№7 Зертханалық жұмыс «СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР СПЕКТРЛЕРІНДЕГІ СЕРИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУ»
Жұмыстың сипаттамасында берілген «Жұмыстың мақсаты», «Қысқаша теория», «Құрылғының сипаттамасы», «Жұмыстың орындалу тәртібі» бөлімдеріне шолу жасап және қысқаша конспект жазыңыз.
№4, №5 зертханалық жұмыста алған білімдеріңізді және спектропроекторда жұмыс істеуді, спектрлік сызықтарды теңестіруді естеріңізге түсіріңіздер.
https://youtu.be/PKvBtbgR0qc сілтемені басып №7 зертханалық жұмысты орындауға кірісіңіз.
Сілтеме арқылы видеожазбаны мұқият қарап шыққаннан кейін төмендегі пунктлерді орындаңыз.
Спектропроекторда спектрлік атластардың көмегімен алынған сілтілік металл спектрлік сызықтарының толқын ұзындықтарының алдын ала анықталған мәндері төменде 1 қосымшада кестеде берілген.
d-күйлердің сутегi тәрiздiлiгiн төмендегі (1) формуласын қолданып, деңгейлерiнiң End энергиясын табыңыз ( ).
(1)
3,4,5,6, …, 13,6 эВ.
Бордың жиiлiктер ережесi (төмендегі (2) форула бойынша) және Liатомының 1 қосымшада, кестеде берліген кванттық ауысуларды және тиiстi hv ( , с = 3∙108 [м/с] – жарық жылдамдығы, h = 4,1∙10-15 [эВ/с] – Планк тұрақтысы, – 1 қосымшадағы кестелік толқын ұзындық мәндері әрбір кванттық ауысу үшін [нм]), 6 пункттегі End мәндерін пайдаланып, Li атомының 2p, 3p, 2s, 4s, 4р деңгейлерi энергияларын табыңыз.