялық жүйені құрайды.Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды,оның көпшілігі облигатты анаэробтар.Қалыпты микрофлораны құрайтын микроорганизмдер әртүрлі төзімді биологиялық үлбір түзеді.