Адилханов олжас шайзандаевич



бет16/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp

Жоғары технологиялық











































компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

0,18

0,19

0,22

0,20

0,16

0,15

0,10

0,56

0,60

0,55

0,47

0,39

0,31

0,22

Орта технологиялық











































химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

1,04

1,24

1,62

1,49

1,46

1,76

1,53

3,17

3,78

4,06

3,53

3,54

3,60

3,35

автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндіру

0,88

0,99

0,58

0,28

0,65

2,27

1,90

2,68

3,03

1,46

0,68

1,59

4,64

4,18

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

0,54

0,56

0,57

0,61

0,54

0,87

0,90

1,65

1,71

1,43

1,45

1,31

1,77

1,98

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды

Бүгінгі таңда өңдеуші өнеркәсіп салаларының өндірістерін зерттеу қолда бар алғышарттарға қарамастан, оның ұлттық экономиканың драйвері болуына мүмкіндік бермейтін белгілі бір себептердің бар екенін көрсетті. Біріншіден, негізгі капиталға инвестициялар ағынына шоғырлану қажет. Соңғы жылдары инвестициялар тарту бойынша өсу жүріп жатыр, бірақ Қазақстан өткен жылға қарағанда олардың шағын өсуінің нәтижесінде (6-дан 11% - ға дейін) Ресейден және ЭЫДҰ елдерінен артта қалып отыр. Екіншіден, кәсіпорындар массасының қалыптаспауы. Өңдеу өнеркәсібінде 14,8 мың кәсіпорын қызмет атқаруда, 1,3 есе артқан. Бірақ олардың саны экономикадағы белсенді халық санының мың адамына шаққанда өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны Ресейден 2,2 есе, ал ЭЫДҰ елдерінен алты есе артта қалып отыр. Үшіншіден, төмен немесе орташа, ал бір жерде өнімнің төмен «күрделілік» деңгейі. Гарвард университетінің экономикалық күрделілік индексінде Қазақстан 84-ші орында, ал Беларусь 31-ші орында, ал Ресей 48-ші орында [77].


Жалпы, Дүниежүзілік Банктің статистикалық деректері бойынша Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің салыстырмалы артықшылығы бар 182 тауар экспортқа шығарады, салыстырсақ Ресей Федерациясы – 358, Беларус мемлекеті - 690, Қытай Халық Республикасы - 1402, ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен – 1950 []. Өңдеу өнеркәсібінің экспортында жартысынан көбі небәрі 6 тауарға тиесілі (мыс катодтары, феррохром, өңделмеген мырыш, табиғи уран, дисстиляттар және күміс) []. Төменде технологиялық күрделілік деңгейі бойынша өндірісті қарастырамыз

Кесте 23 – Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің ғылыми сыйымды салалары



Өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салалары

ЖІӨ үлесі, %

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Жоғары технологиялық

























компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

0,086

0,092

0,093

0,081

0,081

0,069

0,058

0,046

Орта технологиялық

























химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

0,577

0,516

0,580

0,590

0,605

0,627

0,674

0,683

автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі

0,252

0,436

0,465

0,213

0,117

0,282

0,869

0,852

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

0,316

0,269

0,262

0,208

0,249

0,232

0,331

0,403

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды




Жоғары технологиялық салаға компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі жатады. 2014-2021 жылдар кезеңінде оның ел өнеркәсібіндегі үлесі 0,10% деңгейінде және өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 0,22% көрсетті, ал жалпы ішкі өнімдегі үлесі соңғы жылдары бар болғаны 0,046% - ды құрады.


Жоғарыда кестеден көрініп отырғандай, Республикада жоғары технологиялық өнім іс жүзінде өндірілмейді, осы өнімнің экспортты өте төмен. Бұдан басқа, Қазақстанда жоғары технологиялы өнімдер экспортыны соңғы жылдары тұрақты түрде төмендеуі байқалады. 3,33 млрд. АҚШ долларынан 1,77 млрд. АҚШ долларына дейін төмендегенін байқап отырмыз. Әлемде жоғары технологиялы өнімдер экспортынан алдыңғы қатарда АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Германия мемлекеттері тұр. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасы да жоғары технологиялы өнім экспортынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Әлем елдері төртінші технологиялық теңкерісті еңсеріп, бесінші технологиялық төңкеріске өту алдында тұр. Қазақстан да әлі төртінші технологиялық өндіріс қажетті деңгейге жете алмай отыр.

Сурет 14 – Аймақтардың технологиялық даму деңгейінің көрсеткіштері
Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік банк көздерін талдау Қазақстанның экспорты әлемнің жетекші елдерімен салыстырғанда өте төмен екенін көрсетті. 2017 жылы Қытайда жоғары технологиялық экспорт 504 млрд., Германияда 167,7 млрд., АҚШ-та 110,1 млрд., Жапонияда 83,6 млрд. АҚШ долларын құраған.
Өңдеу өнеркәсібі саласында технолгиялық күрделілік дәрежесіне қарай үш салаға бөліп қарастырылады: жоғарғы технологиялық сала, орта технологиялық сала мен төмен технологиялық секторлар.
2020 жылдың дерекеріне сәйкес Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ең жоғары үлесі, шамамен 48 % орта технологиялы салаларға жатады. Үлес салмағы бойынша екіншісі төмен технологиялы сала шамамен 41 %, ал жоғары технологиялы өнімдердің үлесі 11 % құрады.
Бұл көрсеткіштер соңғы он жылмен салыстырғанда жоғарғы технологиялық саланың үлес салмағы 9 пайыздан 11 пайызға, төмен технологиялы сала өнімдерінің үлесі 43 пайыздан 41 пайызға өсіп, ал орта технологиялы өнім көлемінің үлесі өзгеріссіз қалып отыр. Бұл көрсеткіштер дамыған және дамушы елдердің деңгейіне жақындау үшін әлі де жеткіліксіз.
Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялы салаларының ішінде химия өнеркәсібі 3,7 % және фармацевтика саласы 2 % үлеспен алдыңғы орында. Орта технологиялық салаларда ең үлкен үлесті металлургия саласы жалпы өңдеу саласының 45% алып отыр. Ал төмен технологиялық өндірісте тамақ өндірісі жалпы өңдеу саласының 15%, кокос пен мұнай қңдеу 8,5%, сусындар 3,3 % алып отыр.
Жалпы еліміздің 9 аймағында төмен технологиялық өндірістің үлесі жоғары, 7 аймақта орта технологиялық өнімдердің деңгейі басым, ал жоғары технологиялық өнімдер Жамбыл облысында 43,5%, Алматы қаласы 26,7%, Қостанайда 26,3% және Маңғыстауда 18,6% бен алдыңғы орында [].
2021 жылы әлемдік мұнай бағасының өсуіне байланысты экспорт ақшалай мәнде өсіп, 60,3 млрд долларды құрады, яғни экспорттың өсімі инновация немесе технологиялық даму есебінен емес. Нәтижесінде, металлургия және машина жасау сияқты өңдеу өнеркәсібінің базалық салаларының экспортында нақ сол тауарлар басым болып отыр. Өнімнің ассортименті бірдей тауарларға, ал оны экспорттау географиясы – сол баяғы елдерге тиесілі.
Соңғы он жылдықта өңдеу саласының экспортында жоғары үлес химия өнеркәсібі, кокс, мұнай өңдеу өнімдері мен металлургия салалары құрады. Келесі үлесі жоғары салалар тамақ пен сусындар, сонымен қатар машина жасау саласы. Қазақстан ферроқорытпалар, сары фосфор, ұн, мақтаның майын өндіруде әлемде жақсы көрсеткіштерге жетті.
Металлургия саласында бірқатар даму байқалады қорғасын, мыс тағы басқа жартылай өңделген өнім өндірісінен біртіндеп дайын тауарлар өндірісіне, мәселен, болат құбырлары, металл конструкциялары, рельстер мен сымдарды жасауға бейімделіп келеді.
Зерттеу көрсеткендей, металлургия өндірісі орналасқан аймақтар осы өнімнің негізгі экспорттаушылары болып табылады. Мәселен, ел экспортының жалпы көлеміндегі экспорттың едәуір үлесі Қарағанды облысына (25,1%), Шығыс Қазақстан облысына (14,7%), Ақтөбе облысына (15,3%) тиесілі.
Жекелеген өңірлерде тамақ өнімдері өндірісінің үлесі елеулі, мысалы, Ақмола облысында ол өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 40,3% жетеді; машиналар мен жабдықтар өндірісі 40,7% жетеді. Атырау облысында кокс өндірісі мен мұнай өңдеу үлесі өңдеуші өнеркәсіп құрылымында 94,7% - ды құрады, бірақ бұл ретте олардың ҚР экспортының жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше 0,7% және 7,7% - ды құрайды.

Кесте 24 – Металлургия саласына SWOT талдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет