Адамгершілік тәрбиесі Баяндама Адамгершiлiк



бет2/2
Дата20.09.2024
өлшемі1,86 Mb.
#204784
1   2
Байланысты:
Баяндама Адамгершілік тәрбиесі тақырыбында

әдептiлiк сипаттар
Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
— Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.
— Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.
— Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.
— Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.
— Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.
— Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.
— Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.
— Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.
— Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.
Бірінші курста «Тіл табысуға үйренеміз!» бағыты бойынша студенттерді қоғамдық өмірге бейімдеу үшін ұйымдастырылған кешенді іс- шаралар жеке тұлғаның интеллектуалдық, әлеуметтік психологиялық қабілеттерін арттыруға бағытталады. Бұл бағыттағы жұмыстар студенттерді колледж қағидаларымен таныстыру, «Өзін-өзі тану – өмір талабы» психологиялық тренингтер, «Мамандығым - мақтанышым» семинар, «Қызға қырық үйден тиым» тақырыбында дөңгелек үстел, «Сенің жұлдызды сәтің» фестивалі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
Екінші курста «Ойлауға үйренеміз» бағыты бойынша «Математикалық регата», «Қызықты информатика», «Интеллект-шоу», «Бүгінгі студент – ертеңгі құзыретті маман» тақырыбында өткізілген сайыстар ақпараттық оқу алаңын құруға бағытталды. «Тапқыр достар» интеллектуалды сайысы, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Құқық – әділет пен парасат жолы», патриоттық тәрбие беруде «Тәуелсіз елім - бақытым» атты шаралар ұйымдастырылды. Ұстаздар және ардагерлер күніне орай «Ардагерлер – ақылдың көрігі екен, ұстаздарым – ұлағат серігі екен» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтеді. Барлық топтарда дәстүрлі түрде педагогикалық еңбек ардагерлері және колледж жанынан құрылған «Ұрпақтар сабақтастығы» клубы мүшелерімен кездесу өткізіліп отырады.
Үшінші курста «Шығармашылыққа, өзін-өзі басқаруға үйренеміз!» бағытында өткізілген тәрбие шаралары студенттердің өз бетімен ізденуіне, пікірін ашып айтуға кез- келген жағдайдан жол тауып шығуына үйрету мақсатында ұйымдастырылды. «Жаһанша жастары» КТК тобы облыстық жарыстарға қатысып отырады. Халықаралық студенттер күніне арналған «Студенттік лайф» атты шара өткізіледі. Студенттердің диплом алды машыққа дайындығын байқау мақсатында «Еркін елдің болашағы» атты сайыс өткізіледі. Нәтижесінде студенттер үш жыл бойы меңгерген білімдерін көрсетіп, кәсіби біліктерінің жоғары екенін байқатты. Студенттердің кәсіби біліктерін арттыру мақсатында «Мамандығым - мақтанышым», «Жыл студенті» атты шаралар өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет