Реферат оптикадағы Доплер эффектісі Тексерген: Шоғжанова М. Б орындаған: Қадырбекова Д. Н қасымова А. Т



бет4/4
Дата25.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166376
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Доплер эффектісі ФИ-20К
Қазыбек Би 355 жыл-engime.org
Қорытынды:
Қолданылуы
Доплер эффекті Ғаламның бастамасы (үлкен жарылыс және қызыл ығысу) туралы заманауи теориялардың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл принцип жұлдыздардың қозғалу жылдамдығын өлшеу үшін және олардың ось маңында айналуын, планеталардың айналу параметрларын, Сатурнның сақиналарын, күннің фото сферасындағы турбулентті ағындарды, спутниктердің траекториясын, термоядролық реакцияларды бақылауда, физика мен техниканың (ауа райын болжауда, құқық қорғау органдарда қолданылатын радарларда) әр түрлі салаларында кеңінен қолданыс табады. Доплер эффектісі заманауи медицинада да қолданылады: ультрадыбыстық диагностика жасайтын құрылңылардың көпшілігі осы құбылысқа негізделіп жасалған. Негізгі қолданылу аумағы:
- Доплерлік радар — объектіде бейнеленген сигналдың жиілігінің өзгеруін өлшейтін радар. Жиілікті өлшеу арқылы объектінің жылдамдығы есептеледі. Доплерлік радарлар әртүрлі салаларда: ұшқыш аппараттардың, кемелердің, автомобильдердің, гидрометрлердің, теңіз және өзен ағыстарының, сонымен бірге басқа объектілердің жылдамдығын анықтауда қолданылады.
Астрономия:
- Спектр сызықтарының ығысуы арқылы жұлдыздар, галактикалар және т.б. аспан денелерінің қозғалысының радиалды жылдамдығын анықтайды. Астрономияда аспан жарықтарының радиалды жылдамдығын сәулелік жылдамдығы деп атау қабылданған.Доплер эффектісінің көмегімен аспан спектірі бойынша олардың сәулелік жылдамдығы анықталады. Жарықтық тербелістердің тоқын ұзындықтарының өзгеруі спектр көзіндегі барлық спектральді сызықтардың ұзын толқындарға қарай ығысуына әкеледі, егер сәулелік жылдамдық бақылаушыдан бағытталса қызыл ығысу, егер сәулелік жылдамдық бағыты бақылаушыға қарай болса, күлгін ығысу деп аталады.

3-сурет Қызыл ығысу


- Спектр сызығының ұзындығының ұлғаюы арқылы жұлдыздар фотосферасының температурасын өлшеуге болады.
Сұйықтар немесе газдар ағынының жылдамдығын контактісіз өлшеу. Доплер эффектісінің көмегімен сұйықтар және газдар ағынын жылдамдығы өлшенеді. Бұл әдістің артықтылығы ағынға қатысты датчиктерді орналастыруды қажет етпейді. Жылдамдық біркелкі емес орталарда (пішімдер бөлшектеріндегі, негізгі ағынмен араласпайын сұйықтар тамшыларындағы, сұйықтағы, газ көріршелеріндегі) ультродыбыстың немесе оптикалық сәулелену, толқындардың шашырауы бойынша анықталады.
- Күзетік сигнализациялар. Қозғалып тұрған объектіні анықтау үшін.

  • Координаттарды анықтау. Коспас-Сарсат спутниктік жүйелерінде жердегі аппаттық передатчиктеріндегі координаттар Доплер эффектісін қолдану арқылы қабылданған радиосигнал арқылы анықталады.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.Абдула Т. Аязбаев Физика курсының лекциялары Алматы, 2012 528 б.

  2. Ландау,Л.Д.,Лифшиц,Е.М.Теория поля.— Издание 7-е, исправленное.—М.:Наука, 1988.— С.158-159

  3. Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет