Адамзаттың өмір сүру тарихында әдептің негізгі проблемалары жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің, адамның өмірі мен өмір сүруінің мәні, әділеттілік пен тиісті өмір сүру проблемасы болды
Байланысты: Адамзатты мір с ру тарихында депті негізгі проблемалары жа с
Этикалық жағдайды (моральдық қиындық, тосын әлеуметтік жағдаяттар, қоғамдағы өзекті этикалық мәселе, тұлғаның ішкі және тұлғааралық қақтығыс) бағалауды негіздеу және кейс-талдау
Адамзаттың өмір сүру тарихында әдептің негізгі проблемалары жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің, адамның өмірі мен өмір сүруінің мәні, әділеттілік пен тиісті өмір сүру проблемасы болды. «Этика» термині алғаш рет Аристотель «практикалық» философияны зерттеудің ерекше саласын белгілеу ретінде қолданылған, өйткені ол: біз не істеуіміз керек? Аристотель этиканың негізгі мақсаты-бақыт деп атаған. Адамның өзін — өзі жүзеге асыруы-бұл шектен тыс және алтын орта ұстанатын ақылға қонымды іс. Сондықтан негізгі жақсылық-бұл ақылдылық пен парасаттылық.
Тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» Қолайлы тұлғаішілік конфликт моральдық дамудың негізгі ретінде қарастырылады. Индивид ішкі тұлғалық қайшылықтар мен конфликтілерді шешу негізінде өзін тұлға ретінде ұғынады . Позитивті түрде шешілген конфликтілер мінезді, мінез-құлықтың тұрақтылығын, кездей –соқ жағдайларға тәуелсіздікті шыңдайды, тұлғаның тұрақты бағыттылығының қалыптасуына мүмкіндік береді. (В.С.Мерлин « психологиялық конфликтілер мінез-құлықтың жаңа қырларын қалыптастыруда және тұлғаны түпкілікті өзгертуде маңызды рөл атқарады (1964) деп санады.
Тұлғаішілік конфликт өз кезегінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына көмектесетін адекватты өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.