баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап), балалардың
өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап), қамқоршы немесе қорғаншы
құқықтарын теріс пайдалану (139-бап), еңбекке жарамсыз жұбайын
(зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап).
Жәбірленушілер ретінде жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар, ата-
аналар және асырап алушылар танылады. Жәбірленушілердің заңды
мүдделері олардың жасына, интеллектуалдық даму деңгейіне, денсаулық
жағдайына қарамастан заңмен қорғалады.
Жасөспірімдер деп жасы он төртке толмаған балалар саналады. Ал
кәмелетке толмағандар қатарына жасы он төртке толған, бірақ он сегізге
жетпеген адамдар жатады.
Бұл қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағы әр түрлі
әрекеттермен жасалады. Он қылмыстың төртеуі ("балаларын және еңбекке
жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі
жалтару", "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді
орындамау"‚ "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және "еңбекке
жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару)" әрекетсіздік
жолмен де жаса-лады.
Аталған қылмыстар өзінің құрылымы жағынан формальды құрамды
болып есептеледі, яғни объективтік жағының міндетті белгісі ретінде
қандай да бір қоғамға қауіпті зардаптың тууын қарастырмайды.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың
субъективтік жағы 138-бапта қарастырылған "балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
тиісінше орындамау" қылмысынан басқа қылмыстар кінәнің тікелей
қасақаналық түрімен сипатталады. Бірқатар қылмыстарда субъективтік
жағының міндетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе опасыз арам
ниеттер көрсетілген.
Бұл қылмыстардың субъектілері болып жасы 18-ге толған кез келген
есі дұрыс адам, не ата-аналар, педагог немесе кәмелетке толмағанды
тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да адамдар, еңбекке
қабілетті кә-мелетке толғандар және мемлекет қызметкерлері саналады. Ал
кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу және баланы ауыстыру
қылмыстары бойынша жауаптылық он алты жастан белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: