Адамның шығу тегінің теориялары. Адамның маңызын тарихи іздеу Адамның ғарыштық тұжырымдамасы. Көне құжаттарды, аспан жараты-лыстарының пайда болуы туралы библиялық мәтіндерді талдау, Пасхааралындағы мүсіндер сияқты табиғи объектілерді зерттеу негізінде, жерден тыс өрке-ниет өкілдерінің Жерге келу (палеовизит) мүмкіндігі туралы тезис ұсынылады.
Ғарыштық келімсектер ер және әйел адамдардың пайда болуына мүмкіндік туғызды, өйткені адамзаттың қалыптасуына және дамуына қозғау салды деп жорамалданды. Палеовизит тұыжырымдамасы XXI ғасырда да өзінің жолын қуушыларды тапты.
Діни-мифологиялық тұжырымдама. Мифология алдыңғы ұрпақты "адастыру нысаны" ретінде емес, бірақ адамның өзін-өзі тануының маңызды сатысы ретінде қарастырылады.
Құдай көне египеттік философияда адамды қыш ортасында балшықтан жасайды, осы ұқсас түсінік шумер мифіне тән болып табылады. Антикалық дәуірде адамның пайда болуы оның Ғарышпен өзара байланысына немесе "микроғарышпен" (адаммен) және "макроғарышпен" (табиғатпен) өзара байланысы бірыңғай тұтастық ретінде қарастырылды.
Христиандық шеңберінде адамзаттың тұтастығы, оның Құдаймен қатынасы туралы ілім тұжырымдалды.
Адамды, Қасиетті жазу бойынша Құдай дүниені жаратқаннан кейін соңғы (алтыншы) күні жаратты. Христиандық антропология адамды табиғат (биологиялық) және табиғаттан тыс (теологиялық) салада шектейді. Адам дене, жан, рухтан тұрады. Адамның дене өмірінің басқа жанды тіршілік иелерінен айырмашылығы болмайды. Жан кез келген тірі ағзада болады. Рух - тек оған ғана тән адамның жоғары көрінісі. Рухтың пайда болуы әрбір адамның өмірінде "басшылық бастауы" болуы тиіс.
Біріншіден, адамға жаратушы мен жаратылыстың, рух пен дененің, екіншіден, оған сәйкес тек адам оның барлық нысандарындағы дамудың бастапқы нүктесі болып табылатын антропоцентризмнің қарама-қайшылығы ретіндегі дуализм (қосарланушылық) тәсілінің негізі қаланды.
Ғылыми-жаратылыстану тұжырымдамасы. Адамның пайда болуының ғылыми-жаратылыстану түсіндірмелерінің алғашқы әрекеттерінің біреуі Аристотельдің адамды ең «жоғары дамыған жануар», тек сөйлеумен және ойлаумен ерекшеленеді деп атаған көзқарасымен байланысты. Зоопсихология айналыса бастаған жануарлар мен адамдар арасындағы жалпы мен әр түрлі ерекшеліктер мен сипаттамаларды іздеу дәстүрі біртіндеп пайда бола бастайды. XVIII ғ. К. Линней табиғат объектілері мен құбылыстарын және оған адам-homo sapiens (Ақылды адам) да енетін бірыңғай жүйесін енгізуді ұсынды.
Ч. Дарвин келесі бекітулерде негізделген адам эволюциясы принципін тұжырымдады: а) адамның бастауы үшінші кезеңге түр ретінде қарастырады; б) адамның арғы ата бабалары адам тәріздес маймылға ұқсас жаратылыс болып табылады; в) адамның пайда болған орны - африкалық континент.
Адамның қалыптасуының негізгі биологиялық факторлары және заңдылықтары: а) түзу жүру; б) жоғары приматтардың алдыңғы аяқтарын арнайыландыру; в) айқын сөйлей алу; г) дамыған сезім органдары; д) ми қызметі. Солардың негізінде Дарвин бойынша адамның тууы биотикалық, абиотикалық және әлеуметтік факторлар және жағдайлардың өзара әрекеті ретінде болды.
XIX ғ. ортасында эволюциялық процесте адамды тартуды растайтын фактологиялық материал біртіндеп жинақталды. Адамның рудиментарлық (лат. rudimentus - өскін) органдары, яғни өзінің функциясын тарихи жағынан жоғалт-қан ағзаның дамымаған элементтері эволюция куәсі ретінде қарастырылды. Биологиялық кітаптардың барлығында балалардың: "арыстан секілді" және "құйрықты" ұл балалардың, біреуі - арыстанның басына ұқсас, ал екіншісі құйрықты рудиментпен түскен фотосуреттері берілген.
Марксистік тұжырымдама. Адамның шығу тегі туралы Дарвин тұжырымдамасы антропогенездің марксистік еңбек теориясының негізінде қаланды.
Оның мәні Ф. Энгельстің "Адамның маймылға айналу процесіндегі еңбектің ролі" (1876) атты еңбегінде баяндалған. Биология, антропология және басқа ғылымдармен жинақталған материалдарды байыту келесі қорытындыны тұжырымдауға мүмкіндік береді. Биологиялық эволюция процесінде еңбекке өтудің алғышарттары жасалады, алайда еңбек адам қызметіне тән қару-жарақты дайындаудың басталуымен, сөйлеу және ойлаудың пайда болуы ерекшеліктерін меңгереді, бұл ерекшеліктер өмірдің әлеуметтік нысандарының қалыптасу және даму процесінде, өз кезегінде еңбек қызметімен байланысты күшейеді. Адам сыртқы табиғатты түрлендіре отырып, өзінің әлеуметтену дәрежесін арттырады.