Экспортты әртараптандыру ұғымы теориялық-эволюциялық зерделеніп, экспортты әртараптандыру ұғымына толықтырылып авторлық көзқарас берілді;
Экспортты әртараптандыруды бағалау тәсілдері зерттеліп, аймақтардың экспорттық мүмкіндіктерін бағалауда индекстік әдіске негізделген авторлық кешенді интегралды индекстік бағалау әдістемесі ұсынылды;
Ұсынылған әдістеме негізінде ҚР өңдеу өнеркәсібі саласының аймақтардағы экспорттық мүмкіндіктері бағаланды. ҚР аймақтар мысалында экспортты әртараптандыру әлеуетінің рейтінгі жасалды;
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі экспорты көрсеткіштерін негізге ала отырып экспортты дамытудың мүмкін болатын сценариіне болжам жасалды;
Бағалау негізінде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі экспортының мүмкін болатын сценариін жүзеге асыру тетіктері мен ұсыныстары әзірленді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
«Экспортты әртараптандыру» түсінігіне авторлық көзқарас анықтамасы: экспортты әртараптандыру – шикізат экспортын төмендете отырып неғұрлым қосылған құны бар өңдеу өнеркәсібі экспортын арттыру, яғни экспортқа шығатын өнімдер үлесін оңтайландыру арқылы экспорттық түсімді тұрақтандыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
Индекстік әдістемелерді модификациялау арқылы әзірленген экспортты әртараптандыру дәрежесін бағалаудың авторлық кешенді интегралды индекстік әдестемесі;
Ұсынылған әдістемені сынақтан өткізу (апробация) арқылы Қазақстан Республикасы аймақтар мысалында өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын әртараптандыру мүмкіндіктері деңгейінің рейтингі;
Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібі экспортының 2025 жылға дейінгі дамуының интервалды болжамы;
Өңдеу өнеркәсібі экспортының мүмкін болатын сценариін жүзеге асыру тетіктері және ұсыныстар.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:Диссертациялық жұмыстың қорытынды нәтижелері Қазақстан аймақтарының экспортты дамыту саясатын жүзеге асыру мен кешенді стратегиялық жоспарлар әзірлеуде осы саланың жауапты органдары үшін тиімді құрал болып табылады. Зерттеу ҚР «Ұлттық экспорттық стратегиясы», «ИИДМБ-3 мемлекеттік бағдарламасы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген «Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту» бағдарламасымен байланысты. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері «әлемдік экономика», «макроэкономика» және т.б. пәндер бойынша дәрістік материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы: Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып, конференция материалдары жинақтарында баспадан шықты. Автор зерттеу тақырыбына сәйкес келетін ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша жобаларында орындаушы ретінде қатысады. Атап айтқанда, 2014-2017 жылдары «ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы» гранттық қаржыландыру жобасы.
2018-2020 жылдары ҚР БҒМ ҒК экономика институтының бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша жүзеге асқан BR05236639 «Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізіндегі ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» атты бағдарламасының орындаушысы.