Антропосоциогенездің қазіргі замандағы тұжырымдамасы жәнеоныңнегізгіережелері.
Алғашқы австралопитектер (лат. australis - оңтүстік және pitekos - маймыл), яғни екі аяқпен алдыға жылжыған сияқты қазып алынған адам тәріздес приматтар Оңтүстік және Шығыс Африкада табылған. Палеоантропо-логия осыдан 3 млн. жылдан 5 млн-ға дейін олардың пайда болу көрінісі уақытты белгілейді, мұндай уақытша бытыраңқылық приматтарда "адами" ми құрылымын, іс-әрекеттің сипатын және т.б. анықтау дәрежесін әр түрлі тәсілдермен түсіндіреді.
Кейінірек, "маймыл адамдар" тек Африкада ғана емес, сонымен бірге Еуропада да мекендегені белгілі болды (гейдельберг адамы). Адамның орта-азиялық шығу тегі туралы теория белсенді түрде қалыптасты.
Органикалық дүниеден адамды бөлу проблемасының қазіргі замандағы баяндауы биологиялық және мәдениетті эволюция өзгешелігінің көрінуімен байланысты. Антропогенездегі барлық эволюциялық қайта түрлендірулер жеке және топтық іріктеп алудың аралас әрекетінің нәтижесінде болады.
Гоминдерді әлеуметтендіру процесінде тіршілік ету үшін күресте альтруизмге, яғни қауымдастық мүшелерінің игіліктері үшін құрбан болу қажеттіліктеріне үлкен мән беріледі. "Альтруизм гені" бойынша табиғи іріктеп алу тиімдірек болды. Адам генетикасы бойынша зерттеулер қазіргі замандағы адамның жануарлардан алып қалған этика принципінің қатарында генетикалық байланысты көрсетті. Жануарлардың тәртібі туралы білімді ұлғайту көлемі бойынша адам және жануарлардың өзгешеліктері туралы дәстүрлі түсініктерді қайта қарастырды. Барлығы жануарлар сана элементтерін игерген деген дәлел-деуді жиі келтіреді.
Адамның жануардан айырмашылығы тек сөйлей білуі ғана емес, бірақ адамның қажеттіліктерін "сана ағындарының" жекелеген элементтерін атап көрсету және іске асыруда жатыр.
Адамның қалыптасуындағы сатылы тұжырымдама біртіндеп жинақталады. Соған сәйкес адамның негізін салушыларды үш сатыға бөледі: австрало-питектер, архантроптар және палеонтроптар. 500 мың жылдан астам бойы бір саты басқасына өтеді. Осы қарқынмен гоминидтер дамуы неғұрлым ұлғаяды, шамамен 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы типті адамның негізін салушы ретінде неандерталдық пайда болды.
Әрине, адамның пайда болуының сатылы тұжырымдамасы барлық қисын-дылығында жануардан адамға "өту механизмі" пікірталас объектісі болып қалды. Егер XIX-XX ғғ. басында антропосоциогенездің дарвин-марксистік тұжырымдамасы басым болса, онда XX ғ. аяғында адамның шығу тегі туралы пікірсайыс әлі өзінің өткірлігін жойған жоқ. Адам "табиғат тәжі" ғана емес, ал генетикалық қателердің нәтижесі сияқты баяндалатын, галактикалық алапат апат өзгерістері (Үлкен жарылыс теориясы және т.б.) процесінде тірі табиғат дамуының эволюциялық бағдарламасының жаңылу өнімі деген көзқарас барынша белсенді түрді негізделеді. Бұл ретте антропогенездің еңбек тұжы-рымдамасының жақтастары өзінің дәлелдеуін дамытады және анықтайды.
Алайда, жандының пайда болуы сияқты адамның шығу тегі туралы проблема "мәңгілік" санына қатысты, яғни бұл мәселеде "соңғы нүкте" қойылуы ықтимал.
Адамның шығыс тұжырымдамаларының негіздері Адамның шығыс тұжырымдамасының мәні оның рухани жаратылысын мойындаудан, Құдайдың эманация нәтижесінен (уақыттың өтуі) тұрады. Шығыстық ойлау үшін адамға пантеистік пікір тән, соның шеңберінде Құдайды табиғатпен теңестіру жүреді, бұл ретте адамды құдайшыл мәнінің көрінісі ретінде қарастырады.
Шығыстық ойлау адамды Құдаймен теңестіреді, адам уақыт ағынында болады, ол ажал бағытындағы жолды көрсетеді, адам жаны мәңгілік өмір сүреді. Бұл түсініктерді көрсетудің біреуі болып реинкарнация – бір денеден басқа денеге жанды ауыстыру туралы ілім болып табылады. Осы жерден жанның ажалсыз екендігі, әр түрлі іске асыруларды оның қабылдау мүмкіндіктері туралы тезис қалыптасады.
Конфуцийлік, буддизм және сопылық шеңберінде адамды түсіну өзгешелігі ерекше көрінеді.
Адам туралы конфуцийлік ілім. Көне қытай ойшылы Конфуций адамды әлеуметтік жүйенің иерархия бөлімі ретінде қарастырды. Адам туралы конфуцийлік ілім әр түрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың әр түрлі мүмкін болатын стереотиптерін көрсетеді. Адамды табиғаттың ерекше объектісі, яғни табиғатқа бағынатын, бірақ оған қарсы тұра алмайтын ретінде қарастырады, бұл Көк пен Жер арасындағы адамның "аралық" жағдайы ретінде түсіндіріледі. Бір жағынан, адамды дүниенің бірегей жағдайы ретінде орын алады, ал басқа жағынан, - бірыңғай тұтас табиғатты құрайды.