Адам ұрпағымен мың жасайды, дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н


§ 2.2 Физика және астрономия пәндерінің ескі және жаңа бағдарламасындағы айырмашылықтарға қысқаша шолу



бет5/6
Дата25.05.2023
өлшемі110,5 Kb.
#177753
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физ астрон
Сабақ жоспары
§ 2.2 Физика және астрономия пәндерінің ескі және жаңа бағдарламасындағы айырмашылықтарға қысқаша шолу
Егер қазіргі жаңа және бұрынғы ескі бағдарламаларды салыстыратын болсақ, айырмашылықтардың өте көп екендігі мұғалім емес адамға да бірден түсінікті. Себебі, ескі бағдарлама бойынша физика жеке пән, астрономия жеке пән ретінде оқытылатын, астрономия тек 11-класта ғана, бір жылдық курс болып қарастырылатын. Ал жаңа бағдарламаға келсек, 7-9 кластарда осы екі пән бір оқулыққа біріктірілген. Сонымен қатар 9-класта бұрынғыдан сағат саны да кеміген, ал берілетін материалдың ауқымы бұрынғыдан екі есе көп. Мысалы, бұрынғы астрономияда Кеплер заңдарына 2 сағат, планеталардың көрінерлік қозғалысына 2 сағат беріліп, аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтауға 1 сағат бөлінетін, ал қазіргі 9 класс бойынша Кеплер заңдары аса устірт қарастырылып, астрономиялық қашықтықты анықтау деген екі тақырыпқа бір – бір сағат қана бөлінген. Бұрын 5 сағатта оқылатын материалды оқушылар 2 сағатта меңгеріп шығуы қажет болады. Осы 9-класс оқулығында механикалық тербелістерден кейін бірден электромагниттік тербелістер беріледі де, оған екі-ақ сағат бөлініп, толқындарды да сәл осылай берген. Сонда айнымалы электр тоғы, айнымалы магнит өрісі қарастырылмай тұрып, электромагниттік толқын тақырыбын өту оқушыға өте түсініксіз болады. Ал, бұрынғы 11-кластың физикасында өте кең ауқымда қарастырылатын радиобайланысқа 1 ғана сағат бөлінген; атомның құрылысы мен кванттық физиканы біріктіріп, 6 сағат қана берілген, бұрынғы бағдарламада кванттық физиканың 1 өзіне ғана 9 сағат бөлінетін.
Ал, 9-класс пен 10-класс оқулықтарында кинематика екі рет қарастырылады (жаңа бағдарламада), 10-класта жаратылыстану – математика бағытымен оқытатын оқулықта оқушының өз бетімен қосымша оқып үйренуіне көп материалдар берілген; жаттығулардың есептерінің көбі жұлдызшамен (*) берілген. Ал * белгісі қиындығы жоғары есеп, яғни – олимпиада есептерінің қатарына кіретін есеп деген сөз. Егер «жаттығу» сөзінің мағынасына келетін болсақ, оқушы берілген формулаға ғана қойып шығарып, жаттығып көретін есептер деген ұғымды береді. Ал, жаттығуға олимпиада есебін кіргізіп қоюдың келеңсіздік жақтары да бар. 1-шіден, әзірге бұл жаңа оқулыққа есептер жинағы, дидактикалық материалдар басылып шыға қойған жоқ, сол себепті оқушыға үйге тапсырма беру кезінде оңай есептерді беру керек, ал бұл оқулықта (Кронгарт, Кем) 10 класс жаттығу есептерінің кейбіреуінде жартысынан астамы * мен берілген қиын есептер. Осы оқулықты құрастырушылардың бірі – В.Кем – физика-математикалық мектептің мұғалімі. Физика-математикалық бағыттағы мектептерде тек табиғи дарыны бар балалар мен қабілеттілігі өте жоғары балалар ғана оқиды. Біздің мына күнделікті қабылдайтын ақпарат көп дәуірде жай мектептің оқушылары – зейінділігі шашыраңқы, класс оқушыларының дені «3» - тік бағамен ғана оқитын оқушылар. Ондай оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар ғана беру керек болады. Егер оқушы қолындағы оқулықта жеңіл тапсырма болмаса, есеп жинағы болмаса, ерксіз бұл жұмысты мұғалімнің өзі қолына алуы тиіс. Осы орайда инновациялық технологияларға жүгінуге тура келеді. Сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысының ең негізгі тірегі және қозғаушы күші-ұстаз.
Мектепті жаңарту, сондай-ақ физика мен астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейге көтерілуіне тиімді жағдай туғызу бағытында жүргізілуі тиіс. Сондықтан адамның дарыны мен қабілетін белсенді түрде дамытуды қамтамасыз ететін, әрбір оқушыға білім алудың дербес жолдарын таңдау құқығын беретін оқу пәндерінің кешенін жасау қажеттігі туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет