Бағалау критерийі
Білім алушы
мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер
мен пікірлерді өңдей білу
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз
Мұхит маңызды орта түзуші қызметін аткарады. Жердегі өмірдің тіршілік етуі үшін мұхиттардың мәні өте зор және ол минералдық заттардың айналымын жүзеге асыруда, атмосфераның газдық құрамы мен климатты қалыптастырудағы қызметтерімен анықталады. Мұхит метеоүдерістердің қалыптасуына зор ықпал етеді. Әрине, төменгі ендіктердегі су көлемі тропиктік аймақтарда, Күннен алынған жылуды жинақтайды, ал пайда болған ағымдар оны жоғарғы ендіктерге ауыстырады. Жылудың қайта бөлінуі өз кезегінде атмосфералық циркуляцияны туындатады. Мұхит пен атмосфера арасындағы жылу алмасу ақыр аяғында климат пен ауа райын анықтайды.
Мұхит суларының биологиялық ластануы да маңызды мәселелердің бірі. Мұхиттарға өзен ағыстарымен келіп түсетін ауру тудыратын микроағзалардың негізгі бөлігі жағалау аймақтарындағы тіршілік ету ортасына тез бейімделеді. Осы микроағзалар
теңіз өнімдеріне жиналып, адамдардың жаппай ауруына себепші болады. Мұндай жағдайлар соңғы жылдары Жерорта теңізінде жиі байқалып жүр. Оның кейбір жерлерінде ауланған балықтың 80%-ы микроағзалармен уланған. Әлемдік мұхитта батпайтын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтар әсерінен механикалық ластанулар едәуір көбейіп кеткен. Әлемдік мұхиттың физикалық ластануы оның радиоактивті және жылу көздерінен ластануынан туындайды. Радиоактивті өнімдер мұхитқа ядролық қаруларды сынаудың әсерінен түседі және де арнайы контейнерлердегі радиоактивті қалдықтарды тастау барысында түрлі ақаулар туындап, үлкен аумақтарды ластайды. Мұхиттың жылу арқылы ластануы да қауіпті. Электр станцияларынан және басқа көздерден түсетін жылымалы сулар жағалаулардағы экожүйелердің экологиялық тепе-теңдігін бұзылуына алып келеді, ғалымдардың
есептеулері бойынша, мұхиттарға түсетін жылымалы сулардың көлемі әрбір 8-10 жыл сайын екі есеге артып отырады.
Тапсырмалар :
1 .Мәтіндегі негізгі ойды анықта---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2. Көтерілген мәселеге баға бер -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Мәліметтер мен пікірлерді өңдеп қайта жаз