Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді
Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді.
Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді.
Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып бөлінетін, Н.П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.
Құрсақ ішінде (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады:
Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2-3 ай).
Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
Эмбриондық даму кезіндегі өзгешеліктер
Имплантация кезеңі. Ұзақтығы 40 сағат, демек 2 тәулікке созылады. Кейде бұл екі кезең қосылып кетеді, өйткені бұлардың медико-биологиялық маңызы өте зор. Бұл уақытта ұрықтанған клеткалардың 50-70 % дамымай қалады, ал тератогенді факторлар, әсіресе күштілер тобына жататындар, ұрықтың өміріне қатар туғызатын пaтологияға душар етеді (аплазия және гипплазия), немесе хромосомдық абберациясына, ия гендер мутациясына байланысты ауыр кемістіктер (ақаулар) пайда болуына әкеліп соқтырады.

Эмбрионалды (ұрықтық) кезең – ұзақтығы 5-6 аптаға созылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі болашақ баланың барлық ішкі мүшелерінің пайда болуы және олардың дамуы (органогенез) болып табылады. Сондықтан тератогендік факторлардың (ішкі және сыртқы) әсері ауыр және диспластикалық (кері даму) кемістіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Құрсақ ішінде дамудың 3-7 апта арлығындағы мерзім ең қауіпті кезең болып табылады. Баланың ерекшеліктерін зерттеу және оны қорғауға бағытталған жұмыстарды осы кезеңнен бастау керек.