Зерттеу материалдарында микробтық метобалиттерді -дисбиоз маркерлерін анықтау (май қышқылдары, май қышқылды альдегитер, ферменттер және т.б.).Мысалы, нәжісте бета-аспартил - глицин және бета - аспартил - лизиннің анықталуы микробиоценоздыц бұзылуын дэлелдейді, өйткені қалыпты жағдайда бұл дипептидтер ішектің анаэробты микрофлорасымен метаболиттелінеді.
Қалыпты микрофлораны қалыптастыру үшін: а)селективті деконтаминациялау жүргізеді; б) лиофилді кептіру әдісімен тірі бактериалардан -ішектің қалыпты микрофлора өкілдерінен - бифидобактериялардан (бифидумбактерин), ішек таяқшаларынан (колибактерин), лактобактериялардан (лактобактерин) және т.б. алынған пробиотиктер (эубиотиктер) препрараттарын тағайындайды.