Информатика кафедрасының ғылыми – зерттеу бағыты «Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологияларын зерттеу негізінде кәсіби даярлау» тақырыбы бойынша
талдау
(2012-2015 оқу жылдары)
2012-2015 оқу жылдарында Информатика кафедрасы «Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологияларын зерттеу негізінде кәсіби даярлау» бағытында жұмыс жасады.
Мақсаты: Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін ақпараттық технологияларды ғылыми-педагогикалық зерттеу арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының білім беру үрдісінде жүзеге асырылуына жағдай жасау.
2. Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын жетілдірудегі іс-әрекеттеріне ықпал ету.
3.Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ақпараттық технология арқылы жетілуіне қолдау көрсету.
Осы бағытта жұмыс жасай отырып кафедра ұжымы еңбек етті. Біршама жұмыстар жасалынып, білім беру үрдісін жетілдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |