Адам ұрпағымен мың жасайды, дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н


§ 1.2 Педагогикалық технологиялар классификациясы



бет3/6
Дата25.05.2023
өлшемі110,5 Kb.
#177753
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физ астрон
Сабақ жоспары
§ 1.2 Педагогикалық технологиялар классификациясы
Бүгінде мектеп жұмысының теориясы мен практикасында оқу-тәрбиелік үрдістің көптеген нұсқалары жүргізіліп отыр. Әрбір автор және орындаушы педагогикалық үрдіске өзінің жеке еңбегін енгізеді, осыған байланысты әрбір нақты технологияны авторлық деп атап жүр. Бұл пікірмен келісуге болады. Дегенмен, көптеген технологиялар өзінің мақсаты, мазмұны, қоладынлатын әдістері мен құралдары арқылы жеткілікті түрде ұқсастыққа ие болады және осы ортақ белгілері бойынша бірнеше жалпыланған топтарға жіктеуге болады. Педагогикалық технологиялар төмендегі кластарға бөлінеді:

  • Қолдану деңгейіне қарай жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік, және модульдік технологиялар.

  • Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық, ғылыми және діни гуманистік және антигумандық, антропософиялық, және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және мәжбүр ету, т.б.

  • Психикалық дамудың басты факторлары бойынша: биогендік, социогендік, психогендік және идеалистік технологиялар. Бүгінде жеке бас биогендік, социогендік және психогендік факторлардың әсерлер жиынтығының нәтижесі болып табылады деп қабылданған, бірақ нақты технология олардың бірін ғана ескеріп, немесе ұтыс жасайды, оны негізгі деп есептейді.

  • Тәжірибелі меңгерудің ғылыми концепциясы бойынша: ассоциативті-рефлекторлық, бихевиористік, гештальт технология, интериоризаторлық, дамыта оқыту.

  • В.П.Беспальконың танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару типі бойынша: мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті алшақталған, циклдық, шашыраңқы немесе бағытталған индивидуалдық және автоматтандырылған, яғни оқу құралдарының көмегімен. Осы белгілердің байланысы технологияның дидактикалық жүйесін анықтайды:

  1. Классикалық дәстүрлі оқыту;

  2. Аудио-визуалды техникалық құралдар көмегімен оқыту.

Практикада осы монодидактикалық жүйелердің әртүрлі комбинациясы қолданылады, ең кең тарағаны:

  • Я.А.Коменскийдің дәстүрлі классикалық класс-сабақтық жүйесі, мазмұндаудың дәрістік әдісі мен кітаппен өз бетінше жұмыс комбинациясынан тұрады.

  • Қазіргі дәстүрлі оқыту алдыңғыны техникалық құралдармен байланыстыра қолданады.

  • Оқытудың топтық және дифференциалдық әдістері, педагог барлық топпен ақпарат ауыстыру, сондай-ақ жеке оқушыларға репетитор ретінде көңіл аударады.

  • Бағдарламалап оқыту, барлық басқа түрлерді жеке қолдана отырып, басқарудың адаптивті бағдарламасына негізделеді.

Эзотерикалық технологиялар эзотерикалық білім, оған апаратын ақиқат пен жолдар туралы оқуға негізделген. Педагогикалық үрдіс – ол хабарлама емес, қатынас емес, ол ақиқатқа қосылу. Эзотерикалық парадигмада адамның өзі әлеммен ақпараттық өзара әрекеттесудің орталығы бола бастайды.
Оқушылар категориясы бойынша неғұрлым маңызды және түпнұсқалы түрлері:

  • Дәстүрлі мектеп технологиясы, орташа оқушыға арналған;

  • Қозғалыстағы деңгей технологиясы, яғни пәндерді тереңдетіп оқыту гимназия, лицей, арнаулы білім және т.б.

  • Орнын толтыра оқыту технологиясы, яғни түзетулер жасау.

  • Әртүрлі виктимологиялық технологиялар (сурдо-, орто-, тифло-, олигофренопедагогика);

  • Жаппай көпшілік мектеп төңірегінде ауытқымалы, қиын немесе дарынды балалармен жұмыс технологиялары.

Сонымен қазіргі технологиялардың басым көпшілігінің атаулары модернизация және модификация мазмұнымен анықталады, оларда маңызды дәстүрлік жүйе кезедеседі.
Педагогикалық қатынастардың гуманизациясы мен демократизациясы негізінде педагогикалық технологиялар. Бұл технологиялардың іс жүргізу бағдары, жеке бас қатынастарының приоритеті, индивидуалдық жақындау, қатаң емес демократиялық басқаруы және айқын гуманистік бағыттағы мазмұны болады. Оларға ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің гуманды жеке бас технологиясы, Е.Н.Ильиннің адамды қалыптастыратын пән ретінде әдебиетті оқыту жүйесі, т.б.
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технологиялар. П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіруі (УДЕ), В.С.Библер мен С.Ю.Кургановтың «мәдениет диалогы» технологиясы, Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі, М.Б.Воловичтің ақыл-ой іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет