Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: тарихшы Е. Б. Бекмахановтың К.Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы



Дата08.02.2022
өлшемі16,38 Kb.
#123281
Байланысты:
Адам құқықтарының


Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: тарихшы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы
Қоғамдық саяси жүйеде 20 - жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл - әміршілдік жүйе 40 -жылдары шарықтай түсті. Бұл қағамдық - саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты оқылықтардың шегі болмады.
Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР - ға тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалыдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т.Шойынбаев пен м.Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды.
Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. “ Бекмаханов алдына қойған міндеті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық - ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм - ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. “ Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді” деуге негіз жоқ” деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова “Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр” деп көсілді.
Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов “еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік леиндік әдіснамадан ауытқымағанын” дәлелдеп шықты.
Ермұхан Бекмаханұлы
Ермұхан Бекмазханұлы Бекмаханов ( 15.02.1915 ж.ж. Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 06.05.1966 ж.ж. Алматы) -тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).
Оның бұл зерттеуі 1947 жылы “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан”деген атпен жарық көрді. Алайда Бекмаханов Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық монархиялық қозғалыс емес, ұлт азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін саясм қуғын сүргінге душар болды. Жазғандарынан бас тартпаған Бекмаханов алдымен партиядан шығарылды. 1951 жылы қазақ мемлекеттік университетіндегі жұмысынан босатылды, тіпті ғылыми атақ дәрежелері жарамсыз етілді. Енді оған ешбір жерде жұмыс берілмейтін болды. Көп ізденістермен өтініштердің нәтижесінде Алматы тысында бір ауылда мұғалімдік қызмет қана тапты. Сөйтіп кешегі ҚазГУдың белгілі профессоры бастауыш мектептерге тарих пәнінен сабақ бере бастаған еді.
Бірақ көп ұзамай, атап айтқанда 1952 жылы 5 қыркүйек күні Бекмаханов тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды.
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.
1946 – 1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, яғни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақтан тарихы кафедрасын басқарды.
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешумен ерекшеленеді. Оның еңбегінің бастсы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген “ХІХ ғасырдың 20 –40 жылдарындағы Қазақстан” атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.
Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16 - ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосты.
Сот шешімімен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені “ Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер” кітабында баяндалады.
СССР ға тарих институтының пәтуасынан кейін Бекмахановтың алдынан даңғыл жол ашылуы керек еді. Алайда қазақстандық тарихшылар мәскеулік ғалымдардың пікірін місе тұтпады. Сол жылы шілде айының 14-і мен 19-ы аралығында Бекмахановтың аталған кітабы Қазақ ССР ға тарих, археология және этнография институтында тағы да бес күн бойы талқыланды.
Е.Бекмаханов ұлдары Ерік пен Серік , Алматыда өткен талқылауда Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, М.Ақынжановтардың Мәскеудегі пікірлері сол күйі талқыланды, оған С.Толыбеков, А.Нұрқанов, Ф.Жизиевский, Б.Сүлейменовтер қосылып кітапты іске алғысыз етті. “Кенесарының патшалық Ресеймен күресін қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдары Қазақстанда хан билігін қайта орнатуға пайдаланбақ болды; буржуазияшыл ұлтшылдарды большевикше әшкерелеудің орнына Бекмаханов олардың еңбектеріндегі ой - пікірлерді сол күйі қайталады; буржуазияшыл - ұлтшыл “Алаш” партиясының жетекшісі Ә.Бөкейханов дәріптеді”.
Қорыта айтқанда, біріншіден Е.Б.Бекмаханов К.Қасымұлы қозғалысының феодалдық негізін жоққа шығарған жоқ, себебі: қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі кенесары қайта жасауымен өзгерген жоқ. Өндірістік қатынастың феодалдық сипаты кенесары арқылы күшейе түсті. Ол Қазақстан территориясын өзінің хандық тұқымының меншігі деп қарады. Екіншіден, Кенесары Қасымұлы орталықтандырылған қазақ мемлекетін құрып, олрды біріктіру, яғни, Қазақстанның көптеген тарихи қайраткерлерінің қолынан келмеген ғасырлық мәселені шешу. Патшалық билік феодалдар арасындағы алауыздықты үнемі тұтандырып отырды. Кенесары Қасымұлы бұл құбылысты бірн жола жойғысы келді.”Кенесары хан бастаған қазақ халқынаң азаттық күресі объективті түрде жалпы ұлттық мүддені көздеген, кіші халықтардың болашағына қамқарлық көрсете алған.
Реферат
(БӨЖ)


Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: тарихшы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы

Группа: Х-21-1


Орындаған: Ерғали Арайлым
Қабылдаған: Есенгелдиева С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет