3.2 Өңдеу салаларының экспортын әртараптандырудың даму сценариін әзірлеу Өңдеу саласыны экспортының даму сценариін әзірлеу алдын экспортты дамытуды SWOT талдау жүргізіп алған жөн. Бұл өз кезегінде болжам жасауда негізгі мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ескеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан әлемдік трендтердің өзгеруі барысында көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастырып отыр. Шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетті өнім шығара отырып шетелдік нарықтарға бағдарлау, жұмыс істеп тұрған нарықтарда елдік позицияларды сақтау, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау, сондай-ақ өңделген өнім түрлерін одан әрі әртараптандыру мақсатында халықаралық сауда қатынастарын құру көзделіп отыр.