Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.
-Берілген құстардың суреттерінен біреуін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.
Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі: -Берілген суреттерге қарап, қай құсты білетіндеріңді айтыңдар.
-Бұл құс туралы не айта аласың?
- Олай болса, бүгінгі сабақта табиғатты зерттеп, табиғат құпиялары туралы оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.
Ә) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқыңдар.
-Құстардың ұя салуын табиғат құбылыстарымен қалай байланыстырар едіңдер?
-Темір үшін не нәрсе жұмбақ болып қалды?
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Бозторғайдың ұясы туралы не айта аласың?
Сергіту сәті – құстар үні. (Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмысжүзеге асырылады.
А) Тыңдалым.
«Құс ұясы» мәтінін тыңдаңдар.
Ә)Бағалау.
-Темірдің бозторғайдың жұмыртқасын қозғамақ болғаны дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап, іс-әрекетін бағалаңдар.
-Бозторғайдың ұясымен бірге жоғалуы туралы әңгіме құрастырып, мәтінге жаңа сюжет енгізіңдер.
Б) Қорытынды.
-Бозторғайдың әрекетінен қандай қорытынды шығардыңдар?
-Жер қойнауын, өсімдіктерді зерттеу не үшін қажет?
- Тапсырма орындайды.
Құстар үнін тыңдап сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.
Дескриптор: Сөздікті жазып, жаттайды-2балл.
- Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқиды-2балл.
- Құстардың ұя салуының табиғат құбылысымен байланысын анықтайды-1балл.
Темір үшін жұмбақ болып қалған нәрсені әңгімелейді-1балл.
Дескриптор: - Темірдің бозторғайдың жұмыртқасын қозғамақ болғанын бағалайды-1балл.
Мәтінге жаңа сюжет енгізеді-1балл.
Бозторғайдың әрекетінен шығарған қорытындыны айтады-1балл.
Жер қойнауын, өсімдіктерді зерттеу себебін анықтайды-1балл.