Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер Сабақтың мақсат-міндеттері: а білімділік



Дата25.06.2017
өлшемі72,72 Kb.
#20025
түріСабақ
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

№249 мектеп-лицейдің

Бастауыш сынып мұғалімі

Үсеналиева Анар

2-сынып

Дүниетану




Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер


Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға мәдени өсідіктер туралы мәлімет бере отырып,қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру

Ә) дамытушылық:

Танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды эстетикалық әсемдікке баули отырып, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту (Л.В.Занков және Д.Б.Эльконин)

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

Панорамалық сабақ

Сабақтың әдістері:

Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,талдау-жинақтау, сәйкестендіру тесті

Оқыту формасы

Жеке,ұжымдық

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

АКТ құралдары

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Ана тілі


Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-оқушылармен амандасу

-оқушының назарын сабаққа

аудару;

-оқу құралдарының дайындығын



қадағалау
«Жылы тілек» стратегиясы

көрсетілген суреттер арқылы тілектер тілету

-күн суреті

-ту суреті

- Балалар, қазір көрсетілген суреттерді қарап отырып, сол суреттерге қатысты тілектер тілеп сабағымызды жақсы тілекпен бастайықшы

- «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген ,қане жақсы сөзбен,жақсы тілекпен сабақты бастайық.




-амандасу;

-сабаққа дайындалу;

-суреттерге қарап отырып, жылы тілектер тілеу арқылы сабақты бастау

Күн суреті

-күніміз ашық болсын,адамдар бір-біріне күн жылуындай жылылық сыйласын, күндей күлімдеп жүрсін т.б
-ту суреті

Туымыз желбіресін,еліміз тыныш болсын,тәуелсіз еліміз жасасын! т.с.с



ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

-Осындай жақсы тілекпен сабақты бастайық.

-Ендеше қазір «Бөлшек бейнелер» ойынын ойнап жіберейік

Балалар, бұл ойын үлкен көлемдегі біртұтас суреттің жеке-жеке бөлшектерін жинап құрастыру арқылы жүргізіледі (басқатырғыш, адамды ұшқыр ойлауға үйрететін ,логикасын дамытатын ойын түрі,жас ерекшеліктеріне қарай ірі топқа 6 бөлшекке бөлу)

-Ол үшін 3 минут уақытта алдарыңа берілген бөлшек бейнелерді құрастыру арқылы қандай сурет жасырынғанын табамыз.

- балалар, кімде ненің бейнесі пайда болды? Алдарыңдағы бейнені тақтадағы суретпен салыстырыңдар, бұл дұрыс нұсқасы

- Бұл суретте не көріп тұрмыз?



Ой қозғау

- Жеміс –жидек,көкөністер,ол туралы не білеміз?(оқушылар ойын тыңдау)

-бұл жеміс-жидектер,көкөністер табиғаттың қай бөлігіне жатады?

-тірі табиғатқа жатады екен,ал тірі табиғаттың қай түріне жатады? Әрине,өсімдіктерге жатады



Алдарына таратып берген бөлшектерден дұрыс бейнені құрап шығару

-тақтада көрсетілген бейнемен салыстыру

-жеміс-жидектер мен көкөніс туралы не білетіндерін ,ойларын айту


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға

байланысты жұмыс



- Ендеше бүгін өсімдік туралы сабағымызды бастаймыз.

-Балалар сендер «мәдениет» , «мәдени» деген ұғым атауын естіп көрдіңдер ме?

- Ол сөз нені білідіреді?



Жаңа ұғым

Мәдениет адамның өз қолымен,ақыл-ойымен жасағандардың бәрін қамтиды. Ол тазалық ережелерін сақтаудан бастап,үлгілі шығарма жасау түрлерінің бәрін қамтиды

Тақырыпты тану

-Сонда мәдениет ,мәдени деген сөз адамның өз қолымен,ақыл –ойымен жасағаны болса,ал мәдени өсімдік деген қандай өсімдік болуы мүмкін? (оқушылардың тақырып атауы туралы өз ойларын,пікірлерін тыңдау)

Сонымен, мәдени өсімдік адамдырдың өз қажеті үшін қолдан өсірген өсімдіктері екен.

Ендеше, оқулықты ашып, бүгін мәдени өсімдіктер туралы білейік



Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс)

-мәтінді оқушыларға тізбектетіп оқыту;

-мұғалімнің толық оқуы

-бір оқушыға толық оқыту

-мазмұнын талдау-жинақтау

-балалар, мәтін мазмұнынан не білдік? (оқушылардың ой пікірін тыңдау)



Кері байланыс

-Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойдырту - қазір,осы мәтін мазмұны бойынша бір-бірімізге сұрақ қояйықшы, «мұғалімге сұрақ» немесе «достарым сұрақ» деп айта отырып сұрағымызды қояйық, кім жауабын біледі,сол оқушы жауап беруге болады



-«мәдениет» , «мәдени» деген ұғым атауы туралы білгендерін айту

Жаңа ұғыммен танысу

-Жаңа ұғыммен байланыстары отырып, тақырыптың нені білдіретіін табу,тану
Оқулықпен жұмыс жүргізу

-дәптерге тақырыпты жазу

- мәтінді оқу

-мәтін мазмұны бойынша сұрақтар ойлау,қойылған сұрақтарға жауап іздеу




Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Семантикалық картамен жұмыс

Өсімдіктің өсу жолдары

-бейнебаян арқылы өсімдіктің өсу жолдарын жазу



Өсімдіктің өсіп,өнуі

Алдымен




Сонан соң




Одан кейін




Одан кейін




Одан кейін




Әрі қарай өсімдік жақсы өсуі үшін....




Лабораториялық жұмыс

Топырақтың түлерімен таныстыру, құнарлы өсімдік өсетін топыраққа қарап,оны сипаттау
Сәйкестендіру тесті
Өсімдік Өсімдік Пайдаланылуы

атауы түрі

Картоп

Бидай ұн тартады

Қызанақ

Қияр жеміс май алады

Картоп көкөніс

Күнбағыс мал азығы

Зәйтүн

Мақта тағам ретінде


ІV.Жаңа білімді бекіту

«Доппен бірге» ойыны арқылы бекіту

Допты сұрақ қою арқылы оқушы беру,оқушы жауап беріп, басқа оқушыға сұрақ қою арқылы беру



Допты қағу арқылы сұраққа жауап беру және сұрақ ойлап, өзгеге беру

V. Үйге тапсырма. Қорытындылау

Сурет бойынша ой қозғау, көшет деген не? Оны қалай дайындайды ? осы тақырып төңірегінде ізденіп жауап беру

Сурет бойынша ой қозғау, көшет деген не? Оны қалай дайындайды ? осы тақырып төңірегінде іздену


VІ.Бағалау

Суммативті және формативті бағалау арқылы

Өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау,



Жақсы қатысқан оқушыларды талпындырту Орташа қатысқан оқушыларды ынталандыру;




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет