«Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,16 Kb.
#96223
  1   2
Байланысты:
жолдау


Н.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» ел халқына Жолдауында қандай экономикалық және әлеуметтік мәселелер қарастырылды? Мәселелерді атап көрсетіп, сипаттама беру.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық» деген жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады» - деген болатын. Айта өтсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2004 жылғы 19 наурыз «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» деген жолдауын ұсынған болатын. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына жолдаған кезекті бір жолдауы, елдің экономикасына, халқының бәсекеге қабілеттілігіне арналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өте көрегенділікпен алдын ала болжау қабілеттілігімен, өте кемеңгер
саясаткерлігіменде бұрын танымал елбасы еді. Бұл жолғы жолдауыда, сол елдің болашағын дөп басып , ойып орын алуында.
Президенттің елдің экономикасына баса назар аударуы, елдің күн көріс межесін арттыруы, халықтың тұрмыс – тіршілігін, мұқтаждықтан арылтып, бәсекеге қабілетті елдің дамуында, еліміздің экономикасы көтерілмей, саясаты, басқадай жағдайлардың да алға баспайтындығында. Ең алдымен елдің тұрмыс тіршілігінің дамуы.
Елбасы өз жолдауында әр сөзіне дәйектілікпен пікірін айта отырып, салыстырмалы түрде сөз сөйлеуі. Сол жылдардағы көрсеткіштер бойынша экономиканың өсуі зейнетақыны екі жарым есе ( 2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейін), орташа жалақыны 1,6 есе дерлік ( 14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейін) мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін 45 пайызға өсуіне мүмкіндік берген.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте , Каспий және Орталық Азия өңірінде Қазақстанның рөлі мен беделі күшейе түсті, біздің еліміздің әлемнің саяси және экономикалық картасындағы маңызы артып келеді. Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды:
- Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау;
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- Инфрақұрылымды дамытуды ерекше атап өтті.
Осы тұста, бірінші бюрокритизациялау және ырықтандыру бағыты негізінде алға қойылған негізгі мақсаттарына тоқталып өтсем. Жолдаудың бұл бағытында негізі ретінде табиғи монополиялар салалары соның ішінде телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек деп атап көрсеткен болатын. Және де бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс деп нақты айтылған.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет