Салыстырмалы тиімділік
Ішкі баға
|
Экспорт рентабельділігі
|
Жалпы экономика экспортының əлеуеті
|
«Анықталған салыстырмалы артықшылық» индексі
|
Баласс индексі
|
Сыртқы шарттары
|
Сауда шартының өсімі
|
Сыртқы нарықтың тұрақтылығы
|
Сыртқы нарықтарда баға бойынша бəсекелесуге қабілеттілік
|
Нақты бағамдар (жұмыс күші, өндіруші мен тұтыну индекстері)
|
Тиімді валюталық бағам
|
Әлемдік нарық бағасының ауытқуына байланысты тұрақтылық
|
Экспорт ағымын əртараптандыру (Хиршман индексі)
|
Қосылған құны бар жоғары технологиялық өнім үлесі
|
Сыртқы нарықтағы ауытқуларға сезімтал тауарлардың үлесі
|
Экспорт құнының өсу қарқыны
|
Экспорт көлемінің өсу қарқыны
|
Экспорттың орташа бағасының өсу
|
Ескертпе – [60] дереккөзі негізінде құрастырылды
|
Экспорттың бәсекеге қабілеттілігі номиналды құнына және экспортталатын өнімнің көлеміне байланысты, сонымен қатар орташа баға да әсер етеді. Экспорттық әлеуетті анықтауда белгілі бір мемлекетке, өндіріс салаларына немесе өнім тобына бағалау өткізуге болады Сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттіліктің негізгі мына көрсеткіштермен қаралса болады (5-кесте):
Мына көрсеткіштер экспорттық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды:
Экспортқа шығатын салалардың шығындарының жиынтығы, еңбек өнімділігі, баға индексі т.б.
Ішкі баға мен сыртқы баға тиімділігі арқылы бағаланатын салыстырмалы тиімділік;
Жалпы экономиканың экспорттық әлеуеті;
Сауда шарттарының өсімі;
Сыртқы нарықтың тиімді шарттары;
Әлемдік шикізат бағасына тәуелділікті төмендету үшін жоғары технологиялы қосылған құны бар өнімдер экспорты;
Геосаяси және экономикалық тұрақтылық.
Жоғарыда экспортты әртараптандыру мен әлеуетін бағалау тәсілдерін зерделедік. Сонымен қатар біз осы зерттеу барысында аль-Мархубидің зерттеуін [61] негізге ала отырып Қазақстан мысалында экспортты әртараптандырудың экономикалық өсімге әсерін анықтадық. Бұл зерттеу нәтижесі скопус базасына енетін ғылыми журналда жарық көрді.
Сонымен қатар, бұл диссертациялық жұмыста жоғарыда аталған индекстердің көмегімен Қазақстанның аймақтар мысалында экспортты әртараптандыру мүмкіндігін бағаладық.
Қорытындылай келе, жоғарыдағы экспортты әртараптандыруды бағалау тәсілдерінің барлығы әлемдік деңгейдегі ғалымдармен ұсынылып, теориялық негізделіп, тәжірибеде қолданылған. Дегенмен уақыт өте әрбір тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктері басқа ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылып отырды. Мәселен, ННІ индексі 1965 жылдан бері көптеген зерттеулерде әлі күнге дейін пайдаланылып келеді, дегенмен салалық құрылымда басқа тәсіл пайдаланған жөн (түсіндірмесі жоғарыда берілді). Диссертацияның екінші бөлімінде жоғарыдағы тәсілдерді пайдалану арқылы Қазақстанның аймақтар мысалында экспортты әртараптандыру деңгейін талдап, біз ұсынған кешенді интегралды индекстік әдістемені пайдалана отырып аймақтардың экспортты әртараптандыру әлеуетінің мүмкіндіктері бағаланып талданады және рейтингі әзірленді.
1.3 Экспортты әртараптандырудың институционалдық механизмінің негізі және шетелдік тәжірибесі
Экспортты әртараптандыру қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы орта құруға мүмкіндік беретін институттардың тиімді жүйесі болғаны маңызды. Институционалды басқарудың тиімді құрылымы бар табиғи қазба-байлығы мол елдер тиімсіз институционалды басқаруы бар мемлекеттермен салыстырғанда қарқынды дамуға мүмкіндігі зор []. Бұл тұжырымды ғалым Гельб те растап, шикі мұнайға бай мемлекеттерде қолайлы басқару тетіктері бар елдер мұнайы мол басқаруы нашар елдерге қарағанда өз экспортын әртараптандыыра алуына әлеуеті мол екенін дәлелдеген [].
Институттар - бұл экономикалық өсу мен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ету үшін құрылған мамандандырылған мемлекеттік немесе квази-мемлекеттік ұйымдар. Олардың қызметі белгілі бір мәселелерді шешуде көмектесу және тәуекелдерді азайту.
Сурет 3. Институционалдық құрылым
Ескертпе: – [] дереккөз негізінде құрастырылды
Институционалдық механизм - стратегиялық және тактикалық міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ белгілі бір мақсатқа жету процесін қамтамасыз ететін ұйымдық және институционалдық құрылымдардың жиынтығы. Институционалдық құрылым бірнеше элементтерден тұруы мүмкін.
Олардың негізгі компоненттеріне мыналар жатады:
мемлекет институты (сыртқы сауда саясаты, экспорттық қызметті ынталандыру, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамыту мен қолдау және т.б.).
құқық институты (экспорттық қызметті құқықтық реттеу, экспорттық қызметті мемлекеттік қолдау, және т.б.).
ғылым институты (әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнім жасау мақсатында инновациялар генерациясы, технопарктер мен ғылыми орталықтар жүйесін құру және дамыту және т.б.).
білім беру институты (инновациялық экономика үшін кадрлар даярлау, экспорттық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктеріне оқыту және т.б.).
бизнес институты (экспортқа бағдарлану, бәсекеге қабілетті өнімге сұраныс және т.б.).
қаржы институты (салықтық жеңілдіктер, логистикалық шығындарын өтеу, субсидиялау және т.б.).
Бұл аталған институттар бір бірімен тығыз байланысты және басқарушылық, кадрлық, табиғи-ресурстық, инфрақұрылымдық, инновациялық өндірістік-технологиялық, маркетингтік және инвестициялық қызметтерді ұйымдастырады.
Әртараптандыруды ынталандырудың қазіргі заманғы саясаты:
Ең алдымен өндірісті әртараптандыру, әр өңір мамандануына қарай жаңа өндіріс орындарын ашу;
Заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
Салық саясаты (экспорттық пайдаға салық салудың төмендігі, өндірістік жабдықтардың кең номенклатурасын әкелу бойынша кедендік салық ставкаларын төмендету және т. б.);
Тиімді кеден саясаты (кедендік рәсімдеуді жеделдету;
Кәсіпорындардың стратегиялық секторларын қайта құрылымдау, дамытуды ынталандыру (атом, машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі т.б.)
Салалық және секторлық даму стратегиялары кешенін қалыптастыру;
Өңірлік салалық саясатты жандандыру;
Инвестицияларды стратегиялық және әлеуметтік басым салаларды кеңейту
Ромердің эндогендік экономикалық өсу моделіне сүйене отырып Агосин экспортты әртараптандырудың экономикалық өсу қарқынына әсер етуінің эмпирикалық моделін жасады. Оның пікірінше дамушы елдер белгілі бір тауарларды экспорттауда бәсекелестік артықшылықтарға ие. Себебі дамыған және дамушы елдер арасындағы технологиялық алшақтық, жаңа технологияларды бейімдеу және елде бұрын өндірілмеген тауарлар өндірісі дамушы елдерді тиімді жағдайға шығарады және сол арқылы өндіріс пен экспортты әртараптандырады, - дейді [62]. Елде өндіріс пен экспортты табысты әртараптандыру үшін екі шартты орындалуы қажет: біріншісі, жаңа өнім өндірушілер үшін қажетті жағдайлар жасайтын тиісті инфрақұрылымның болуы (институционалдық механизм). Екіншіден, идеяның болуы және оны жеке сектордың іске асыруы. Табысты әртараптандырудың осы екі шарты бір-бірін мемлекет пен жеке сектор тарапынан толықтыруы тиіс.
Мемлекеттік құрылым мен жеке серіктестіктің өзара қарым-қатынасының осындай моделі мемлекеттің мынадай бағыттардағы маңызды рөлін айқындайды:
- жаңа салаларға тән инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салу;
- жаңа идеяларды қалыптастыру және бағалау кезінде пионер-кәсіпорындардың инвестиция алдындағы мұқтаждықтарына арналған шығындарды субсидиялау;
- адами капиталды қалыптастыру деңгейін арттыру.
Дүниежүзілік Банктің экономистері Лим, Саборовский Сирия мысалында өтпелі экономика жағдайында экспортты әртараптандыруға зерттеу жүргізді. 2001-2007 жылдар кезеңінде Сирия мысалында өтпелі экономика жағдайында экспортты әртараптандырудың даму үрдісін талдау елдің HHI индексі бойынша экспортты әртараптандыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті (салааралық жоспарда 0,62-ден 0,14-ке дейін және салаішілік жоспарда 0,51-ден 0,31-ге дейін). Алайда Тайль индексіне сәйкес әртараптандыру әлеуетті (жаңа) салалардың дамуы мен экспорты есебінен емес, көп жағдайда көмірсутектер экспорты үлесінің төмендеуі және елдің дәстүрлі салаларында экспорттың өсуі есебінен экспорттық қоржынды одан әрі әртараптандыру үшін айтарлықтай әлеует бар екенін анықтаған. Авторлардың пікірінше, бұл әлеуетті іске асыруда әлсіз институттар мен бизнес-ортаның болумауы проблемасына туғызады. Әлсіз институттар алға қойған мақсаттарға жетуде нәтиже бере алмады [63].
В.Полтерович, В.Поповтың пікірінше құрылымдық әртараптандыру стратегиясын таңдауда алдарына даму міндетін қойған басқа елдердің тәжірибесіне сүйенуі тиіс. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан дамушы елдердің тәжірибесі бұл елдердегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны экспортпен байланысты екенін көрсетті. дамушы елдер әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті және дайын өнім экспортын кеңейтуге негізделген экономикалық өсуге көбірек көңіл бөлуде. Басқаша айтқанда, экспортқа бағдарланған экономикалық өсу саясаты (export-led growth) экономика мен өндіріс құрылымын әртараптандыруға негіз ретінде алынады.
Бүгінгі таңда еліміздің экспорттық қоржынының шоғырлану себептері, институционалдық қызметтердің дұрыс ұйымдастырылмауы, халықаралық тәжірибенің болмауы және жеке мүмкіндіктерді объективті бағалауға қабілетсіздігі болып отыр. 20 ғасырда дамушы елдер мысалында қарқынды даму тұжырымдамасы қызу зерттеліп, көптеген сала ғалымдарының қызығушылықын арттырды. Жапондық ғалым К.Акамацудың «ұшып бара жатқан қаздар» теориясы Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мыалында өз дәлелін тапқан еді. Бұл сол кездегі Жапонияның тоқыма өнеркәсібіне негізделген теорияға сәйкес үш кезең анықталады. Бірінші этапта, дерлік барлық салада шетелдік импорттың көлемі жоғары болады, екінші этапта осы импорттың орнын толтырушы өндіріс қарқынды дамиды, ішкі нарықты қамтамасыз ету арқылы импорттық өнімдердің үлесі азая бастайды. Соңғы үшінші кезеңде өндіріс көлемін кеңейту арқылы ішкі сұраныстан артылған өнімді сыртқы нарыққа экспорттайды. Бұл процесті графикалық суретке салып қарағанда ішкі өндіріс көлемі мен экспорттың дамуы теорияның атына сай ұшып бара жатқан қаздардың тобын елестетеді [64].
Бұдан кейінгі зерттеулерде белгілі бір салалардың бәсекеге қабілеттілігінің арту тенденциясы қайталанып отыратын цикл екендігі дәлелденді. Кей салаларда толық қайталану 50-60 жылды, кейбірінде одан да көп [65]. Акамацудың бұл теориясы өндірісті дамыту арқылы импортқа тәуелділіктен арылу және уақыт өте экспортқа зор серпін беретіні дамушы мемлекеттер мысалында қолдана бастады.
Коджим мен Озавтың «қуып жетуші цикл» теориясы осы Акацаму теориясын шетел трансұлттық компанияларыды, әртүрлі қолдау шараларын қосу нәтижесінде бұл зерттеудің аясын одан әрі арттырады. Зерттеуде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Оңтүстік Корея, Сингапурдың даму нәтижесін түсіндіріп өтеді [66].
Электроника, жабдықтар және автомобиль жасау нарығында маңызды ойыншыларға айналған Азия елдерінің жетістіктері көптеген зерттеушілерді әртараптандыру - экономикалық даму мен жалпы экономиканың өркендеуі үшін жаңа ынталандыру құралы ретінде қарастыруға итермеледі.
Әртараптандыру сияқты құбылыстың астында берік теориялық негіз бар. Мысалы, 1950 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму бойынша конференциясының (UNCTAD) бірінші бас хатшысы Рауль Пребиш эмпирикалық дәлелдерге сүйене отырып, ұзақ мерзімді перспективада шикізат тауарларының экспорттық бағасы импортталатын дайын өнеркәсіп өнімдерінің импорттық бағасына қатысты төмендейді деген болжам жасады. Шикізатқа экспорттық бағалар мен дайын тауарларға импорттық бағалардың арақатынасы дайын тауарлардың пайдасына өзгереді және шикізат саудасында тұрақты нашарлау байқалады.
Осыған байланысты шикізатты экспорттаушы елдердің, әсіресе әлсіз макро және микроэкономикалық саясатқа ие елдердің экономикалық жағдайы біртіндеп нашарлайды (мысалы, Ресей). Пребиш бұл үлгіні көптеген факторлармен түсіндіруге тырысты: шикізат пен дайын өнімдерге сұраныстың икемділігінің әртүрлі көрсеткіштері, тауарлардың бірінші және екінші топтарын өндірудің әртүрлі шарттары, шикізат пен дайын өнімді өндірушілердің әр түрлі геосаяси жағдайы және т. б.
Оның үстіне, шикізат экспорттайтын елдің басқа салаларда даму мүмкіндігін тұрақтайды және ресурстары өндіруші секторға шоғырланады. Шикізат бағасының жоғары құбылмалығына және экспорттық кірістің тұрақсыздығына байланысты шығынға ұшырайды. Макроэкономикалық тұрақсыздық елдің инвестициялық имиджіне және шетелдік инвесторлармен іске асырылатын инвестициялық жобалардың санына теріс әсер етеді. Осыған байланысты экспортты әртараптандыру экспорттық түсімді тұрақтандыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ экспортты әртараптандыру проблемасының теориялық базисіне жапон экономисі Киминори Мацуяма ұсынған өсудің эндогендік моделін жатқызуға болады. Бұл модель қосымша құнның жоғары үлесі бар өнімді құру кезеңдерінде «өндіріс процесінде оқытудың» оң әсеріне назар аударады. Дәл осы өңдеу өнеркәсібінде білім мен технологиялардың «толқуы», олардың әр түрлі салалардың қажеттіліктеріне бейімделуі байқалады. Сондай-ақ, модель экономиканың экспорттық әртараптандыруды дамыту процесінде жүріп жатқан әртүрлі жолдарын сипаттайды. Бірінші кезеңде, әдетте, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өндіруші сектор дамиды. Өз дамуының белгілі бір кезеңінде ел шикізатты сыртқы нарықта сатудан түскен кірістерді және машина жасау, автомобиль және электронды өнеркәсіп, компьютерлік технологияларға тартылған инвестицияларды қайта бағыттай бастайды. Мұндай қайта құрудың жарқын мысалы ретінде Малайзияны атауға болады.
Экспортты әртараптандыру мәселесі дамуға ұмтылған мемлекеттердегі басшылардың әрдайым шешуі тиіс тақырыбы. Дегенмен, әртараптандыру қажеттілігі әлемдік экономикалық көшбасшы елдерде де танылады. «Жаңа өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы (New Manufacturing, АҚШ), Төртінші индустриялық революция (Industry-4, Германия) өңдеуші өндірісті қайтаруды (жаңа технологиялық базада) және өнеркәсіптің жаңа салаларын құруды, жаңа индустрияландыруды жүзеге асыруды меңзейді. Қазақстан да соңғы жылдары көптеген елдермен сауда келісімін жасау және ЕАЭО, ДСҰ сияқты ұйымдарға мүше бола отырып, мемлекеттік бағдарламалар қабылдап өз экспортын әртараптандыруды көздейді.
Енді әлемдегі экспортты әртараптандыруды сәтті жүзеге асырған мемлекеттерге тоқталайық.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер өзінің экспортын әртараптандыруға түрлі бағдарламалар қабылдауда. Экспортты әртараптандыру бағдарламаларының мәні неде? Ол дағдарысқа қарсы уақытша шаралар ма әлде мемлекеттің стратегиялық құралы ма? Бұл әр мемлекеттің экономикалық жағдайына, өндіріс құрылымына, географиялық орналасуына, табиғи ресурстардың бар немесе жоқ болуына және т.б. көптеген факторларға байланысты. Ғалымдар экспортты әртараптандыру мен елдің экономикалық өсімі арасында оң байланыс бар екенін ғылыми дәлелдеген. Яғни, экспортты әртараптандыру арқылы эконмикалық өсімді қамтамасыз етуге болады. Оның айқын мысалы, соңғы 20-30 жылда экспортын сәтті әртараптандырған тәжірибе ретінде Норвегия, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |