«Cу және минералды зат алмасуы» Кейс мақсаты



бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі28,13 Kb.
#191390
  1   2   3
Байланысты:
Кейс үлгісі


«Cу және минералды зат алмасуы»
Кейс мақсаты:Оқушыларды оқып-үйретуге арналған кейс су мен минералды заттардың алмасуының адам ағзасындағы маңызын мен атқаратын ролін білу,суды нормамен қабылдауға дағдыландыру;

  • Ситуация:

Төлеужан аға күнделікті басы ауырып, әлсізденіп, жұмыс істеу қабілеті төмендеп өзін нашар сезініп жүргенін байқап жүр.
Төлеужан аға жұмыстан шаршаңқы болып қайтып бара жатыр еді , жолай жас күнгі жолдасын Бекжан ағаны кездестіріп қалды. Әңгімелерін айтып денсаулығының нашарлап жүргенін жолдасына айтты. Ал жолдасының денсаулығында ешқандай кінарат жоқ екенін, ешқандай дәрілік преапараттар қабылдамайтындығын айтты. Төлеужан ағаның көзі досының қолындағы бөтелкедегі суға түсті. Сол кезде Бекжан аға : - Күніне 2 литр су ішемін, тіпті шәйді керек етпей қалдым- ,деп күлді де досына да осылай істеп көруге кеңес берді.

  • Тапсырмалар:

Ситуацияны шешу үшін келесі сұрақтарды қарастыр.
1.Ағзадағы су мен минералды заттардың атқаратын қызметі
2.Ағзаны қалай «суару» керек ?
3.Ағзадағы судың жетіспеушілігі не артық болу белгілері
4. Дене салмағына сәйкес суды қабылдаудың мөлшері қандай?
5. Артық суды шығару жолдары қандай?


  • Жауаптары:

1. Ағзадағы су мен минералды заттардың атқаратын қызметі


Судың атқаратын қызметі

Миниралды заттардың атқаратын қызметі

Клеткаішілік қысымды сақтайды
Биомолекулалардың синтезі үшін қолданылады .
Тіршілікке қажетті процестің өтуінің негізгі ортасы болып табылады.
Бірқатар биохимиялық реакцияға қатысады.
Су-организмнің жылу балансын реттеуші
Еріген заттарды бір мүшеден екінші мүшеге жеткізуші
Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Аллергиялық ауруларды алдын алады.
Буын ауруларын болдырмайды.



Клетка мен тканьдердің структуралық компоненті
Гомеостаздың тұрақтылығын сақтап,иондық құрамды реттеп осмос қысымының және рН-тың мөлшерін реттейді.
Клеткадағы энергияның жинақталуы мен трансформация процесіне қатысады.
Ферменттің активаторы және ингибиторы болып табылады.
Буферлік жүйелерді құрайды.
Су мен тұздары алмасуы:
Осмостық,гидростатикалық және гидродинамикалық қысымға;
Қан тамырлары мен клеткалар мембранасының өткізгіштігінің өзгеруіне;
Мембрана арқылы белсенді және пассивті тасымалдауға;
Гормондардың бөлінуіне;
Бауыр мен бүйректің қызметіне тәуелді .






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет