Сабақтың мақсаты: Етістік туралы берілген білімді қайталау, пысықтау, бекіту. Ойын арқылы оқушылардың білімін тексеру



бет1/2
Дата04.08.2017
өлшемі255,63 Kb.
#22774
түріСабақ
  1   2
Cабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

1. Етістік туралы берілген білімді қайталау, пысықтау, бекіту.Ойын арқылы оқушылардың білімін тексеру.

2. Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Әдептілікке татулыққа, жылдам ойлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың міндеттері:

  1. Сауатты жазуға дағдыландыру.

  2. Көркем жазуға баулу

  3. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.

  4. Сөздік қорларын молайту

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын,іздену,топпен жұмыс.

Техникалық құрал: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған плакат, кесте, таратпа материалдар, суреттер бейнеленген плакаттар, мақал – мәтелдер, сызбалар,көңіл күйлер бейнеленген дөңгелектер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сынып 2 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық дайындық.

Арайлап бүгін  таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Тілеймін сендерге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Жайнай түсті даламыз ,

Жарқырайды ауылымыз.

Қуанышты күн бүгін  !

- Балалар алдымен біз айналадағы  қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен қарсы алайық.

Армысыз  қайырымды аспан — ата !

Армысыз мейірімді жер – ана!

Армысыз шұғылалы алтын – күнім !

Армысыздар құрметті қонақтар!

Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.  Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.

II Үй тапсырмасын тексеру

Сонымен балалар  мен сендерге үйге өткен тақырыптағы ережелерді қайталап, жаттап келуге бергенмін.Қазір біз өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтарға жауап беру арқылы біз сендермен   «Білім » ағашына қамқорлық жасаймыз.

- Ал, балалар,ендеше сұрақтарды мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысамыз.

-Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не ?



Жіктік жалғауы адамның кім екенін кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады.

-Зат есім неше жақта жіктеледі?



Зат есім үш жақта жіктеледі.

-Жіктік жалғаулы зат есімде қандай сөйлем мүшесі болады?



Баяндауыш.

3.Жаңа сабақ: Қазір біз бүгін өтетін тақырып бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді табу арқылы біз  «Білім» ағашының жемісін көреміз.

1.Сөзжұмбақ шешу «Етістік»

а/жіптің серігі

ә/ жаңғақпен қоректенетін аң

б/түнде азығын аулайтын құс

в/Қазақстанның елордасы

г/қу аң


ғ/ кішкентай бауырың

д/қыстан кейінгі жыл мезгілі










Е










Т



















І













С
















Т
















І



















К












-Өте жақсы балалар. Енді барлығымыз жасырын сөзді оқиықшы. Етістік. Балалар міне біз «Білім» ағашының жемісін де көрдік. Сонымен балалар бүгін біз «Етістікті» қайталаймыз.


- Балалар енді біз «Білім» ағашының  сиқырлы алмаларын терейік. Ол үшін сендер берілген сызбаны толықтыруларың керек.



2.Сызбамен жұмыс







Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып қалайық.

- Өте жақсы, балалар. Енді қазір барлығымыз оқулықтың 111-бетіндегі 1- жаттығуға қарайықшы.Бұл жаттығуды қазір біз жазбаша орындаймыз. Өлеңді көшіріп жазып, сұрақ қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді табамыз.



Кім не істеді?

Атам мал бақты,

Апам от жақты,

Ағам отын үйді,

Жеңгем тары түйді,

Әкем жүк түсірді.

Анам ас пісірді,

Әпкем суға кетті,

Қанша адам еңбек етті?

3.Келесі тапсырманы орындау барысында біз кестеден етістіктерді табамыз.


Ж

П

С

Е

К

І

Р

А

Ұ

Ш

А

Д

Ы

Щ

У

Д

Ы

Е

Ж

П

С

Б

Ф

С

К

А

В

У

И

Ң

Т

Т

П

Г

А

Л

Е

Ы

І

Т

Ы

Р


4.Ой ширату

2 топқа орын ауыстырылған мақалдар беріледі.Оқушылар мақалды құрастырып жазып, етістікті табады.





Дәптермен жұмыс.

-         Балалар енді барлықтарың дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар.



Көркем жазу.( кітап, дәптерлер)

Каталог: uploads -> doc -> 1172
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1172 -> "Көкпар" білім сайысы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет