Сабақтың тақырыбы: §52. Тұрақты магниттердің магнит өрісі §53. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі25,33 Kb.
түріСабақ
Күні: Айы: Сынып: Нешінші сабақ:
Сабақтың тақырыбы: §52. Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі

§53. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі.



Сабақтың мақсаты: а) білімділік: тұрақты магниттерді қарастыру. Магнит өрісі деген не екенін түсіндіру.

б) дамытушылық: өмір тәжірибесімен ұштастыра отырып, ой өрістерін дамыту

в) тәрбиелік: күнделікті сабаққа дайындықпен келуге, өзара дұрыс қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электроскоп

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Жаңа сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма беру

6. Сабақты қорытындылау



1. Ұйымдастыру

2. Өткенді қайталау.

3. Жаңа сабақ

Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер деп – магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас (магнетит) жатады.

Тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, тұрақты магнит алуға болады. Токты ажыратқаннан кейін ол темір өзекше сияқты магниттелуін жоймай, ол қасиетін ұзақ уақыт сақтайды.

Тұрақты магнитте қызықты қасиеттер байқалады. Магниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі магниттеледі. Ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі бар. Бір ғана полюсі бар магнитті жасау мүмкін емес.

Құлабыздың негізгі бөлігі болып табылатын магнит тілшесімен, сендер әлдеқашан таныссыңдар және сендерге магниттік тілшеде оңтүстік және солтүстік полюстер бар екені мәлім.

Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзу магнит тілшесінің осі деп аталады.

Егер тұрақты магнит болып табылатын магнит тілшесіне тағы да сондай бір тілшені жақындатса, онда олар айналып, бір-біріне қарама – қарсы полюстермен қарап тұрады. Егер тілшене магнитті жақындатса, онда тілшенің және оңтүстік полюске тартылатынын байқауға болады. Тілшенің оңтүстік плоюсі магниттің оңтүстік полюсінен тебіліп және солтүстік полюскетартылады.

Магниті әр түрлі денелерге жақындата отырып, барлық денелер оған бірдей тартылмайтыны байқауға болады. Едәуір күші бар тұрақты магнит тек қана темір және болат заттарды немесе басқа тұрақты магниттерді тартады. Шамалы әлсіздеу магнит никель мен кобальтты тартады. Көптеген басқа денелер магнитке мүлдем дерлік тартылмайды.



Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі. Темір ұнтақтарының көмегімен тұрақты магнит өрісінің суретін алады. 105-суретте тғаа тәрізді және жолақ магниттер көрсетілген, ал 106,а-суретте тұрақты жолақ магниттің магнит өрісі, 106, ә-суретте таға тәрізді магниттің магнит өрісі бейнеленген.
4. Жаңа сабақты бекіту

  1. Тұрақты магниттер дегеніміз не?

  2. Болаттан жасалған шарды магниттеуге бола ма?

  3. Магнитті қыздырғанда, ол магнитсізденеді. Неліктен?

  4. Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?

5. Үйге тапсырма беру § 50,51. әңгімелеу , тарауды қайталау.
6. Сабақты қорытындылау
Каталог: uploads -> doc -> 0d91
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d91 -> Көкөніс пен жемістер
0d91 -> Сабақ «Балапан» бірінші кіші тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Данышпан тасбақа»
0d91 -> Мақсаты: а Білімділігі Оқушылардың ойы жүйрік, танымдылық деңгейіне жоғары дарынын ашу; ә


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет