Тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикация
Асқазан микрофлорасы
Асқазан микрофлорасы
Асқазан микрофлорасы лактобациллалар,ашытқылар, бірен-саран кокктар мен грам теріс бактериялардан тұрады.Бактерия концентрациясы 1 мл –де 103 төмен.Ішек микрофлорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН-ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер көп болады.Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында иілгіш пішінді бактериялар анықталады,олар көптеген патологиялық процестердің этиологиялық факторлары болып табылады
Асқазан-ішек микрофлорасы.
Асқазан-ішек микрофлорасы.
Ас қорыту жолының микрофлорасы өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып табылады.Мұнда микробтар асқорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония түзеді
Асқазан-ішек жолында бактериялар белсенді түрде өмір сүреді. Сонымен бірге колониялар анық қабат құрып өседі.Қышқылды орталы асқазанда және ішектің үстіңгі бөлігінде микроорганизмдер саны 1 мл-де 1000-нан аспайды, көбінесе лактобациллалар, энтерококтар,ашытқылар, бифидобактериялар, E.coli болады.