Аңдатпа Жемқорлық белгілері сонау ерте кезден бастап-ақ көрініс тапқан. Елді хан билеген кезеңдерде де ханға жағыну, жақсы лауазымды иелену және осы секілді әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жемқорлықтың белгілерін байқауға болады



бет2/2
Дата16.05.2023
өлшемі20,75 Kb.
#176881
1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà, Реферат
ҚОРЫТЫНДЫ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Біздің өз болашағымыз өз қолымызда. Сондықтан біз жастар жұмылған жұдырықтай біріге отырып елімізде болып жатқан заңсыздықпен әділетсіздікпен күресуіміз қажет. Біздің пікірімізше қандай қызмет түрі болсада жұмысыңа адал болу, еліміздің алға қарай дамуына ықпалыңды тигізу, патриоттық сезімдерді алға қою еліміздің азаматтарының негізгі ұстанымдарының біріне айналуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі

  1. Ержанова Қ. «Жемқорлыққа жол жоқ» [Электрондық ресурс]. - 2014. http://www.adilet.gov.kz (28.02.2016).

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс. [Электрондық ресурс]. - 7 тамыз 2015. http://www.kazlands.kz (03.03.2016).

  3. Бердығожина С. «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ». //Вестник Фемиды 28.02.2014 ж.

  4. Тергеусова Г.С. «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған». Әуезов ауданының әкімінің аппараты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет