Жоспар: Кіріспе
1.Доплер эффектісінің ашылу тарихы
2. Негізгі бөлім
Тәжірибелік зерттеулер.
Доплер эффектісінің мәні
Математикалық сипаттамасы
Релятивистік Доплер эффектісі
3. Қорытынды
Кіріспе Кристиан Доплер -(1803-1853) австриялық физик және астроном, Вена Ғылым Академиясының мүшесі(1848ж), Венада және Зальцбургта білім алған. 1847 жылдан бастап, Хемництағы Тау-кен академиясының профессоры, 1850 жылдан бастап Венадағы Политехникалық институтпен университеттің профессоры. Негізгі еңбектері жарықтың абберациясына, микроскоп пен оптикалық дальнометрдің теориясына, түстердің теориясы және т.б. арналған. 1842 жылы бақылаушы қабылайтын тербелу жиілігінің бақылушы қозғалысының жылдамдығы мен бағытының тербелу көзіне қатысты тәуелділік теориясын негіздеді.
Допплер эффекті бақылаушы қабылдайтын толқын жиілігінің сол тербеліс көзінің қозғалу жылдамдығына қарай өзгеруі. Мысалы,дыбыс(электромагниттік тербеліс) көзі бақылаушыға жақындаса, онда бақылау орнында жиіліктің артатыны, бақылаушыдан алыстаса, жиіліктің кемитіні байқалады.Радиолокациядаұшақтардың ұшу жылдамдығын, астрономиядаи жұлдыздар мен тұмандықтардың радиалды қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін пайдаланылады. Жұлдыздар қозғалысында бұл құбылыс көбінесе жарықтың қызаруы және көгеруі арқылы көрінеді. Алыстаған жұлдыздың жарығы қызара түседі, ал жақындап келе жатқан жұлдыздың жарығы көгере түседі.
1. Ашылу тарихы Доплер судағы толқындарды бақылай отырып, бұндай құбылыстар ауада басқада толқындармен болады деп жорамалдады. Толқындық теорияның негізін қалағанда, 1842 жылы ол бақылаушыға жарық көзінің жақындауы бақыланған жиілікті арттырады, ал алыстауы кемітеді деп есептеді. Доплер қабылаушы қабылдайтын, дыбыстық және жарықтық тербелістердің жиілігінің бақылушы қозғалысының жылдамдығы мен бағытының тербелу көзіне қатысты тәуелділік теориясын негізін қалады. Бұл құбылыс оның құрметіне Доплер эффектісі деп аталды.
Доплер бұл қағиданы астрономияды қолданды және оптикалық және акустикалық құбылыстар арасында қатысты зерттеу жүргізді. Ол барлық жұлдыздар ақ түс таратады бірақ түс олардың жерге немесе жерден қозғалысына байланысты өзгереді деп жорамалдады. Бірақ түстің өзгеруін ол уақыттардағы құрылғымен бақылу мүмкін емес болатын. Спектральді анализдің ашылуы ғана Доплер эффектісінің оптикада тексерілуіне мүмкіндік берді.