Адам және оның денсаулығы
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)
8а-сыныбында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының типтік оқу жоспарларының нұсқаларын бекіту туралы №445 бұйрығын басшылыққа ала отырып биология пәнін тереңдете оқыту үшін 1 сағат қосымша берілді.
Кіріспе (2 сағат)
Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері. Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша тарихы. Салауатты өмір сүру туралы ұғым. Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Кемел адам және оның денсаулығы. Денсаулық – адам өмірінің басты көрсеткіші. Адам табиғатын зерттейтін ғылымдардың кіріктірілуі. Гуманистика ғылымы туралы қазіргі көзқарастар.
Адам – биологиялық түр ретінде (99 сағат).
Адам ағзасының құрылысы мен қызметіне жалпы шолу (13 сағат)
Адам организмінің жасушалық құрылысы. Жасуша органоидтары. Жасушаның химиялық құрамы. Адам организміндегі ұлпалар: эпительиалды,дәнекер, жүйке, бұлшық ет. Ұлпалардың құрылысы мен қызметі. Ұлпаларға тән ерекшеліктер. Мүшелер және мүшелер жүйесі. Адам ағзасының біртұтастығы, биологиялық жүйе.
№1.Зертханалық жұмыс. Адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу.
Көрсетілім:
Ғалымдардың портреті, сурет «Жасуша құрылысы», «Эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпалары».
Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі. Ішкі секреция бездері (7 сағат)
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гуморальды реттелу. Гипофиз. Қалқанша без. Қалқансерік безі. Тимус (айырша без). Бүйрекүсті бездері. Аралас бездер. Қарынасты безі. Жыныс бездері. Ағзаның қызметінің реттелу жолдары.
Көрсетілім:
Ішкі секреция бездері салынған кесте.
Жүйке жүйесі (9 сағат)
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Рефлекс – жүйке қызметінің негізі. Жұлынның құрылысы және қызметі. Бас мидың құрылысы және қызметі. Үлкен ми сыңарлары. Вегетативті жүйке жүйесі (симпатикалық, парасимпатикалық). Жүйке жүйесінің гигиенасы.
№2.Зертханалық жұмыс. Тізе рефлексін зерттеу және тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау.
Көрсетілім:
Кесте «Жүйке жүйесінің құрылысы», «Жұлын», «Бас миы», Диафильм «Мидың құрылысы мен қызметі».
Сезім мүшелері (10 сағат)
Сезім мүшелерінің құрылысы және маңызы. Рецепторлар. Көру анализаторы. Көздің құрылымы және қызметі. Көру қызметінің бұзылуы. Жақыннан, алыстан көргіштік. Көз гигиенасы. Есту мүшесінің құрылысы және қызметі, оның гигиенасы. Тепе – теңдік, бұлшық ет сезімі, сипап сезу, иіс және дәм сезу мүшелері.
№3.Зертханалық жұмыс. Көру жітілігін анықтау.
№4.Зертханалық жұмыс. Құлақтың есту қабілетін анықтау.
Семинар сабақ: Сезім мүшелері, климат және қоғам.
Көрсетілімдер:
Кесте «Иіс және дәм сезу мүшелері», «Көру анализаторы», «Құрастырылатын көз моделі», «Есту анализаторы».
Тірек – қимыл жүйесі (13 сағат)
Адамның тірек – қимыл жүйесі, оның құрылысы. Адам қаңқасы, адам және жануарлар қаңқасының ұқсастығы. Еңбек ету және тік жүруге байланысты адам қаңқасындағы ерекшеліктер. Сүйектердің байланысу түрлері. Сүйектің құрылысы, құрамы және қасиеті, сүйектің өсуі. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Бұлшық еттер. Бұлшық еттердің құрылысы және қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттің жұмысы. Бұлшық ет қызметіндегі жүйке жүйесінің маңызы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қажу, белсенді демалыстың маңызы. Тірек – қимыл жүйесінің дамуы үшін дене шынықтыру жаттығуларының маңызы. Омыртқа жотасының қисаюы мен түйе табандылықтың алдын алу.
№5.Зертханалық жұмыс. Кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.
№6.Зертханалық жұмыс. Сүйек сынғанда, буын шыққанда және сіңір созылғанда алғашқы көмек көрсету.
№7.Зертханалық жұмыс. Организмнің дамуы мен өсу деңгейін анықтаудың антропометриялық әдісі.
Семинар сабақ: Сымбат және денсаулық.
Көрсетілімдер:
«Адам мен сүтқоректілердің қаңқалары», кесте «Сүйектің құрылысы», «Адамның бұлшық еттері ».
Қан және қан айналым (18 сағат)
Ағзаның ішкі ортасы (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) және оның салыстырмалы тұрақтылығы (гомеостаз туралы). Қан құрамы. Қан плазмасы. Тромбоциттер. Қан ұю ағзаның қорғаныштық реакциясы. Эритроциттер және лейкоциттердің құрылысы мен қызметтері. Иммунитет. Иммунитет турады ілімнің қалануына И.М.Мечниковтың қосқан үлесі. Қан топтары. Қан құю. Донорлық.
Қан айналым мүшелері: жүрек және тамырлар (салатамыр, көк тамыр, қылтамыр). Жүрек, оның құрылысы және қызметі. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Тамыр бойымен қанның жылжуы. Қан қысымы. Лүпіл. Жүрек және қан тамырлар қызметінің реттелуі. Лимфа айналымы. Жүрек және қан тамырлар ауруларының алдын алу шаралары. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Шылым шегудің және ішімдіктің жүрек және қан тамырларына зиянды әсерлері. ЖҚТБ және басқа да жұқпалы аурулар және олармен күрес.
№8.Зертханалық жұмыс. Адам және бақа қанының микроскопиялық құрылысы.
№9.Зертханалық жұмыс. Мөлшерлі жүктемеге дейінгі және одан кейінгі тамырдың соғуын есептеу.
№10.Зертханалық жұмыс. Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету.
Семинар сабақ: «Қан аурулары және оның алдын алу ».
Көрсетілімдер:
Диафильм «Қанның құрылысы мен қызметі», кесте «Қан айналым жүйесі», мульяж, «Жүрек» ,кесте, «Қан кету және оның түрлері».
Тыныс алу жүйесі (4 сағат)
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасулар. Тыныс алу қозғалыстары. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік – гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелеріне қоршаған ортаның әсері. Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы. Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне зиянды әсері. Ауаны таза сақтау.
Көрсетілімдер:
Көмекейдің моделі, кесте, «Тыныс алу мүшелері».
Ас қорыту жүйесі (8 сағат)
Ас қорыту жүйесінің маңызы. Маңызды қоректік заттар және тамақ өнімдері. Ас қорыту жүйесінің құрылысы және қызметі. Ауыз қуысында тамақтың қорытылуы. Тістің құрылысы және оның гигиенасы. Сілекей бездері. Ас қорыту ферменттері және олардың маңызы. Ас қорыту мүшелерінің жұмысын зерттеудегі И.П.Павловтың еңбегі. Қарында және ішекте тамақтың қорытылуы. Бауыр және қарын асты бездері, олардың ас қорытудағы маңызы. Қоректік заттардың сіңірілуі. Ас қорыту процестерінің реттелуі. Тамақтан улану. Дұрыс тамақтану және денсаулық. Ішек- қарын ауруларының алдын алу шаралары. Шылым шегудің және ішімдіктің ас қорыту мүшелеріне зиянды әсері.
№11.Зертханалық жұмыс. Сілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Көрсетілімдер:
Кесте «Тістер», сурет,«Асқазан мен ұлтабардың құрылысы», сызба нұсқа, «Ас қорыту жүйесінің құрылысы ».
Зат және энергия алмасу (3 сағат)
Зат және энергия алмасуға жалпы сипаттама. Пластикалық және энергетикалық алмасу, олардың өзара байланысы. Май, белок, көмірсу, су және минералды тұздардың алмасулары. Ішімдіктің, улы заттардың және есірткінің зат алмасу процестеріне әсері.
Дәрумендер. Зат алмасу процесіндегі маңызы. Гиповитаминоз. Гипервитаминоз. Тамақ өнімдерінде дәрумендерді сақтау шаралары. Тамақтану нормасы. Дұрыс тамақтану.
Көрсетілім:
Бейнефильм. «Пластикалық және энергетикалық алмасулар».
Зәр шығару жүйесі (3 сағат)
Зәр шығару жүйелерінің мүшелері, олардың қызметтері. Несептің түзілуі. Несеп түзілуінің реттелуі. Зат алмасудың соңғы өнімдерінің ағзадан шығарылуының маңызы.
Көрсетілім:
Кесте «Зәр шығару жүйесі».
Тері .Жылу реттелу (3 сағат)
Терінің құрылысы және қызметі. Жылу реттеудегі терінің маңызы. Ағзаны шынықтыру.Тері гигиенасы. Киімге, аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Шаш гигиенасы. Тері аурулары. Күн өткенде, күйген кезде, үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
№12.Зертханалық жұмыс. Лупа арқылы қол ұшының сыртқы бетін және алақанды зерттеу.
Көрсетілім:
Кесте «Терінің құрылысы».
Көбею және даму (2 сағат)
Көбею. Көбею мүшелер жүйесі. Жыныстық ерекшеліктер. Ұрықтану және ұрықтың құрсақта дамуы. Нәрестенің дүниеге келуі. Баланың өсуі және дамуы. Ішімдіктің, никотиннің және басқа факторлардың ұрпаққа әсері. Соз және ЖҚТБ – ның алдын алу шаралары.
Көрсетілім:
Сурет «Аталық және аналық жыныс жүйесінің құрылысы».
Мінез – құлық және психика. Адам денсаулығы (6 сағат)
Адамның мінез –құлқы. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі туралы И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың ілімі. Шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстің қалыптасуының және тежелуінің биологиялық маңызы. Адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметінің ерекшеліктері. Сөйлеу және ойлау. Сана – мидың қызметі. Ерік – жігер, ес, эмоциялар, зейін. Тұлғаның жеке ерекшеліктері: қабілеттілік, мінез, темперамент. Биологиялық ырғақ. Ұйқы, оның маңызы және гигиенасы. Табиғи және әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі. Адам ағзасына қоршаған ортаның әсері.
Көрсетілімдер:
«Шартсыз және шартты рефлекстер». Адам миының моделі.
8-сыныпта өткенді жалпы қорытындылау – 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |