Адилханов олжас шайзандаевич


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ ЭКСПОРТЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



бет12/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ ЭКСПОРТЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ


2.1 Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібі экспортының даму тенденциясын талдау
Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту үшін экспортқа бағытталған өңдеуші өнеркәсіп салаларының өндірісін дамытуға арналған индустриялы-инновациялық саясатты жүзеге асыруда. Экспортты әртараптандыру мүмкіндіктерін қарастырудан алдын елдің өңдеу өнеркәсібі салаларының экспорттық даму тенденциясын талдап алған жөн.
Қазақстан бұл - ЖІӨ-нің 37%-ын экспорт құрайтын ашық экономика. Қазақстанның экспорттық көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, географиялық құрылымында отандық тауарлар жаһанның 120-ға жуық еліне экспортталғанымен, оның 60% 6 мемлекетке ғана бағытталады (Қытай, Италия, Ресей, Нидерланды, Өзбекстан мен Түркия). Экспорттық өнім құрылымында 70-78%-ын шикі мұнай мен шикізат өнімдерінен тұрады. Бұл ел экспортының өнім құрылымында да, жеткізілетін нарық құрылымында да шоғырлану дәрежесі тым жоғары екенін көрсетеді.
Тұтастай алғанда, сыртқы сауданың соңғы он жылдағы дамудың оң серпінін көрсетті. Әлемдік бағаның өзгеруі ел экономикасына, оның ішінде сыртқы саудаға теріс әсер етеді. Мысалы, 2011 - 2014 жылдар кезеңіндегі ел экспортының ауқымы 84,3 – 86,4 млрд. АҚШ доллары арасында болса, 2016 жылы экспорттың 36,7 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеуі тіркелді, Бұл әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуінен, елдің еркін айырбас валюта бағамы режиміне көшуіне әкелді және бұл түптеп келгенде ұлттық валютаның күрт құлдырауына әкелді. 2018 жылы 61,1 млрд.АҚШ долларына дейін біршама көтеріліп, әлемдік пандемия кезінде тағы да 47,5 млрд.АҚШ долларына төмендеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 60,3 млрд.АҚШ долларына жетті. Экспорттың түсімнің мұншалықты тұрақсыздығы мен ауытқуы әртүрлі макроэкономикалық қиындықтарға алып келеді.
Теория бойынша экспорттың әртараптандырылуы валюталық кірісті тұрақты етеді, соның әсерінен сыртқы сауда қысымының әсері төмендейді. Қазақстан соңғы жылдары бірнеше рет сыртқы сауданың теріс қысымының әсерін алды. Оның негізгі басты себебі әлемдік мұнай бағасының төмендеуінен Қазақстандық экспорт 86,4 млрд. АҚШ долларынан 36,7 млрд. АҚШ долларына дейін күрт төмендеді (4 жылдың ішінде 2,5 есеге жуық) (4 сурет).

Сурет 4 – Қазақстанның сырқы сауда көрсеткіштері (мрлд.АҚШ доллары)

Ескертпе – [69] дереккөз негізінде автормен құрастырылды


Оған сәйкес импорт та 49 млрд. АҚШ долл.-нан 25 млрд. шамасына дейін қысқарды. Экспорттан түсетін валюталық табыстың мұндай тұрақсыздығы макроэкономикалық қиындықтар туындатады. Мәселен, шетелдік инвестиция ағынынң төмендауі, елдегі жұмыссыздықтың артуы, елдің төлем қабілеттілігінің төмендеуі және импорттық өнімдерді алуда қиындықтар туындауы т.б. көптеген жағымсыз факторларға негіз болады.





Сурет 5 – 2021 жылғы экспорттың тауарлық құрылымы (пайызбен)

Ескертпе – [] дереккөз негізінде автормен құрастырылған



Сурет 6 – 2021 жылғы импорттың тауарлық құрылымы (пайызбен)

Ескертпе – [] дереккөз негізінде автормен құрастырылған


Қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанның ЖІӨ өсімі оның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде белсенділігінің артуымен қатар жүрді. Өзінің ішкі нарықтарын ашқан Қазақстан ішкі, сыртқы тауар нарықтарында да бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Осы күнге дейін бағасы тұрақты өсіп келген шикі мұнай экспортының артуы салдарынан тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда сыртқы нарыққа сатылатын өнімнің тауарлық топтарының саны қысқарды, бұл Қазақстан экспорты шоғырлануының өсуіне алып келеді.


1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикалық тұрақсыздық, құлдырау және гиперинфляция кезеңін бастан кешірді. 1995 жылдардан кейін экономика біршама тұрақтанып, инфляцияның өсімі баяулады. Бұл кезеңде өнеркәсіп саласы құлдырап, экономика мұнай, газ және тау-кен секторларына негізделе бастады.
Егер экспорт динамикасын тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезеңге дейін қарайтын болсақ, онда шамамен 4 кезеңді көруге болады:
Егемендігімізді алған жылдардың бастапқа он жылдығында экспорт енді жолға қойылып, КСРО-ның құлауынан болған дағдарысты еңсере бастаған кезең;
2000 жылдан 2008 жылға дейін мұнай өндіру көлемінің артуы және әлемдік мұнай бағасының қарқынды өсуі кезеңі;
2009 жылдан 2016 жылға дейін мұнай бағасының рекордтық деңгейде өсуі, ел экспорттының 100 млрд. АҚШ долларына жақындаған кезі.
Қазіргі заманғы кезеңі әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты дүрбелең тұрақсыз кезең.
Экспорттан максималды кіріс түскен 2012 жыл, мұнай бағасының барреліне 111 АҚШ долларынан сатылып 86,4 млрд. долларға дейін жетті. Кестеден байқағанымыздай Қазақстан экспорты әлемдік шикізат бағасына өте тәуелді. Бұл өз кезегінде экспорттық түсімнің ауқымды ауытқуына алып келеді. Мұндай сыртқы түсімнің тұрақсыз кірісі мемлекеттің алдағы уақытта экономикалық процесстерді жоспарлауында қиындықтар туғызады. Сондықтан экспортық табысты тұрақтандыру мақсатында өңдеу саласы экспорттын арттыру қажет, себебі оның бағасы әлемдік нарықта шикізат бағасына қарағанда тұрақты және жоғары, бұл экономиканың үдемелі дамуы үшін маңызды.

Кесте 6 – Үлесі жоғары тауарлардың экспорты









2016

2017

2018

2019

2020

2021

Өткен жылға

1

ҚР экспортында мұнайдың үлесі

53

55

62

58

50

51

1

2

Үлесі жоғары 5 тауардың экспорты

68

69

74

71

66

68

2

3

Үлесі жоғары 10 тауардың экспорты

76

77

81

79

75

78

4

4

Үлесі жоғары 20 тауардың экспорты

84

84

87

85

83

82

-1

Ескертпе – [,72] дереккөзі негізінде құрастырылды

ҚР ИИДМБ үшінші кезеңінің негізгі мақсаты - еліміздің өңдеуші саланың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мақсатқа жету индикаторы ретінде мынадай 4 көрсеткішті назарға алып отыр. Олар базалық 2018 жылмен салыстырғанда 2025 жылға: «өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін базалық жылмен салыстырғанда 1,6 есеге нақты өсуі; Өңдеуші сала экспортын базалық жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өсіру; Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексінің базалық жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есеге өсуі; базалық жылғы деңгейге қарағанда экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына шаққанда өңдеуші өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының санын 1,5 есеге ұлғайту; Экономикалық күрделілік индексін (Гарвард) 78-орыннан 55-орынға дейін (-0,31 балдан 0,14 балға дейінгі деңгейге) арттыру» міндет қойылған []. Бұл мақсаттарға жету үшін ұлттық экономиканың құрылымындағы өзгерістер, ең алдымен, шикізат моделінен өңдеу өнеркәсібі саласына бағытталуы керек. Статистикалық деректер бойынша елдің жалпы экспортындағы өңдеу өнеркәсібі экспортының үлесі соңғы жылдары 30% шамасында. Яғни, экспорттың басым бөлігі – мұнай газдан құралған шикізат немесе төмен бөліністегі өнімдер.
Өңдеу салаларының экспортталатын өнімінің өндірісін әртараптандыру қажеттілігі Төртінші өнеркәсіптік революцияға көшу тұрғысында мемлекеттің басым бағыттарымен ұштасады. Ұлттық экономиканың мұндай ауысуы тауар номенклатурасындағы және экономиканың жалпы құрылымындағы өзгерістерді ғана емес, сапалы ғылыми-технологиялық базаны қалыптастыру және оның жұмыс істеуі негізінде жоғары технологиялық өндірістер құруды көздейді.
Келесі кестеде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласының экспорттағы үлесі келтірілген.

Кесте 7 – 2012-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасы экспортының серпіні, млн. АҚШ






2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

өсім,%

Жалпы экспорт

86,4

84,7

79,4

45,9

36,7

48,5

61,1

58,1

47,5

60,3

126,9%

Өңдеу өнеркәсібі экспорты

21,4

19,5

18,5

13,9

13,2

15,3

15,6

15,7

15,4

18,4

119,4%

Жалпы экспорттағы үлесі, %

24,8

23,1

23,3

30,5

35,5

31,9

25,6

27,3

32,5

30

-2

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды

Өңдеу саласының жалпы экспорттағы үлесі 30% төңірегінде қалып отыр. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібіні экспортының номиналды құны төмендегімен жалпы экспорттағы үлесі артқан, 2021 жылы керісінше номиналды құны артқанымен экспорттағы үлесі төмендеген. Сондықтан саланың даму динамикасын жалпы экспорттағы үлесімен бағалау дұрыс емес. Біздің ұсынысымыз, саланың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін ұзақ жіне орта мерзімді жоспарда жалпы экспорттағы үлесі емес номиналды құны маңызды.


Экономика құрылымының төмен технологиялық өнеркәсіптік құрылымы айқын. Бұл өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған өндірістерін мемлекеттік қолдаудың ерекше тетігін әзірлеуді қажет етеді. Мұндай қолдау өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарындағы еңбек өнімділігі төмен және оның өсу қарқыны да жеткіліксіз болуымен байланысты (8-кесте). Қазақстанда орта есеппен бір адам-сағатқа сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 28 АҚШ долл.сомаға ЖІӨ өндірілді, бұл көрсеткіш экономикасы озық мемлекеттермен салыстырғанда 2-2,5 есе төмен.

Кесте 8 – Еңбек өнімділігінің индекстері, өткен жылға қарағанда, %









2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Өнеркәсіп

97,0

99,5

96,0

99,2

99,3

107,4

104,4

104,1

99,5

103,6

Өңдеу өнеркәсібі

102,8

102,1

103,8

97,3

99,0

103,6

104,5

105,8

104,0

104,7

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды

Өңдеу өнеркәсібі сала өндірістерінің еңбек өнімділігінің төмендігінің себептерінің бірі негізгі құралдардың жоғары тозуы болып табылады, мысалы, Қазақстанда қызметтің барлық түрлері бойынша тозу коэффициентінің орташа көрсеткіші 37,1%-ды құрады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жетіспеушілігі, біздің ойымызша, оның тауарлық құрылымын өзгерту бойынша қолда бар алғышарттарға қарамастан, оның ұлттық экономиканың драйвері болуына мүмкіндік бермейтін басты себептердің бірі болып табылады. Сондықтан, жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі капиталға инвестициялар ағынына шоғырлану қажет (9-кесте). Төмендегі кестеде олардың ағымының жыл бойына біркелкі болмауына қарамастан, олардың көп бөлігі металлургия өнеркәсібіне, тамақ өндірісіне, Кокс және мұнай өңдеу өнімдеріне, химия өнеркәсібіне, ал ең азы машина жасау саласына және фармацевтикаға бағытталғанын байқауға болады. Жоғары технологиялық өнімдер өндірісіне жататын компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісіне инвестициялар 2021 жылы өңдеуші өнеркәсіпке салынған барлық инвестициялардың тек 1,3% құрайды.


Кесте 9 – салалар бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар (млрд. тг)




2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2020 жылға, %

Өңдеу өнеркәсібі

722,2

774,2

834,1

981,6

1247,1

1017,1

1077,8

1541,7

137,4

Азық-түлік өнімдерін өндіру

40,8

56,0

62,8

94,2

123,2

90,1

109,1

118,3

106,7

Сусындар өндірісі

19,9

11,4

15,7

17,0

20,3

24,3

21,9

32,7

143.3

Темекі өнімдерін өндіру

4,7

3,4

6,5

7,3

6,3

8,8

10,1

7,6

72,8

Тоқыма бұйымдарын өндіру

4,1

4,8

2,2

1,5

7,9

7,6

2,9

4,3

148

Киім өндірісі

0,8

5,1

1,6

2,1

1,5

0,4

1,2

1,2

99,3

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

2,0

0,2

3,5

2,2

0,3

1,1

1,2

0,2

22

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру

1,5

2,5

1,2

0,6

1,7

1,4

3,4

0,7

22,4

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

3,2

3,5

6,5

15,0

8,3

7,4

5,7

8,5

144,2

Полиграфиялық қызмет, жазылған материалдарды жаңғырту

2,0

2,0

1,4

2,5

2,0

1,9

0,7

1,1

136,6

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

61,0

145,0

234,3

414,7

558,7

180,1

68

94,9

134,1

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

95,5

62,4

55,8

51,9

65,5

168,1

301,2

485,3

158,1

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

15,4

10,9

11,5

8,0

8,2

8,1

15,3

58,4

135,1

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

8,9

5,8

10,7

9,6

6,4

9,2

14,3

21,5

390,3

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

81,6

96,3

65,0

84,7

116,9

101,1

67,1

138,2

204,8

Металлургия өнеркәсібі

304,6

300,9

298,6

185,6

242,9

320

372

449,5

116,1

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары

22,6

7,0

10,7

19,3

15,8

23,8

14,5

46,1

304

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

2,3

1,9

2,8

3,2

4,2

1,7

5,4

1,3

233,8

Электр жабдықтарын өндіру

6,7

7,5

4,1

4,8

18,9

15,8

22,6

9,5

40,5

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

14,0

15,6

15,7

12,2

6,5

8,2

11,8

10,7

89,2

Автокөлік құралдарын, трейлерлер, жартылай тіркемелер өндіру

14,4

1,6

2,1

5,4

3,2

13,5

16,4

21,5

125,3

Өзге де көлік құралдарын өндіру

3,9

16,8

3,0

25,2

10,5

3

4,3

12,6

6,3 есе

Жиһаз өндірісі

0,9

2,7

1,2

3,1

1,7

2,1

1,3

1,9

136,7

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

1,1

0,4

1,0

1,8

8,0

2,1

4,3

5,2

117,5

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

10,4

10,9

16,5

9,9

8,3

16,5

9,7

9,6

94,5

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды










Ресей (рейтингте 4-ші орын) 2018 жылы Қазақстан экономикасына 1,5 млрд АҚШ долларын инвестициялады, бір жыл ішінде инвестициялық белсенділікті 22,2% - ға арттырды.
Еуропалық серіктестер (ЕО елдері) 2018 жылы ҚР экономикасына 11,6 млрд АҚШ долларын инвестициялады (+15,8%). ЕО елдерінің инвестициялары Ұлттық экономика үшін стратегиялық сипатқа ие, өйткені олардың үлесі 48% құрайды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ 350 млн АҚШ долларынан асатын 5 бірлескен жоба ұйымдастырды. Дегенмен, Еуропалық Одақ елдерінің жартысына жуығы Қазақстанға инвестициялық ағымдарды қысқартты. Финляндия ҚР-дағы ТШИ-ді бірден 63,3% - ға азайтты, жыл ішіндегі көлем 30,1 млн доллардан 11 млн долларға дейін төмендеді.. Бельгия-стратегиялық серіктес-инвестициялық ағындарды 1,9% - ға әлсіретті, бұл ақшалай баламада 19,9 млн. АҚШ доллары. Жалпы, ЕО-ның 12 елі Қазақстанға инвестициялық ағымдарды 12,2% - ға қысқартты.
Қазақстанда өңдеу саласына инвестицияның көлемі ұлғайғанымен жалпы үлесте тау-кен саласынан қалып отыр. 2021 жылы еліміздің өңдеу саласының кәсіпорындары негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 1 541,7 млрд. теңгеге жетті, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда төрт есеге артқанын көрсетеді (413 млрд. теңге). Бірақ, бұл көрсеткіштің өзі 2018 жылғы өндіру салаларымен салыстырғанда (4 494 млрд. теңге) 3 еседей аз болып отыр.
Жалпы Қазақстанда өңдеу саласының импорты экспортынан асып отырды. Бұл теріс сауда теңгерімін қалыптастырды. Мәселен, 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің импорты 30 млрд.АҚШ долларынан асса, ал экспорты 15,4 млрд.АҚШ долларын құрады. (теріс сальдо).
Еліміздің өңдеу өнеркәсібі экспортының орташа жылдық өсу қарқыны 3% -ға жетпейді, бұл көрсеткішті басқа елдермен салыстырып өтер болсақ мәселен, Ресей Федерациясында 7,5%, АҚШ-та 3,8%, Германияда 5,9%-ды құрайды.
Экспортты дамыту және инвестиция тартуға қолайлы болу үшін арнайы индустриалды аймақтар салуды қолға алды. Қазіргі таңда Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриалды аймақ құрылды. Бұл жетілген инфрақұрылымы бар, инновациялық кәсіпорындар ашуға ыңғайлы, мемлекеттік қолдауы бар жер.
Өндіріс әдісімен ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің динамикасын зерттеу әр 5 жыл сайын айтарлықтай өзгерістер байқалмайтынын, 2021 жылы Өңдеу өнеркәсібі үлесінің деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 % артып, ЖІӨ-дегі үлесі 13% - дан асқанын көрсетті (сурет 7) .



Сурет 7 – ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды


Өңдеуші саланың іс жүзіндегі өндірісі және өндірістегі өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі көлемдердің айтарлықтай төмендеуінен кейін шағын өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібі саласының өндірісі бірқалыпты сенімді серпінмен өсіп келгенін байқаймыз, дегенмен ЖІӨ-дегі үлесі бойынша ауытқулар байқалды.


2020 жылдың қорытындысы бойынша аймақтар арасында өңдеу саласы өнімдерін ірі экспорттаушылар— Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қаласы. Бұл 6 аймақ еліміздің өңдеу саласы өнімдерінің жалпы экспорттық кірісінің 80% -ға жуығын қамтамасыз етеді. 
2019 жылы салалар бөлінісінде өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнімінің үлесі бойынша металлургия өнеркәсібі - 43%, тамақ өнімдері -15%, машина жасау - 13% жетекші салалар болып табылады [].


Сурет 8 – Өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі

Ескертпе – [] дереккөзі негізінде құрастырылды


Ел экспорттайтын тауарлардың негізгі бөлігі-төмен қайта бөлу өнімдері: тазартылған мыс, ферроқорытпалар, тегіс илек, уран өнімдері, мұнай өнімдері және т.б. тіпті көлік қызметтері секторында да экономиканың шикізат моделіне қосымша болып табылатын құбырлар арқылы тасымалдау басым. Бұл фактор экспорттың жеткілікті әртараптандырылмаған құрылымы экспорттық қоржынның ел экономикасының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін бағаның ауытқуына тәуелділігін айқындайтындығын куәландырады.


Мұнда ескеретін жәйт, жалпы түсінікте экспорттың әртараптануы жеткізілетін нарықты көбейту және шығарылатын өнім ассортиментін көбейту деп қарастырылады. Яғни, мемлекеттің экспортталатын өнім саны артқан сайын және жеткізілетін нарық саны кобейген кезде экспорты әртараптанып валюталық табыс артады. Бірақ, бұл жұмыста Қазақстанның жағдайында әртараптанудың бұл екі түрі экспорттық түсімге ешқандай әсер етпейтінін көрдік.
10 – кесте Қазақстандағы 2009-2021 жылдардың экспорттық түсімінің көлемі, сыртқы нарықтағы мемлекеттер саны мен экспортқа шығатын өнім ассортиментінің саны көрсетілген.

Кесте 10 – 2009-2021 жж. Қазақстан Республикасының экспорты






Экспорт, млн АҚШ долл.

Өткен жылға

Экспорттайтын нарық саны

Өткен жылға

Экспортталатын өнім саны

Өткен жылға

2009

43 195,70

-27 987,80

109

-9

2471

113

2010

60 270,80

17 075,10

126

17

2261

-210

2011

84 335,90

24 065,10

118

-8

2612

351

2012

86 448,80

2 112,90

115

-3

2481

-131

2013

84 700,40

-1 748,40

120

5

2648

167

2014

79 459,80

-5 240,60

119

-1

2652

4

2015

45 955,80

-33 504,00

117

-2

2718

66

2016

36 736,90

-9 218,90

122

5

2858

140

2017

48 342,10

11 605,20

119

-3

2861

3

2018

61 111,2

12 769,1

120

-1

2874

13

2019

58 065,6

-3 045,6

120

0

2856

-18

2020

47 540,8

-10 524,8

131

11

2799

-56

2021

60 321,1

12 780,3

126

-5

2896

97

Ескертпе – [] дереккөз негізіде автормен құрастырылды

Бұл кестеден аңғарғанымыз еліміздің экспорттық табысына экспортқа шығатын тауар ассортиментінің саны да, сыртқы нарыққа шығарылатын елдердің саны да әсер етіп отырған жоқ. Жеңіл түсіну үшін төменде корреляциялық 11 – кесте келтірілген.


Кесте 11 – Қазақстанның экспорт түсіміне ықпал ететін факторлар.






Экспорт, млн. АҚШ доллары

Экспортқа шығатын нарық саны

Экспортқа шығатын өнім саны

Экспорттағы минералдар үлесі

Экспорт, млн. АҚШ доллары

1










Экспортқа шығатын нарық саны

0,05179

1







Экспортқа шығатын өнім саны

-0,3347

-0,0768

1




Экспорттағы минералдар үлесі

0,89472

-0,2870

-0,1838

1

Ескерту: автормен есептелді

11 – кесте нәтижелерін талдап өтсек, экспорттық түсімнің көлеміне өте ықпал ететін негізгі фактор ол экспорттағы шикізат секторының үлесі (r=0,89) болып тұр. Географиялық (отандық өнімнің сыртқы нарықтағы экспортталатын мемлекеттер саны r=0,05) және тауарлық (экспортқа шығатын өнім ассортимент, r= -0,33) құрылымның өзгерісі еш әсер етіп тұрмағанын көреміз. Дегенмен, экспорттық табысқа ескерілмеген ондаған фактор тікелей ықпал жасауы мүмкін. Сол себепті бұл мәселені әрі қарай толыққанды зерттеу қажеттілігі бар.


Дегенмен, өңдеу саласын қолдау шараларының нәтижесінде елімізде бұл уақытқа дейін шығарылмаған 500-ге жуық жаңа тауар өндіру қолға алынды. Атап айтқанда, электровоздар, жүк пен жолаушы вагоны, жүк, рентген аппаратурасы, автомокөлік пен автобус, трансформатор, жарық диодты шам, фармацевтика өнімдері т.б. Қазір өңдеуші саланың экспортында номенклатурасы 3000-ға жуық өнім түрлерінен тұрады, оның құрамында 200-ден астам өнім түрлерінен еліміз ғаламдық салыстырмалы артықшылыққа ие. Бірақ осы уақытқа дейін экспорттық сала өндірістік әлеуетке емес, көп жағдайда табиғи қазба-байлықтармен тікелей байланысты жағдайда []. Өңдеуші өнеркәсіп елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін болуы үшін экономикасы озық мемлекеттердегі секілді жалпы ішкі өнімдегі үлесі 45-50 % -ға тең болуы қажет, салыстыру үшін елдегі жағдай 2021 жылы 13,6% шамасында болды. Қазақстанның алдында қазіргі саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында жоғары технологиялы өндірісті ілгерілету арқылы шикізаттық экономикадан арылу мақсаты тұр.
Бүгінгі күні еліміздің экспортын төмен технологиялы шикізат өндірісі қамтамасыз етуде. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне қарасақ Қазақстанда жоғарғы және орта технологиялық өнімдер экспортының жалпы экспорттағы үлесі 0,41% құрады [70]. Себебі, елдегі экспорттың 68% шикізат өнімдері болып табылады. Америкалық ғалымдар Хаусман және Идальгоның соңғы зерттеулеріне сәйкес ел қаншалықты күрделі, жоғары технологилық өнімдерді шығарып экспорттаса, ол мемлекеттер соншалықты мықты, дамыған елге айналады.
Осы жұмыс нәтижелеріне сәйкес еліміздіңөңдеуші сала өндірісінде және экспортында жартылай өңделген өнім түрлері жоғары. Елдегі өңдеу саласының төмен технологиялық 41,2%, орташа технологиялық сектор 47,9%, және жоғарғы технологиялық сектор 10,9% ғана болған. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің көрсеткіштерімен салыстырсақ, онда жоғағры технологиялық өндіріс кемі 20%-дан жоғары [].
Соңғы жылдары өңдеу саласы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 3 есеге дейін өсті, яғни, 4,6%-дан 15,8%-ға дейін артқан. Осы жылдың қорытындысында өңдеу саласындағы кәсіпорындардың технологиялық инновацияға салынған қаражаты 611 млрд.теңгеге жетті [].
Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінде инновациялық өнімдердің өнім көлемінің құны 7 есеге дейін өсіп, 930 млрд.теңгені құрады. Инновациялық өнімдердің экспорты да артты, 31,5 млрд теңгеден 161,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Мұндай қарқынды өсу серпіні болғанымен жалпы ішкі өнімдегі үлесінің деңгейі төмен, шамамен 1,5% құрайды [].
Жалпы Қазақстанда инновациялық жаңа өнімдерге шығындардың артуы болғанымен, технологиялық әдіс жағынан әлі күнге төмен дейгейде қалып қойды. Мәселен, технологиялық инновацияларды пайдаланған кәсіпорындардың үлесі Батыс Еуропа елдері Германия, Франция, Ұлыбританияда 35-55% - ға дейін жетеді. Жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форумның көрсеткіштерінде Қазақстан инновациялық әлеует деңгейі бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша 28,6 индекспен 89 орынға жайғасты [71]. Әрине бұл төмен көрсеткіш.

Сурет 9 – Қазақстанның негізгі сауда серіктестері

Ескерпе – [] дереккөзінен алынды


Қазақстанның көптеген сауда серіктестері бар, бірақ негізінен 10-ға жуық елдің маңызы бар. 2021 жылғы мәлімет бойынша 1 млрд. АҚШ долларынан астам экспорттайтын 14 ел және алғаш рет Сингапур еніп отыр. Қазақстандық тауарларды импорттаушылардың алғашқы бестігінің үлесі орта есеппен 55% - ды құрайды. Бұлар Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей және Түркия.


Кесте 12 – Қазақстанның елдер бойынша экспорттың құны, (мың.АҚШ долл.)





Елдер

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Өткен жылға, %

1

ҚХР

4 214,9

5 777,6

6 272,9

7 823,4

9004,0

9 772,5

108,5

2

Италия

7 474,7

8 669,3

11 735,3

8 373,7

6644,7

8 889,1

133,8

3

Ресей

3 509,1

4 515,1

5 162,0

5 602,5

4899,4

7 018,7

143,2

4

Нидерланды

3 255,7

4 748,2

6 189,7

4 393,1

3148,5

4 384,1

139,2

5

Түркия

851,0

1 145,8

1 242,0

2 307,4

2131,5

2 964,6

139,1

6

Өзбекстан

922,5

1 250,3

1 643,3

1 981,5

2133,3

2 776,8

130,1

7

Франция

1 798,1

2 861,1

3 839,3

3 650,3

1858,5

2 394,6

128,8

8

Оң.Корея

223,5

1 128,1

2 975,9

3 079,5

1003,9

1 877,2

187,0

9

Испания

992,2

1 444,3

1 862,4

2 165,9

1215,2

1 633,8

134,4

10

Үндістан

414,6

733,2

954,0

1 572,6

1992,0

1 625,7

81,6

11

Румыния

724,4

925,6

1 497,6

1 731,9

1263,6

1 521,1

120,4

12

Греция

872,8

963,9

1 217,4

1 359,5

1401,7

1 321,5

94,2

13

Сингапур

54,2

86,5

482,6

245

76,8

1 116,2

1453,1

14

Щвейцария

2 687,7

3 100,6

2 880,9

2 669,3

1523,0

1 078,0

70,8

Ескертпе: [72] дереккөз негізіде автормен құрастырылды

Осыған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, кәсіпорындардың өз қаржысының жетіспеушілігі елге шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігін тудырады. Ұлттық экспортты дамыту елдің оң беделімен ұштастыра отырып, елдің халықаралық нарыққа қатысуын кеңейтуге, өндірісті сапалы жақсартуға және мемлекеттермен бәсекеге түсу мүмкіндігінің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар шетелден инвестициялар тартуға да ықпал ететінін атап өткен жөн. Көпжылдық динамикада елдердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Осылайша, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың 92% - дан астамын 10 ел қамтамасыз етті [73]. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі 23,9 млрд. АҚШ дол. құрады — бір жыл бұрынғыға қарағанда 39,7% - ға артық (21 млрд. АҚШ). Соңғы жылдары пандемия уақытын есепке алмағанда инвестициялық ағындар оң динамиканы көрсете бастады (10 сурет).





Сурет 10 – Тікелей шетелдік инвестиция ағыны

Ескертпе – [] дереккөз негізіде автормен құрастырылды


ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2021 жылы еліміздің экономикасына ең көп инвестиция салып отырған ондыққа Нидерланды, АҚШ, Қытай, Швейцари, Ресей, Бельгия, Ұлыбритания, Оітүстік Корея, Түркия және Франция елдері еніп отыр. Ресей (рейтингте 4-ші орын) 2021 жылы Қазақстан экономикасына 1,9 млрд АҚШ долларын инвестициялады. Еуропалық серіктестер (ЕО елдері) 2021 жылы ҚР экономикасына 14,1 млрд АҚШ долларын инвестициялады. (+15,8%). ЕО елдерінің инвестициялары Ұлттық экономика үшін стратегиялық сипатқа ие, өйткені олардың үлесі басым. Дегенмен, Еуропалық Одақ елдерінің жартысына жуығы Қазақстанға инвестициялық ағымдарды қысқартты. Финляндия ҚР-дағы ТШИ-ді бірден 63,3% - ға азайтты, жыл ішіндегі көлем 30,1 млн доллардан 11 млн долларға дейін төмендеді. Бельгия-стратегиялық серіктес-инвестициялық ағындарды едәуір арттырып 1 млрд доллардан асырды. Австрия тіпті ҚР экономикасынан 14 млн АҚШ долл. сомасына капитал алды. тек 3,2 миллион доллар инвестициялады. Бір жыл бұрын австриялық инвесторлар ұлттық экономикаға 86,9 миллион доллар инвестициялады. Жалпы, апндемияға дейін біршама қысқарған инвестиция ағыны 2021 жылы біршама артты.


2020 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік тікелей инвестициялық жобалар арқылы жеті мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. ТШИ-дің негізгі бөлігі Түркістан облысындағы әуежай (206 млн), Ақтау қаласындағы қонақ үй (173 млн), Қарағанды облысында техникалық газ өндіруге (83 млн), Ақтөбе облысында жылыжай салуға (22 млн), Хендэ автомобиль өндірісіне (59 млн) жұмсалды. Салалар бөлінісінде өңдеу өнеркәсібінде – 58%, саудада – 45%, тау-кен өнеркәсібінде – 27%, көлікте 20% салынған. Ал аймақтар бөлінісінде Атырау облысы - 3,6 млрд. доллар (16% өсу), Алматы қаласы - 3 млрд. доллар (27% өсу), Шығыс Қазақстан облысы - 1,3 млрд. доллар (71% өсу) көрсеткен. Инвестор елдер бойынша Нидерланды 3,3 млрд доллар (24,5% өсу), АҚШ - 2,1 млрд доллар (88% өсу), Швейцария - 1,3 млрд доллар (87% өсу), РФ-дан – 704,9 млн доллар (17% өсу), ҚХР-дан – 508,7 млн доллар (63,7% өсу), Бельгиядан – 459,5 млн долларр (4,3% өсу), Түркиядан – 388,7 млн доллар (79,9% өсу), Оңтүстік Кореядан – 233,0 млн доллар (33,1% өсу) құрады [74].
Қорытындылай келе, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің экспорттағы үлесі аз. Дегенмен мемлекет түрлі мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларды қабылдай отырып экспортта өңдеу өнеркәсібі саласының үлесін арттыруға мүдделі. Бұл мақсатқа жетуде шетелдік инвестицияны пайдалану арқылы экономиканы әртараптандыру міндеті тұр. 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты 41 млрд.АҚШ долларына, ал оның ішінде өңдеу саласының экспорттық құнын 30 млрд.АҚШ долларынан жеткізу көзделіп отыр. Егер жоғарыда келтірілген мәселелерді шеше отырып өзінің экспортын әртараптандыра алса Қазақстанның ол мақсатқа жетуге толығымен мүмкіндігі бар деп есептейміз. Оған себеп, ресурстық-материалдық базаның болуы, ғылыми –техникалық базаның жетілдіру мүмкіндігі жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет