Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
«Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығының тереңіне үңілсек табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлықты көреміз. Қоршаған ортаның жасыл желекке оранып, жер – ананың жайқалып тұрғаны керемет емес пе!
Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғат адамзатқа пана болса, адам табиғатты аялауға тиіс. Өйткені адамзаттың табиғатсыз күні жоқ.
Таза ауаға, сарқырап аққан өзен көлге, тау- тасқа, орман тоғайға біз мұқтажбыз.
Ел президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев экология – ел ертеңі үшін маңызды дей отыра елімізге біріңғай экологиялық саясаттың қажет екендігін айтты. Осы тұста экологиялық кодекс қажет деп білген президент кешікпей Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құрды. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жауапты министрліктің құрылуы көңіл қуантты. Аталмыш министрлікке бірқатар міндеттер жүктелді.
Экологиялық таза мемлекеттер тізімінде еліміз 101- орында екен. Бұл дегеніміз қоршаған ортаны қорғау ісінде олқылықтардың бар екендігінің бір айғағы.
Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылының тұрғынымын. Ауылымыздың көркейіп гүлденуіне, таза болуына ат салысып, еңбек етіп жүрген жұмысшылар бар. Жол бойында шашылып жатқан қоқыс байқалмайды.
Жыл сайын көктемде мектебімізде «Бір бала – бір ағаш» акциясы өтеді. Мектеп ауласына әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылады. Міне, табиғатқа деген қамқорлық!
Жуырда ғана жаңа үкімет құрамы жасақталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып Зулфия Сулейменова тағайындалды. Бір сұхбатында министр «Жануарларға деген гуманистік қарым – қатынас адамдардан басталу керек,» - деген екен. демек, бұл салада көптеген игі істер атқарылып, халықтың салауатты өмір сүруіне көп жағдай жасалады деп сенеміз. Себебі адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |